Судың иісі
Судың иісі ұпаймен (балл) бағаланады. Егер судың иісінің ұпайы (балы) 2-ден аспаса, судың иісі жоқ деп есептеледі.
Қажетті құрал-жабдықтар
Тығыздалып (притертая пробка) жабылатын тығыны бар колба; 2) Көлемі 200 мл-ге тең конус тәріздес колба; 3) сағаттық шыны (часовое стекло); 4) электр плитка, термометр.
Жұмысты орындау барысы
Тығыздалып (притертая пробка) жабылатын тығыны бар колбаның 2/3 көлемін зерттеуге арналған сумен толтырады, жақсылап шайқайды, тығынды ашып, суды иіскейді. Судың иісі айқындау шығу үшін суды қыздырады. Көлемі 200 мл-ге тең конус тәріздес колбаның ½ көлемін зерттеуге арналған сумен толтырады, сағаттық шынымен жауып, 600С-қа дейін қыздырады. Осыдан кейін колбаны айналдыра отырып, шайқайды да, шыныны жылжытып, суды иіскейді.
Иістің қарқындылығын 5-ұпайлық шкаламен бағалайды:
0 – иіс білінбейді; 1 – тек өте тәжірибелі маман анықтай алады; 2 – әлсіз иіс, тек иіс бар деген нұсқау болса, анықтауға болады; 3 – білінетін иіс, тұтынушы анықтай алады және ол наразылық білдіреді; 4 – анық білінетін иіс, кез келген адам сезеді, бұл суды ауыз су ретінде пайдалануға болмайды; 5 – өте айқын білінетін күшті иіс, бұл суды мүлде пайдалануға болмайды.
Судың табиғи иістерін кестедегі терминологияға сүйене отырып сипаттайды.
Символ
|
Иістің сипаты
|
А
|
Хош иісті (ароматный)
|
Б
|
Батпақтық (болотный)
|
Г
|
Шіріген заттың иісі (гнилостный)
|
Д
|
Ағаштың иісі (древесный)
|
З
|
Топырақ иісі (землистый)
|
П
|
Көгерген иіс (плесневый)
|
Р
|
Балық иісі (рыбный)
|
С
|
Күкіртсутектік иіс (сероводородный)
|
Т
|
Шөптің иісі (травянистый)
|
Н
|
Белгісіз иіс (неизвестный)
|
Табиғи таза суларда ешқандай иіс болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |