1.2. Тәжірибелік бөлім
Судың органолептикалық қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштерді (температура, мөлдірлік, түсі, шөгінді, пленка, иісі, дәмі) анықтау
Органолептикалық қасиеттер адамның оларды айқындау қабілетіне қарай анықталады. Бұлар – судың иісі, дәмі, түсі, мөлдірлігі, лайлылығы, температура, қоспалар (пленка, су организмдері).
Температура
Су сынамасын алғаннан кейін бірден немесе суқойманың өзінде анықтайды, ол үшін (цена деления 0,10С) термометр қолданылады. Термометрді суда 5 минуттан кем ұстамайды.
Мөлдірлік
Мөлдірлік дәрежесі сұйықтық бағанасының см-мен өлшенген биіктігімен анықталады, осы бағана арқылы арнайы шрифт айқын көрінуі шарт. Ауыз су ретінде пайдаланылатын судың мөлдірлігі 30 см-ден кем болмауы тиіс. Өзен суларының (тау суынан басқа) мөлдірлігі 25 см-ден кем болмауы керек. Табиғи сулардың мөлдірлігі азайған сайын олардың ластануы жоғарылайды деген тұжырымға келеді.
Қажет құрал-жабдықтар
Жалпақ табанды цилиндр; 2) әріптерінің биіктігі 2 мм-ге тең шрифт, әріптердің жуандығы – 0,5 мм; 3) линейка.
Материалдар: суқоймадан алынған су немесе ластанған су.
Жұмысты жүргізу барысы
Анализге дайындалған суды цилиндрге құяды, оның астына 4 см қашықтықта шрифтті орналастырады. Шрифт бірден анық көрінбесе, суды төге бастайды (басқа ыдысқа құйып алуға болады), осылай байқап отырып, суды шрифт анық көрінгенге дейін азайтады. Шрифт анық көрінген кезде қалған судың биіктігін линейкамен өлшейді. Анықтауды жарық кезде (күндіз) жарық түсетін терезеден 1 м қашықтықта жүргізеді.
Шөгінділер (тұнбалар)
Бутылкадағы суды шайқап, цилиндрге құяды, судың бағанасының биіктігі шамамен 30 см-ге тең болуы тиіс, осыдан кейін цилиндрді 1 сағатқа қояды (егер сынама ашық суқоймадан алынса) немесе 1 тәулікке қояды (егер сынама жер асты суларынан алынса). Тұнбаны (шөгіндіні) сандық түрде бағалайды (жоқ, аз, байқалатын, көп) және сапалық түрде (құмды, балшықты, ил тәріздес, кристалдық, жапалақ). Тұнбаның түсін сипаттайды. Тұнбаның мөлшері көп болса, су ластанған деп тұжырым жасайды.
Судың түсі
Бұл гуминдік заттардың қатысуымен қамтамасыз етілетін табиғи қасиет. Гуминдік заттардың қатысуының нәтижесінде судың түсі сарғыш түстен қоңыр түске дейін өзгереді. Гуминдік заттар топырақтағы органикалық заттар ыдырағанда түзіледі, олар топырақтан шайылып, ашық суқоймаларға келіп түседі. Сол себептен ашық суқоймалардың түсі өзгеріп тұрады және су тасқындары кезеңінде су түсінің өзгеруі қарқынды түрде жүреді. Судың түсі градуспен өлшенеді. Егер судың түсі 200С-қа тең болса, су түссіз деп есептеледі. Осындай суды түссіздендірмей, тұтынушыға жіберуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |