Оpфоэпия (гpeк огfоc - дұpыc, epоэ – cөз).
Параллель тональдіктер - біркелкі келетін мажор мен минордың табиғи түрінде дыбыстар құрамы мен кілттік белгілері.
Партитура (итал. Partitura – бөлу) – көп дауысқа бөлініп жазылған музыкалық шығарманың жеке-жеке дауыстарының жинақталып біріктірілуі.
Хорға, оның ішінде аралас хорға жазылған музыкалық шығармалар 4 ноталық станға жазылады. Музыканың хорға, оның жеке дауыстарына лайықталынып жазылуын, сол сияқты ішекті аспаптар ансамбльдердің және оркестрдің жеке- жеке аспаптарына арналған шығарманың бөлшектеп жазылуын музыкалық үлестеу – партитура деп атайды.
Пауза (грек. Pauses – бөлу) - музыка тілінде белгілі бір ойды не музыкалық бейнелерді бір-бірінен бөліп-жарып айрықша түйсіну үшін немесе көңіл күйін жете аңғарту үшін кейде шығарма арасында кейбір үнді тоқтату қажеттігі туады. Музыкадағы үннің осындай уақытша кілт үзілуін (көп дауыста музыкалық шығармалардың кейде жеке дауыстар, кейде бір уақытта барлық дауыстарындағы үзіліс) пауза деп атайды. Паузалардың ұзақтығы нотаның ұзақтығына сәйкес (бүтін, жарты, төрттік, сегіздік үзіліс, т.б.).
Пианино (итал. pianino - кіші фортепиано) - күйсандық - фортепиано аспабының бір түрі.
Пиано (итал. Piano – ақырын, жай) пиано - жай, ақырын, бәсең. Пиано таңбасы «р» әріпімен белгілінеді.
Полифония (грек. Poli-phone - көп дауыс) - көпдауысты шығарма деген ұғымды білдіреді. Әр дауысы өз алдына жеке әндер болып тұтасып бір мағына береді.
Попурри (фр. pot-pourri) - бірнеше халық әндерінен не әр түрлі музыкалық шығармалардан құрастырылып жазылған, орындалатын шығарма.
Поп-музыка – (ағыл. popular music - жалпыға бірдей түсінікті деген мағынаны білдіреді). Қазіргі кезде жалпы коммерциялық, көпшіліктін сүйіп тыңдайтын, олардың қабылдауына жеңіл, түсінікті, өздері де орындай алатын, заман талабына сай күнделікті туындап жатқан әндер деген ұғымға келеді. Поп- музыканың кең тарауына бірден-бір себепкер болған – дыбыс жазу, радио, телевидение, кино дәуірінің жалпылай өркендеуі болды.
Период - аяқталған музыкалық ойды білдіретін ең кішкентай гомофонды қалып. Екі бөлімнен тұрады: біреуі каданспен аяқталса, екіншісі, әдетте, тоникамен аяқталады.
Регистр - музыкалық дыбыстардың жуан, жіңішке, дауысты болып бөлінуі. Фортепиано аспабында үш регистр болады: жуан, орташа, биік (жіңішке), аккардеон аспабында дауысты өзгерту үшін орналастырылған жанама тілшілерді де регистр деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |