Назарбаев Қазақстан халқына кезекті



бет59/60
Дата06.12.2023
өлшемі1.32 Mb.
#485683
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
«ЖОО болашақ музыка мұғалімдерінің вокалдық дағдыларын қалыптастыру әдістемесі» оқу құралы (6) (1)

Стиль (stileus) ертедегі грек сөзі, қазақша «қолтаңба», «жазу» деген ұғымды білдіреді. Музыкадағы стиль ұғымына терең ойласақ, ол белгілі бір мазмұнды білдіру үшін қолданылатын мәнерлеу құралдары жүйесі болып табылады. Әдебиеттердегі бұл жайындағы түсініктемелерде «музыкалық шығармалардағы стиль ерекшеліктерінің бірлігі белгілі бір кезеңнің тарихи шарттарына, композитордың көзқарасы мен олардың шығармашылық әдісіне, музыкалық тарихи кезеңнің жалпы заңлықтарына сүйенеді» делінген. Мәселені осы тұрғыдан қарастыру аталған сұрақтын үш бағыттын меңзейді: тарихи, ұлттық, жеке. Е.В. Назайкинскийдің анықтамасында: «стиль – ол белгілі бір туындыдан оны шығарушылар мен орындаушыларды естуге, анықтауға, сезуге мүмкіндік беретін музыканың ерекше қасиеті» -делінеді.
Тартылыс - дыбыстан дыбысқа ауысудың күтілуі. Бір дыбыстан келесі дыбысқа тартылыс негізінде ауысу – шешілу деп аталады.
Такт (лат. tactus - байланыс) - әрбір салмақты үлестердің аралығын бөліп тұратын тік сызықты бөлшек - такт сызығы дейді.
Тактінің көлемі - Музыкалық шығармаларда өлшемдік үлестің ұзақтығына жарты, төрттік, сегіздік (т.с.с.) ноталар алынуы мүмкін. Тактінің мұндағы көлемі өлшемнің көлеміне байланысты. Бұл көрсеткіш ноталық жазуда кілттен
кейін бөлшек (цифр) түрінде жазылады, т.с.с. Жоғарғы цифр – өлшемнің санын көрсетсе, төменгі сан – өлшемдегі әр үлестің ұзақтығын көрсетеді. Кілттің жанында жазылған көлемдік көрсеткіш музыкалық шығарманың басынан аяғына дейін өз мәнін сақтайды. Егер бастапқы көлем шығарма ішінде өзгерсе, сол өзгерген жерден жаңа көлемдік көрсеткіш жазылады.
Тембр (фр. timbre - қоңырау, белгі, ерешелену белгісі) - дыбыстың (обертондық) бояуы - дыбыстың өзіндік ерекшелігі, сазы, бояуы, өзіне тән үні. Тембірлері арқылы әншілердің дауыстарын айырып, анықтауға болады. Дауыстардың ерекше сыры, бояуы.
Темп метрлік үлестердің пульстік жийіліктері немесе жылдамдық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет