Негіздері


Судың рН-ын анықтау (определение активной реакции рН)



бет6/40
Дата26.09.2023
өлшемі323.49 Kb.
#478675
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
treatise4938

2.1. Судың рН-ын анықтау (определение активной реакции рН)
Табиғи сулардың көпшілігінде рН= 6,5 – 8,5 аралығында болады, оның мәні бос күйіндегі көміртек диоксидінің концентрациясына және бикарбонат-иондарының концентрациясына тәуелді рН-тың төмен мәндері қышқылды батпақтық суларға тән. Жаз айларында, фотосинтез қарқынды жүретін кезде рН мәні 9,0-ге дейін көтеріледі. рН мәніне карбонаттардың, гидроксидтердің, гидролизге ұшырауға қабілетті тұздардың, гуминдік заттардың әсері тиеді. Бұл көрсеткіш (рН) ашық суқоймалардың қышқылды және сілтілі ағызынды сулармен ластануының көрсеткіші болып табылады.
Суда жүретін химиялық және биологиялық процестердің нәтижесінде және көмір қышқылының азаюына байланысты рН тез арада өзгереді, сол себептен рН-ты су сынамасын алғаннан кейін бірден анықтау қажет.
рН-ты анықтау үшін арнайы реактивтер қолданылады индикаторлар, сонымен қатар рН-метрлер. Универсалды индикаторлық қағазбен рН-ты анықтау дәлдігі 0,2-0,3. Түсі анық байқалатын сулардың рН-ын индикаторлармен анықтауға болмайды.
Судың рН-ын электрометриялық (потенциометриялық) әдіспен анықтаудың дәлдігі жоғары (0,02-ге дейін), бұл әдіспен кез-келген (түсі анық байқалатын, лай, тұзды) судың рН-ын анықтауға болады.
Потенциометриялық әдіс электродтың шыны мембранасының сыртқы беті және зерттеуге арналған сұйықтықтың арасындағы шекарада пайда болған потенциалдар айырмасын өлшеуге, сонымен қатар мембрананың ішкі беті және стандартты ерітіндінің арасында пайда болған потенциалдар айырмасын өлшеуге негізделген. Шыны электродтың ішіндегі стандартты ерітіндісіндегі сутек иондарының концентрациясы тұрақты болады, сол себептен мембрананың ішкі бетіндегі потенциал өзгермейді. Өлшенетін потенциалдар айырмасы электродтың шыны мембранасының сыртқы беті және зерттеуге арналған сұйықтықтың арасындағы потенциал болып табылады. рН 1 бірлікке өзгергенде электродтың потенциалы 58,1 мв-ке өзгереді (200С). Электрод потенциалының рН-қа сызықтық тәуелділігінің шегі шыны электродтың қасиеттеріне байланысты. Анықтаудың нәтижесі судың түсіне, лайлылығына, қалқымалы бөлшектердің, бос хлордың, тотықтырғыштардың және тотықсыздандырғыштардың болуына, тұздардың концентрациясының жоғары болуына тәуелді емес. Температураның әсері қондырғы құрылымына орналастырылған арнайы құралмен жойылады.
рН-ты өлшеу үшін әртүрлі маркалы потенциометрлер (рН-метрлер) қолданылады. Бұл қондырғылардың шыны электродтары буферлі ерітінділермен калибрленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет