Мұғалімнің өзінің сыртқы түріне, киім киісіне ұқыпты қарауы.
Оқушылардың қимыл-әрекеттерін ұйымдастыру әдістері. Оқу барысын басқару қызметін орындай отырып, мұғалім оқушылардың сабаққа белсенді қатысуына, жаттығу техникасын дұрыс үйренуіне барлық жағдай жасауы керек. Осы мақсатпен әр түрлі оқу жұмыстарын ұйымдастыру әдістері қолданылады. Олар: топтық, даралық, айналмалы, фронтальдық әдістер болып бөлінеді. Әрбір әдістің өзіне тән әр түрлі үйлестіре қолданылатын жолдары болады.
Фронтальдық әдіс. Бұл әдіс кезінде жаттығушылардың бәрі бір мезгілде, бір тапсырманы орындайды. Оқушыларды жаңа оқу материалдарымен таныстырғанда, сақтандыру мен көмекті керек етпейтін қарапайым жаттығуларды үйренгенде, жақсы меңгерген қозғалысты жетілдіргенде осы әдіс қолданылады. Оқушыға қимыл-әрекетті көп орындату, сабақ тығыздығын жоғарылата алу мүмкіншілігі фронтальдық әдістің құндылығын арттырады. Фронтальдық әдістің негізгі нұсқалары: жаттығулардың тапсырманы бір уақытта бәрінің бірге орындауы, жаттығуларды кезектесе орындауы, жаттығуларды толассыз және ауысумен орындауы:
- бір уақытта орындау кезінде барлық оқушылар бір жаттығуды санақ бойынша, музыка сүйемелдеуімен орындайды;
- дене тәрбиесі жаттығуларын кезектесіп орындауда екіден, үштен өзара көмектесе, өзара сақтандыра, өзара бағалау түрінде орындалады. Құрал-жабдықтар, снарядтар бар кезде бұл түрлерде жаттығулар жасау өте тиімді болып табылады;
- жаттығуларды толассыз орындау кезінде алдыңғы оқушы жаттығуды аяқтамай, келесі оқушы жаттығуды бастап жібереді (мысалы, алдыға аунап түсуді үйренгендегі толассыз орындаулар);
- ауысымды жолмен жаттыққанда барлық оқушылар бірнеше ауысымға 4-6-дан, одан да көп оқушыдан бөлініп, бір жаттығуды кезекпен орындайды. Сабақ өткізу орнына, қолда бар снарядтар, құрал-жабдықтарға байланысты қолданылады.
Күрделі жаттығуларды тереңдете үйренгенде топтық әдіс қолданылады. Бұл кезде барлық жаттығушылар жынысына, дене дайындығы деңгейіне байланысты бірнеше ұсақ топтарға бөлінеді. Әрбір топ мұғалімнің бақылауымен түрліше тапсырмаларды орындайды. Сабақ кезінде топтардың тапсырмалары, жаттығу орындары ауысуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |