Наурызбай Тағанұлы Алматы, 2013 Үміт сәулесі


«Иман келтіріп, ізгі іс істеген ер мен әйелдерге



Pdf көрінісі
бет5/98
Дата11.05.2023
өлшемі5.14 Mb.
#473542
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98
Үміт сәулесі

«Иман келтіріп, ізгі іс істеген ер мен әйелдерге 
баянды ғұмыр береміз. Әрі оларға істеген істерінің 
қарымына керемет сый арнаймыз» («Нахыл» сүресі, 
97-аят). 
Бұл жердегі баянды ғұмырдың аясында жүректердің 
орнығып жай табуы, ар-ұждандарының таза болуы
қандай жағдай болмасын салқынқанды болуын, басына 
бір жай түссе жүрегінің тыныш болуын айтады. Осын-
дай дәрежеге жету Алланы раббым деп, Исламды дінім 
деп, Мұхаммедті (с.а.с.) пайғамбарым деп разылық 
танытқан адамның қолынан ғана келеді. 
Жаратылудың ең жоғарғы мақсаты – Аллаға иман 
келтіру. Ал адамның ең жоғарғы дәрежесі Алланы тану. 
Ал жете танығаннан кейін Оны жақсы көру ерекше бір 
ләззат болмақ. Ұлық Жаратқанды танып, жақсы көру 
бүкіл бақыттың, ал оны танымау қасірет пен қайғының 
қайнары. 
ҮМІТ ӨРГЕ ТАРТАДЫ...
Абай атамыз: «шығар есігін таба алмай, уайым-
қайғының ішіне кіріп алып, қамалып қалмақ, ол өзі 


13
Үміт cәулесі
де бір антұрғандық» деп қайғы мұңға түсіп, іссіз, 
әрекетсіз жырақта қалуды, антұрғандық, ақымақтық 
деп сипаттаған. 
Джордж Бернард Шоу былай дейді: «Бақытсыз-
дықтың сыры – өткеніңде бақытты болдың ба, жоқ па 
деп ойлануыңда. Сен ол жайлы ойланбай ісіңе толықтай 
беріл, сол кезде қан айналымың жақсара түсіп, ойың 
жақсы жұмыс істейді де, жаңа өмір тез арада ойыңдағы 
қобалжу сезімін толастатады. Тоқтамай өз ісіңе берілген 
күйде алға жүре бер. Себебі бұл жер бетіндегі ең арзан 
әрі абзал ем». Арабтың кей даналары: «Өмір болмашы 
нәрсеге көңіл бөлу үшін өте қысқа» десе тағы бір ғалым: 
«Өмір – біз оны өшпенділікпен қысқартуымыздан да 
қысқа» – деген.
Америка тарихындағы, бәлкім, ең ұлы үнділік жа-
уынгер болып саналатын капитан Джордж Курк өзінің 
қойын дәптерінің 77-бетінде: «Расында үнділердің 
барлық қобалжуы мен бақытсыздығы сол кездегі 
оқиғадан емес, керісінше қиялдарының себебінен» 
– деген. Шын мәнінде адам көбінесе алдағы қауіп-
қатерді көп ойлап, жүйке жүйесін тоздырып, шаршап, 
қайғырады, алда болатын жақсылықты еш ойламайды. 
Алайда қазіргі жағдайы және бұрын да қаншама қиын 
жағдайлар басынан өткенін ойлап, мұның барлығы бір 
Алланың қолында деп тәуекел ету ең дұрысы. Егер 
пендеде, Аллаға деген сенімі аз болса, әр нәрседен 
қорқу туындай берері сөзсіз. Алла тағала Құранда 
«Мұнафиқун» сүресінің 4-аятында: «...әрбір шыққан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет