дауысты өздеріне жориды (Өз қылықтарынан
үрейленеді)» деп әрдайым үрей мен қорқынышта
жүретіндерді сипаттаған.
14
Үміт cәулесі
Медицина саласында Нобель сыйлығының иегері
доктор Алексис Каррель: «Расында қорқынышпен
күресе алмайтын кәсіпкерлер ерте қайтыс бола-
ды» деген екен. Әрбір нәрсе тағдырға байланысты,
бірақ, бұл сөздің мағынасы: адамның тұла бойын
құртып, денсаулығына зиян беретін бірден-бір себеп –
қорқыныш десе дұрыс болады. Қайғы адамның ішіндегі
жараны да қоздыратыны бар. Доктор Джозеф Монтано:
«Күйгелектік мәселелері» атты кітабында: «Адам өзі
ішіп жүрген асына байланысты емес, керісінше, жегідей
жеген уайымынан жараға душар болады» деген. «Лайф»
журналының мәлімдемесіне сай бұл уытты бітеу жара
адамды құртатын аурулардың ішінде оныншы орында
екен.
Доктор Эдуард Бодольскийдің «Қайғыны тастап,
одан да жақсы іске кіріс» атты кітабының бөлімдерінің
тақырыптары мынадай екен:
• Қайғының жүрекке әсері
• Қайғы қан қысымының көтерілуіне себеп
• Қайғы-мұң ревматизм (буын аурулары) ауруын
туғызуға себеп
• Асқазаныңа жаның ашыса, мүлдем қайғырмауға
тырыс
• Қайғыру және қалқан безі
• Қант ауруы мен қайғының байланысы.
Психикалық медицина саласының мамандарының
бірі доктор Карл Манингер өзінің «Адам – өз-өзіне
жау» атты кітабында былай дейді: «біздің денеміз бен
ақылымызды қорқынышпен, қайғымен, өшпенділікпен,
қастықпен және жек көрушілікпен құртамыз» деп таң
қаларлық мағлұмат береді.
15
Үміт cәулесі
Франциядағы Бордо қаласының әкімі Монте бы-
лай дейді: «Мен сендердің мәселелеріңді бауырым мен
өкпем арқылы емес, қолыммен шешуге тырысамын».
Корнель университетіндегі медицина институтының
докторы Расал Сесиль шорбуын (артрит) ауруына
әкеліп соғатын 4 себепті атап өткен. Олар:
1. Отбасының шырқы бұзылуы;
2. Материалдық жағдайдың қиындауы мен қайғы;
3. Жекешелену және қобалжу;
4. Жеккөрушілік пен ыза.
Доктор Уиллиам Марк Гаунгиль Американың сто-
матологтар кеңесінде мынадай мағлұмат айтқан: «Ра-
сында қорқыныш пен қобалжу секілді қайғылы, шерлі
сезімдер денеге кальцийдің таралуына себеп болады.
Ал ол өз кезегінде тістің құруына алып келеді».
Дэйл Карнеги: «Америкалық қара нәсілділер мен
қытайлықтар қобалжудың себебінен болатын жүрек ау-
руларына өте сирек ұшырайды. Себебі олар бастарына
келген әрбір істі тыныш, байсалды түрде қабылдайды»
деген. «Әлемдегі жойқын 5 аурудың нәтижесінен
қайтыс болатын адамдардың санынан америкалық өзін-
өзі өлтірушілер (суицид) саны әлдеқайда көбірек», – деп
қоса кетті. Бұл расында таңқаларлық шындық.Өйткені
болашағына үмітсіз, қайғыға салынған адам өз-өзіне
қол жұмсау, қиыншылықтан шығу жолы деп ойлайды.
Уиллиам Джеймс: «Ақиқатында Алла тағала біздің
қателіктерімізді кешіреді, ал нерв жүйеміз ешқашан
кешіре алмайды» деп Алланың мейірімдігін ойлау
маңызды екендігін айтқан.
Ибн Әл-Уазир «Әл-ауасим уа қауасим» атты
кітабында: « Алланың мейірімділігін тілеу құл үшін үміт
есігін ашады да, оған тағаттана құлшылық етуге күш
16
Үміт cәулесі
береді және нәпіл амалдарды орындауда белсенділік
беріп, ізгі амалдарда жарысуға жігерлендіреді»,– де-
ген. Расында кейбір жандар Алланың мейірімділігін,
кешірімін, оған деген тәубесін, арманын, оған (Аллаға)
жақын болуын, соның жолында ыждағаттануын еске
алу және берік тұруы арқылы түзеледі.
Томас Эдисон: «Адам үшін ойдан қашып барып
тығылатын ешбір құрал жоқ», – деген. Шындығында
бұл тәжірибе расталған. Өйткені адам оқып-жазғанда
міндетті түрде ойланады. Бірақ ойды реттеп, шектейтін
нәрсе – салмақты, пайдалы амалдар, ал бос нәрсемен
айналысатындар қиялшыл, жалған сөйлеушілер болып
келеді.
Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ
болғандықтан, пенденің бойында қате-кемшілік, күнәға
бой алдыру орын алып тұрады. Адам баласы періште
емес. Сүрініп, шалынып жатқан осындай жағдайларда
бойын қайта тіктеп, тіршілігін жалғастырудың
мүмкіндігі жоқ па? Бар, әрине. Ислам діні адамдарға
үміт сыйлайды. Құран аяттары мен пайғамбарымыздың
хадистеріне үңілсек, бұл пікірімізді қуаттайтын
көптеген хабар табамыз.
ُرِفْغَي َ َّللا َّنِإ ِ َّللا ِةَم ْحَّر نِم اوُطَنْقَت َل ْمِهِسُفنَأ ٰىَلَعاوُفَر ْسَأ َنيِذَّلا َيِداَبِع اَيْ لُق
ُمي ِحَّرلا ُروُفَغْلا َوُه ُهَّنِإ اًعيِم َج َبوُنُّذلا
« Мұхаммед, оларға былай де: “Әй, күнә жасау-
Достарыңызбен бөлісу: |