Назарбаев Қазақстан халқына кезекті



бет58/60
Дата06.12.2023
өлшемі1.32 Mb.
#485683
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
«ЖОО болашақ музыка мұғалімдерінің вокалдық дағдыларын қалыптастыру әдістемесі» оқу құралы (6) (1)

Рояль (фр. royal - патшалық) аспап - фортепиано аспабының бір түрі. Үні фортепиано үніне қарағанда қомақты, ашық, күшті болып келеді. Рояль - концерттік аспап.
Саз - Орта Азия, Иран, Ауғанстан, Түрік, Дағыстан, т.б. халықтардың шертіп ойнайтын шекті аспабы. Ұйғыр, өзбек халқының дутар аспабына ұқсас.
Секстет - а) 6 адамнан құралған музыкант-орындаушылар; ә) 6 аспапқа арналып жазылған шығарма.
Септет - а) 7 адамнан құрылған музыкант-орындаушылар; ә) 7 аспапқа арналып жазылған шығарма.
Синкопа – ауыр үлестің, алдындағы әлсіз үлеспен бірігіп кетуі.
Симфонизм (симфония сөзінен алынған, грек. συμφωνία - «үндестік») - музыкалық-эстетикалық дәреже, музыкада көркем бейнелеудің әдісі және осы әдіспен анықталатын музыкалық драматургия және ойлау мінездемесі.
Симфония (ежел. грек. συμφωνία - үндестік) - сонаттық айналым түріндегі оркестрге арналған көлемді шығарма. Өзінің классикалық келбетін симфония веналық мектептің өкілдері Й.Гайдн, В.А.Моцарт, Л.Бетховен шығармашылығында қалыптастырды.
Солист (лат. solus бір, тек) - музыкалық шығарманы жеке орындайтын әнші, күйші, қобызшы.
Соло (итал. Solo - бір) - көп дауысты шығарманы орындау үстінде жеке бір аспаптың басқа аспаптардан ерекше бөлініп ойнауы.

Сольфеджио (итал. solfeggio - соль мен фа дыбыс атауларына сәйкес) -


а) музыкалық есту қабілетін арттыру, дамыту үшін өтілетін пән; ә) берілген әннің нотасын атап әндету, айту (сольфеджиолау).
Сопрано (итал. Sorpo - биік үн) – лиpикaлық, дpaмaлық жәнe лиpикa- дpaмaлық болып жiктeлeтiн әйeлдepдiң жiңiшкe дayыcы. Әйелдердің ең биік дауысы, төрт дауысты хордағы жоғары бірінші дауыс партиясы.
Спиричуэл – (ағылшынша spiritual) америкалық негрлердің діни-рухани тақырыптағы әндері, АҚШ афро-америкалық фольклордың негізі жанрлардың бірі. Әуендері құлаққа жағымды, қабылдауға жеңіл және мәнерлі болып келеді, ырғағы синкопаға құрылған. Хормен а capella айтылады (қол шапалағы арқылы белгілі бір ырқақты соғып, би ырғағында қозғала отырып) немесе жеке әнші де (сүйемелмен) орындай береді. Негрлердің госпэл аталатын дін тақырыптағы ән- дерінің бір формасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет