17
Үміт cәулесі
күнәһар пенделердің өзіне
«Әй, құлдарым» деп тіл
қатуда. Үлкен күнә жасағандардың өзіне осылай на-
зар аударса, Алланың басқаларға деген назары қандай
болмақ?! Сонымен қатар оларды мейірімінен үміт
үзбеуге шақырып «
Алланың мейірімінен күдер
үзбеңдер» деп бұйырып тұр. Әрі Өзінің аса мейірімді
әрі кешірімді екенін хабарлап, үлкен-кіші күнәлардың
барлығын кешіретінін айтып сүйіншіледі. Осылайша
Өзінің кемелдік сипат иесі екенін баршаға білдірді.
Сондықтан үмітсіздікке иманды мұсылман емес шай-
тан түсетіні белгілі.
КЕШЕГІ ӨТТІ, ЕРТЕҢ БЕЛГІСІЗ, АЛ
БҮГІНГІҢ СЫЙ
Өткенді ойлап, қайғыға салына беру – ақымақтық.
Бұның бәрі жігеріңді жасыта береді. Өткен нәрсе өтті
де кетті, қанша қайғырғаныңмен ол
қайта айналып
келмейді. Сондықтан өзіңді өткен шақтың шырмауына
шырмалып өмір сүруден құтқар. Өткен шақтың парақ
беттерін қайта ашып ақтару, уақыт жоғалту және текке
шаршау, жабылған жараның аузын ашып қанатумен
бірдей.
Шал ақын: «Өткен қайтып келмейді, алғанын
Құдай бермейді» деп бір ауыз сөзбен ойын керемет
қайырады. Құранда Алла бұрынғы өткен халықтар жай-
лы былай деген: ْتَل َخ ْدَق ٌةَّمُأ َكْلِت
«Міне, солар бір үмбет еді
өтіп кетті...»
1
. Сондықтан да өткен заманға қайта оралу,
өткенді түгендеуден пайда жоқ. Өткенге қайта оралу,
ұнды диірменнен өткізгенмен тең. Бұрынғы заманда
өткенге өкінген адамға: «Өлікті қабірден шығарма» деп
айтылады екен.
1
Бақара» сүресі, 134-аят.
18
Үміт cәулесі
Құранда Алла тағала «Хадид» сүресінің 23-аятында:
ْم ُكَتاَف اَم ىَلَع اْو َسْأَت َل ْي َكِل
«Бұл өткенге өкінбеулерің үшін»
деген. Егер аман-есен таң атырсаң,
кештің батуын
күтпе, жаман болса да, жақсы болса да кешегі күнің өтті
және ертеңгі күнің әлі келген жоқ. Сондықтан күннің
шығуымен жарысып несібеңді тер. Ертең пайда әкелетін
іс-әрекет пен құлшылықтарыңды жасап қал. Тіпті бір
күндік ғұмырыңды сол күні дүниеге келгендей, сол күні
өлетіндей өткіз. Міне, сонда өткен күннің қара түнек
қайғысына жолықпайсың, келешектің қорқынышына
да соқтықпайсың. Намазыңды терең ықыласпен,
Алланың ұлықтығын мойындап, бас иген күйде орын-
да. Құранды терең ойлап оқы, Алланы әрдайым еске ал,
көркем мінезді бол, несібеңе разылық таныт, сыртқы
көрінісіңе де көңіл бөл, елге пайдасы тиетін істермен
шұғылдан. Бір күндік өміріңнің сағаттарын әр минутын
жылдар, секундтарын айлар деп пайымдап, берілген
мүмкіндіктерді қалт жіберме. Неғұрлым мәуелі ағашты
көбірек ексең, соншалықты жақсылыққа кенелесің.
Сол күні күнәң үшін кешірім сұра, Раббыңды есіңе ал,
қайтар күнге дайындық жаса. Жаратқан Иеміз нәсіп
еткен ырыздығыңа, әйел,
бала-шағаңа, баспанаңа,
жұмысыңа, міндетіңе, жеткен жетістігіңе разы бол.
َنيِرِكا َّشلا َنِّم نُكَو َكُتْيَتآ اَم ْذ ُخَف
«..Саған бергендерімді ал
Достарыңызбен бөлісу: