Назарбаев Қазақстан халқына кезекті



бет39/60
Дата06.12.2023
өлшемі1.32 Mb.
#485683
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   60
«ЖОО болашақ музыка мұғалімдерінің вокалдық дағдыларын қалыптастыру әдістемесі» оқу құралы (6) (1)

Әуеннің құрылуы - музыкалық тіл, бұл да кәдімгі әдеби сөйлеу тілі сияқты,
«құрылымдар» деп аталатын үлкенді-кішілі бөлімдерге бөлінеді. Әуендер қашан да өзінің ішкі құрылымы мен нақыштық логикасы арқылы аяқталған белгілі бір түсінікті білдіреді. Ол кезең формасымен де дәл келуі мүмкін, бірақ кейде барынша еркін құрылымы да бола алады (әсіресе халық музыкасында тактыларының саны әр түрлі болып келеді). Бұл жағдайда ол бірінен соң бірі келіп, әуендік шешілімнің бір ғана өрнегі жасайтын фраза қатарларынан
тұрады. Әуенде нақыштық даму қарсыластық қозғалыстар мен қайталау негізінде де жүзеге асады. Дамудың негіздерін атап көрсетейік:

  1. Фразалардың мазмұндық, нақыштық жағының үйлесуінен құрылған қарсыластық қозғалыс негіздері.

  2. Қайталау негізі - ұқсастық. Қайталаудың нақты түрі және өзгерген түрі болуы мүмкін. Өзгерген түрінің ішінен мыналарды ажырата білу керек:

    • әуенге аз ғана өзгерістер кіргізетін, негізінен сырттай әшекейлігін көрсететін, түрлендірілген түрін қайталау;

    • сапалы даму, әннің нұсқаулары сақталғанмен, оның сырт көрінісін өзгертетін нүсқаулық қайталау. Ол кең үнді созылып айтылатын халық әндерінде байқалады:

    • секвенция - басқа биіктікте әуендік және ырғақтық құрылымын сақтай отырып, әуендік айналымды қайталау.

Әуендік өрнек - әуеннің бір орнында,жоғары және төмен қозғалыстарының жиынтығы.
Балалар дауыстарының аппараты - балалар дауыс аппаратының көлемі үлкендерге қарағанда айырмашылығы өте көп. Балалар дауыстарының негізгі қасиеттері: дыбысталуы жұмсақ, сыңғырлаған, фальцеттік және шағын ғана шектелген дыбыс күші. Балалар 2 жасынан бастап айта алады, 7 жасқа дейін фальцеттік орындаушылық, 7-12 жас аралығында дауыс желбезектері қалыптасады. 13 жаста диапазон аралығы (до1-ми-фа2), 12-15 жас аралығында мутациялық кезең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет