Наурызбай Тағанұлы Алматы, 2013 Үміт сәулесі



Pdf көрінісі
бет3/98
Дата11.05.2023
өлшемі5.14 Mb.
#473542
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98
Үміт сәулесі

Қазақстан мұсылмандары 
діни басқармасының төрағасы, 
Бас мүфти Маямеров Ержан Малғажыұлы


8


9
ИМАН – ӨМІР МӘНІ, БАҚЫТ 
ҚАЙНАРЫ
Иман – өмірдің қиындығын жеңілдетіп, ащысын 
ләззатқа, қорқынышты шаттыққа, қараңғыны жарыққа 
айналдыратын тылсым күш. Айналаға иман көзімен 
қараған жан өмірдегі кез келген оқиғадан ғибрат 
алады. Иман пенденің өмір асуларына шуақ шашып 
нұрландырады. Мысалы, қараңғы орманда кетіп бара 
жатқан адам қорыққаннан қос көрініп, қалайша зәулім 
ағашты құбажыққа ұқсатып үрейленсе, арайлап күн 
шыққанда зәресін алған нәрсенің қорқынышты емес 
екендіктерін көргенде соншалықты көңілі орнына 
түсіп жайланады. Науқастың дертін Алланың сынағы 
деп біліп, басына келгенге налымай сабырлық таныт-
са, хадисте айтылғандай ыстығы көтеріліп денесінің 
қалтырауы арқылы ағашты сілкігенде ондағы қураған 
жапырақтарының самсып төгілгені секілді күналарының 
төгіліп, тазарып жатқанын парықтаса, әрине, 
шағымданып, наразылық танытпайды. Қиындыққа 
тап болған адам сабырлық танытқан жағдайда
Пайғамбарымыздың айтқанындай, оның қарымына 
жәннаттан ерекше сый берілетінін еске алғанда көңілі 
жайланып, жарым көңіліне медет болары сөзсіз. 
Иманмен нұрланған жүрек Жаратқан иенің ең 
көркем есімдерінің тамаша айнасына айналады. Өйткені 
Құрандағы мына бір аятта:
ٍميِوْقَت ِن َس ْحَأ يِف َنا َسنِ ْلا اَنْقَل َخ ْدَقَل 
«Біз адамды ең көркем бейнеде жараттық» 
(«Тин» сүресі, 4-аят) дейді. Иманын шыңдау арқылы 


10
Үміт cәулесі
періштелердің өзін шаң қаптырып кетеді. Ал егер 
жүректе иман оты тұтанбаса, онда бұл теңдессіз өнер 
туындысы бес тиынға татымас нәрсеге айналады. 
Шәкәрім атамыз бұл жайлы:
«Адамның сыртқы дене жаралысы,
Нәпсісі айуанмен анық теңдес.
Бөлектігі жалғыз-ақ таза ақылда,
Әлің келсе, жол тап та, осыны емдес!» – дейді. Яғни, 
философтардың пайымдауындағы «ойланатын хайу-
ан» дәрежесіне түседі. Жоғарыда келтірілген аяттың 
жалғасында: َنيِلِفا َس َلَف ْسَأ ُهاَنْدَدَر َّمُث «Содан кейін оны ең 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет