Назарбаев Қазақстан халқына кезекті


Кантилена (лат. Cantilena - ән салу)



бет49/60
Дата06.12.2023
өлшемі1.32 Mb.
#485683
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   60
«ЖОО болашақ музыка мұғалімдерінің вокалдық дағдыларын қалыптастыру әдістемесі» оқу құралы (6) (1)

Кантилена (лат. Cantilena - ән салу): 1. Дыбыс жүргізудің негізгі түрі. Әуенді байланыстыра, әндетіп орындау (легато) тәсілінің бірі. 2. Вокалға немесе аспапқа арналған сазды әуен. Кантиленалы вокалдық әуен кез келген ұлттық музыка мәдениетінде өз орнын табуда. 3. Саздылығымен ерекшеленген әуен.
Кантри – АҚШ-тың ақ нәсілді селолық аудандарында тән, дәстүрлі әншілік аспаптың мәдениеті. Оны көптеген Европалық халықтар өкілдерінің фольклорлық музыкаларының жиынтығы десе болады, себебі одан ағылшын халық музыкасының, француздың шансонының, немістің әуендерін т.б. естуге болады.
Камертон (нем. Stimmgabel, англ. tuning fork) - дыбыс биіктігі өзгермейтін, тұрақты асыл темірден (болаттан) жасалған арнайы құрал. Камертон - түрлі аспаптардың және әншілер тобының дауыс биіктігін бір жүйеге келтіру үшін пайдаланылады.
Капелла (итал. Capella): 1. Хор ұжымы орта ғасырларда «капелла» деп шіркеуде қызмет көрсеткен кіші құрамды айтқан. Сондықтан термині «а капелла» болып келген. 2. Ешбір музыкалық аспаптардың сүйемелдеуінсіз орындалып айтылатын топ әншілердің орындауындағы хор.
Кварта-квинталық шеңбер - мажор мен минор тоналдықтарының жүйелі құрылуының жалпы жүйесін кварта-квинталық шеңбер деп атайды. Бұл жүйе графикалық тұрғыдан қарағанда, бір жағынан (әдетте оң жағынан) – жоғарылаушы квинталық қатар бойымен орналасқан диездік тоналдықтар, ал екінші жағынан (сол жағынан) – төмендеуші квинталық қатар бойымен бемольдік тоналдықтар орналасқан тұйық шеңбер (шиыршық сымға ұқсас) сияқты болып көрінуі мүмкін. Төменде келтірілген сызбада мажор мен минордың қолданылатын барлық 30-ға тарта тоналдықтары (7 кілттік таңбаға дейін) көрсетілген.
Квинталық шеңбер дегеніміз бір ладтың барлық тональдіктері таза квинта бойынша ретпен орналасады.


C dur
F- dur G- dur


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет