Не топография негіздері



Pdf көрінісі
бет52/94
Дата09.12.2022
өлшемі5.58 Mb.
#466931
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   94
7261 (1)

 
 
1-сурет. Бұрмаланудың ұлғаюы 
 
Бақылау сұрақтары: 
Картографиялық бұрмалану дегеніміз не? 
Бұрмалануға тән анықтамаларды атаңыз. 
Картографиялық салындылар дегеніміз не және оның түрлерін 
атаңыз. Салындылардың басты міндеттері қандай? 
Картадағы бұрмалануларды анықтаудың қарапайым тәсілдері 
қандай? 
18. Картографиялық проекциялар 
Картографиялық проекция, картографиялық кескін – Жер 
эллипсоидының (шардың) немесе планетаның бетін математикалық 
тәсілдер арқылы жазықтықта бейнелеу. 
Картографиялық проекция теориясының дамуы 
Картографиялық проекция теориясының дамуы геодезияның, 
астрономияның, географияның, математиканың дамуымен тығыз 
байланысты. Оның ғылыми негізі Ежелгі Грекияда (біздің заманымыздан 
бұрын – I ғасыр) жасалды. Ең көне Картографиялық проекция – 
жұлдыздар картасын жасауға қолданылған милеттік Фалестің гномондық 
проекциясы. Картографиялық проекция біздің заманымыздан бұрын 
III ғасырда Гиппархтың, Птолемейдің, б.з. XVI ғасырында 
Г. Меркатордың, XVII – XVIII ғасырларда Р.Бонның, Д.Кассинидің, 
И. Ламберттің, Л. Эйлердің, Ж. Лагранждың XIX ғасырда К. Гаусстың, 
А. Тиссоның 
еңбектерінде 
дамыды. 
КСРО 
картографтары 


81 
В.В. Каврайский, Н.А. Урмаев, тағы басқа еңбектері теорияны одан 
әрі жетілдірді. 
Меридиандар мен параллельдердің кескінделуі жағынан 
жіктелімдеу – Картографиялық проекциялардың тарихи дамуының 
нәтижесі. Цилиндрлік проекциялар – меридиандары тең қашықтықпен 
өтетін параллель түзу сызықтармен, параллельдері меридиандарға 
перпендикуль түзу сызықтармен кескінделетін проекциялар. Бұлар 
экватордың не белгілі бір пареллельдің бойындағы ауданды 
бейнелеуге қолайлы. Теңіз қатынасы карталарын сызуға Меркатордың 
тең бұрышты цилиндрлік проекциясы қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет