Әдебиеттер:
Тимофеев Л.И. Основы теории литературы. - Москва: Просвещение, 1966. стр. 382.
Нұртазин Т. Жазушы және өмір. -Алматы,1960. 200-201 б.б.
Қабдолов 3. Сөз өнері. - Алматы: Санат, 2000.
4.Әдебиеттану терминдер создігі. - Алматы: Ана тілі, 2000
№10 практикалық сабақ тақырыбы: Көркем бейне және оның жасалу жолдары
Сабақ мақсаты: Көркем бейне және оның жасалу жолдары, образ жасаудағы әдіс- тәсілдер турасында мағлұмат беру.
Бақылау сұрақтары:
1.Көркем шығармада қандай мінездеу түрін қолданған ұтымды? Шағын эпикалық тектің түрі бойынша жұмыс жасап, өз тәжірибеңізде тура немесе жанама мінездеуді пайдаланып, досыңыздың характері, көзқарасы жөнінде жазып көріңіз. *
2.Мінездеудің қай түрі реалисттік өнерге тән?
3.Мәтінде кейіпкердің көңіл-күйі қандай суреттеу тәсілімен берілгенін анықта: "Ой, дүние-ай! Тым болмаса, жасаған осындай бір жалбыр шашты қимады ғой ! Дүниеде баладан қызық, баладан тәтті не бар дейсің ! Қуарған қу бас өмір-бейне жапырақсыз ағаш. Онда не көрік, не сән бар? Баласы болса, Ұрқия да осындай кемзал тігіп, кигізбес пе еді? О да тана-моншаққа омырауын саусылдатпас па еді! Ой, бала шіркін-ай! Неден ыстық болды екен...":
4.Мәтінде суреттеу тәсілінің қай түрі қолданылған: "Инеліктей қатқан қара кісі ақ отаудан шыға келді де, алақ-жұлақ қарап кішкене тұрып, ұмтыла басып жерошақ басына барды. Жерошақ басында бір әйел отты түрткілеп отыр, екі беті ісік секілденіп баржиған, денесінің бәрін май басып, үстіндеғі киімі сөгіліп кететіндей боп тырсылдап тұр.
5.Мәтінде мінездеу тәсілінің қай түрі қолданылған: „Салтанаттың жиған жүгі қандай? Ұстаған үйі қандай? Жайнап тұрған бір сарай! Не кием, не ішем деп әуре болмайды. Сүтті пісірер алдында жалпақ табақтарға құйса, қаймағы да көп түсетінін біліп алған. Ел бір жазда екі-үш сиырдан бір-екі қарын майды әрең жиса, бұл жалғыз сиырдың өзінен төрт- бес қарын май алып, өзі де қарық болып, қалғанын сатып дүние жиып отырғанын көресің. Бір сабақ жібі далаға кетпейді ғой. “
6.Мәтінде мінездеу тәсілінің қай түрі қолданылған: „Сұңғақ бойлы. Жүзі жылы, тартымды. Қыр мұрынды, қой көзді. Жігіттің сұлтаны дерсің. Той томалақ, жиылған жұрттың сэні. Өзімен тілдесіп, ой бөліскен адам „дүниеде ең қымбат нәрсе - адам“ деген қағиданың жай айтылмағанын сезініп, осы қағидаға сенімі нық орнайды. Біреуге жалпақтап жағайын демейді, шертиіп менсінбей де тұрмайды. Жайдары мінезді нағыз жайсаң жан. Жас шамасына қарамастан, парасатты. Алуан түрлі мінездерді де көрген шығар. Пайымдауы сұмдық. Нығырлап өз қөзқарасын таңбайды. Өзі де сөйлейді. Сені де сөйлетеді. Тыңдай да, сөйлей де біледі. Қызықты жан.
Блиц тест
<циез1:іоп> Жеке біреуді мінеп, мысқылдайтын өлең түрі қалай аталады?
<үагіап1> эпиграмма <уагіап1> эпилог
<үагіап1:> новелла
Достарыңызбен бөлісу: |