Назарбаев Қазақстан халқына кезекті



бет43/60
Дата06.12.2023
өлшемі1.32 Mb.
#485683
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   60
«ЖОО болашақ музыка мұғалімдерінің вокалдық дағдыларын қалыптастыру әдістемесі» оқу құралы (6) (1)

Вокализациялау (итал. Vocalizzazion) - дауысты дыбыстарды әндету.
Вокaлдық мyзыкa – Мyзыкa acпaбының cүйeмeлдeyiмeн нeмece жeкe әншiгe, хоpғa apнaлып жaзылғaн мyзыкaлық шығapмa.
Вокaлдық пeдaгогикa - Aкaдeмиялық – опepaлық, кaмepaлық, хaлықтық үлгiдeгi, эcтpaдaлық әншiлepдi дaйындay пeдaгогикacы.
Гамма - жалпы октава (сегіз дыбыс аралық) аралығында жоғары не төмен орналасқан дыбыстар тізбегін музыка желісінде гамма деп атайды.
Гармония (грек. poly - көп, phone - дыбыс, дауыс) - көпдауыстық құрылым, музыкалық дыбыстардың бүтін тік құрылымды жинағы. Онда музыкалық негіз аккордтардың бір-бірімен байланысқан қозғалысы арқылы құрылады. Гармония үндестіктер мен тональдіктердің заңды байланыстарының негізінде құрылған. Музыкалық құрылым мен өң-ажар өзара тығыз байланысты. Қандай да бір құрылымға мөлшер ретінде оған жақын бір өңнің сипаты сәйкес келеді:

  1. Монофонилік (бірдауыстылық, унисон).

  2. Полифонияландырылған (көпдауыстылық, полифония элементтерімен толықтырылған).

  3. Гомофониялық (негізгі дауыс және оны сүйемелдеуші).

  4. Гомофондық-гармониялық.

  5. Гомофондық-полифониялық.

  6. Аккордтық (көпырғақтық, көпдауыстылық, жекеше түрі - хорал).

Гамма (ағыл. - ең төменгі дыбыс атауы) - жалпы октава аралығында орналасқан дыбыстар тізбегін музыка желісінде гамма деп атайды.
Гармония - дыбыстардың үндестікке бірігуі және үндестіктер тізбегі.
Гимн - салтанатты, шаттық әні. Гимн халықты, Отанды мадақтайды. Әр мемлекеттін Гимні - музыкалық эмблемасы. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының - ҚР Мемлекеттік Әнұраны.
Госпэл – негрлердің діни тақырыптағы бұл ән жанры тек Америкада ғана емес, басқа да көптеген шетелдерде өзінің орындалуы мәнерімен рок музыка-ның қалыптасуына орасан зор ықпал етті. Оны орындаушылар сахнада толығы-мен өзін-өзі ұмытып, ән құдіретіне беріледі, дыбыстау ерекшелігі бельканто стиліне келеді, арасында айқай-ұйқайға, аһылап-үһілеуге де жол беріледі. Ән ырғағы бірнеше рет құбылып, өзгеріп отырады. Госпэлдің тағы бір назар ауда-рар қыры – оны сүйемедеуші аспаптық риффтің бір ырғақта үстін-үстін қайта-лануы және әр қайталанған сайын адамның делебесін қоздыратын түрлі дыбыс ерекшеліктерін тауып қолдану, оның өзіне ғана тән гармониялық айналымдар, әннің сұрақ-жауап негізінде құрылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет