33
8. Жазық тік бұрышты координаталар жүйесі
Жазық тікбұрышты координаттар жүйесі –
жазықтықта
нүктенің орнын аныктайтын координаттар осіне катысты сызыктык
шама. Топографияда жазық тікбұрышты координаттар жүйесі мына
ретпен салынады:
Жер шарының беті алты градустық аймақтар бойынша
жазықтыққа жазылады.
Олардың есебі Гринвич меридианынан
шығысқа қарай бірден
алпысқа дейін жүргізіледі.
Абсцисс осі X (тік осі) – әрбір аймақта остік меридианның
бейнесі, ал ордината осі У (көлденең осі) – экватор бейнесі ретінде
кабылданады.
Олардың қиылысу координатының басы О.
1,2-сурет. Жазық тікбұрышты координаттар жүйесі
34
1942 жылғы координаттар жүйесі бойынша солтүстік
жарты
шарда барлық X абсцисстері оң шама, ал У ординатасы – оң және
теріс шама, орбір аймақтағы У ордината шамасы остік меридианымен
500 км/км тең деп кабылданды. Әрбір
аймақта вертикаль және
горизонталь сызықтарға өзара перпендикуляр тор салынады, олардың
алғашқысы X осіне, екіншісі У осіне параллель. Бұл тор тікбұрышты
координаттық тор деп аталады. Картада ол шаршылар жүйесін
көрсетеді. Оны сондай-ақ километрлік деп атайды, өйткені, сызықтар
километрдің тұтастай саны арқылы жүргізіледі. Километрлік тор
салынған алты градустық аймақ бөлімдерге бөлінеді. Олар картаның
жеке парақтарын көрсетеді.
Картаның әрбір парағы барлық, аймақ
үшін бірдей, координаттық торлар бөлімдерімен жабылған. Жақтау
сыртындағы шетке километрлік тор
сызықтарында абсцисс және
ордината шамалары жазылады. Жақтау бұрыштарына таяу координат
сызықтары толығымен, ал қалғандары қысқартылып (сонғы екі саны)
жазылады. Километрлік тор карта бойынша нүктелердін координатын
анықтауға және белгілі координаттар бойынша картаға объектілерді
салуға, дирекциялық бұрыштарды өлшеуге,
сондай-ақ объектілерді
көрсету немесе табу үшін колданылады. Сонымен бірге, тор көз
мөлшерімен кашықты және ауданды бағалауға көмектеседі.
Жазық тікбұрышты координаталар жазықтықтағы координаталар
осіне қатысты нүктенің орнын
анықтайтын сызықтық шаманы
білдіреді.
Топографияда жазық тікбұрышты координаталар жүйесі
төмендегідей түрде салынады. Жер шарының беті алты градустық
аймақтар бойынша жазықтыққа жазылады. Олардың есебі Гринвич
меридианынан шығысқа қарай бірден алпысқа дейін жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: