Назарбаев Қазақстан халқына кезекті



бет41/60
Дата06.12.2023
өлшемі1.32 Mb.
#485683
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   60
«ЖОО болашақ музыка мұғалімдерінің вокалдық дағдыларын қалыптастыру әдістемесі» оқу құралы (6) (1)

Бемоль - (фр. B moll) белгілі бір дыбысты жарты тонға төмендететін альтерациялық белгі. Белгілеу таңбасы (b), бұл белгі кілт түбіне не жеке дыбыстың алдына қойылады.
Бір дауысты музыкалық құрылым - музыкалық материалды ұйымдастыру негізі. Ол сазгер ойының өлшемін бейнелеумен қатар өзінің сыртқы көрінісін, фактураның түрлі типтерін де көрсетеді, небір тұстағы тарихи кезеңді қамтиды. Музыкалық құрылымдар екі негізгі топқа бөлінеді: бір дауысты және көп дауысты. Ал, көп дауысты құрылым іштей дауыстардың бір-бірімен келісімділігіне және үйлесімділігіне қарай тағы да екі негізгі түрге бөлінеді: полифониялық және гармониялық.
Бірыңғай хор - бейнесі бір дауыстардан құрылған хор ұжымы (балалар, әйелдер, ерлер).
Бит – (ағылшынша beat) тікелей «соғу», «ырғақ», «қағу» деген ұғымды біл- діреді. Оның негізі ырғақтан құралады. Ойнау ерекшелігіне келер болсақ, бит топтарында ырғақ өрнегін негізінен бас гитара мен ритм гитара және соқпалы аспаптар орындайды. Құрамы – үш гитара мен соқпалы аспаптар, кейінірек эле- ктроорган қосылды. Тағы бір ерекшелігі – оның әрбір мүшесі әрі әнші, әрі ас- папта орындаушы болуы тиіс.
Блюз – америкалық негрлердің лирикалық әндері түріне жатады. Музыка зерттеушілері оны ХVІІІ-ХІХ ғасырларда сол өңірде тараған «еңбек өңдері» мен «спиричуэлдің» қосындысынан туындаған деседі. Блюздің тақырыбы – өмір-дің қиындығы, сәтсіздік,жалғыздық, уайым т.б. Формасына келер болсан, әр шумағы 3 сөйлемнее тұрады және ол «сұрақ-жауап» түрінде құрастырылады. Алдыңғы 2 жолдың әуені бірдей болып келеді. Әр жолдан соң қысқа-қысқа ас- паптық партия орындалады. Әні мен аспаптық партияны қосқандай блюздің әр фразасы 4 тактіден тұрады.
Бэк-вокал – қазақша аударғанда «артқы дауыс» деген ұғымды білдіреді. Сахнадағы негізгі әншіні дауыспен сүйемелдеуші қызметін атқаратын әншілер немесе музыканттар тобы.
Вальс - (фр. Walse – жай айналу) - жай, баяу биленетін би. 3/4, 3/8 өлшемде жазылып, орындалады.
Вариация (от лат. variatio - өзгерту) - бір әуенді қайталаған сайын бірнеше түрге салып құбылту, өрнектеп әсерлеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет