Некеден кейін әйел бақыты


Сізге практика болсын деп тапсырма айтайын



Pdf көрінісі
бет74/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   135
Некеден кейін

Сізге практика болсын деп тапсырма айтайын: 
Сыртқа шыққанда кемінде 1 адаммен танысып, оның 
жұмыс істейтін саласы бойынша кішігірім ақпарат 
біліп, үйге бірақ оралыңыз. Салонға барсаңыз, 
салондағы жұмыс істеп жатқан жандармен танысып, 
тілдесіп, «ішкі кухняны» сұрастырып, жаңа ілім 
алыңыз. 
Тағы да қалай көтеруге болады?
 
Рухани жағын дінге жақын болу арқылы көтеруге 
болады. Көпшілік қыз-келіншектің жазуы: «Менің 
ішкі дүнием мазасыз болып жүр. Түнім тыныш емес, күнім 
тыныш емес, үнемі бірдеңені уайымдап жүремін, ертеңгі 
күнім не болмақ, балаларым қалай өседі» - деген 
уайымдар. Бұл неден? Рухани азықтың жоқтығынан. 
Рухани азық Құран оқудан, Алла Тағалаға жақын болудан, 
тахаджуд намаздан, намазда дұға тілеуден жиналады. 
Рухани самооценка жаман ойлардың көп болуынан да 
төмендейді. Қорқынышты ойлар, негативті ойлар, Аллаға 
тәуекел ете алмау. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
153 
Жаман ойларды басқару 
 
Менде жаман ойлар көп болған. Аспанға ұшып бара 
жатқан ұшаққа қарасам, қазір құлап кететіндей ой болады. 
Немесе саябақта аттракциондарда отырғанда "қазір бір 
жері дұрыс емес болып қалып, ұшып кетсе ше?". Сондай 
бір негативті ойлар болуы мүмкін. Не үшін? Себебі, біздің 
миымыздың іші пысады. Ми жақсы нәрсемен қоректенгісі 
келеді. Егер бізге сырттан позитивті жақсы энергиялар 
келмесе, оттегі жетіспейтіндей жаман ойларды көп ойлап 
кетеміз. Оны шешуге болады. Біріншіден, негативті ой- ол 
шайтани ойлар екенін түсіну керек. Шайтан біздің 
құлағымызға жаман ойларды сындырып кетеді. Ал біз оны 
әрі қарай алып кетеміз. Күйеуімізбен ұрсысып қалған кезде 
де, өткен-кеткен қателіктерін еске алып, бүкіл 
жақсылықтарын ұмытып кетеміз де, тек қана миымызда 
жиналып қалған негативті естеліктерді еске аламыз.
Егер біздің аузымызда зікір болмаса, Алланы сирек 
еске алатын болсақ, ішкі рухани қорегіміз жетпей жатса, 
осындай жаман ойлар бізде көп болады. Рухани азығымыз 
мол болса, ұрсысып қалған кезде де жақсы ой ойлай 
аламыз. Адамның уақыты көп болса, жаман ойлары 
көбееді. Себебі, басқа ойлайтын нәрсеміз жоқ. Көшеде 
кетіп бара жатқанда жаман ойға жол бермеу үшін, сіз осы 
айналаңыздағы табиғатты, ғимараттарды, Алланың 
Құдіреті жайлы ойлап кетсеңіз, ондай жаман ойлар бірден 
кетіп қалады. Мен, мысалы, далада отырған кезде күз бен 
көктемнің келетіні жайлы ойлағым келеді. Себебі, сол 
мезгілдер жапырақтардың түстері өзгереді. Жел кезінде 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
154 
түседі, жел болмаса тұрады. Жазда жасыл, күзде бір 
жапырақ әртүрлі түске боялады. Бұл да Алланың құдіреті. 
Гүлдердің дәндеріне қараңызшы, барлығының түрлері 
бірдей. Бірақ өскеннен кейін біреуінен түймедақ, біреуінен 
раушан, біреуінен қызанақ, картоп неше түрлісі өседі. 
Алланың Құдіреті мықты, иә? Осындай сияқты нәрселерді 
ойлайтын болсақ, жаман нәрсеге біздің ойымыз ауып 
кетпейді. Біздің миымыздың іші пыспайтын болады. Егер 
сіздің сөзіңізде "анау арықтап кетіпті, анау толып кетіпті, 
ол үйіне ремонт жасапты" деген сияқты сөздер болатын 
болса, бұл сөзден басқа сөздер миыңызға келмесе, онда 
сіздің рухани азығыңыз азайған. Сіздің миыңыз құлдырап, 
төмендеп жатыр. Оны дамыту керек, іздену керек. Біреу 
сізге "қалай ойлайсың, мына жапырақтардың түсі қалай 
жасылға боялады?"-деп сұрақ қойса, сіз жауабын білесіз. 
Себебі, сіз өзіңізге бұл сұрақты бір жыл бұрын қойып, 
өзіңіздің іліміңіз үшін жауабын тауып қойғансыз. Міне, 
осындай сұрақтар мен жауаптар миыңызда болса, сіздің 
жаман ойларыңыз бірден кетіп қалады. Сізге ешнәрсе 
ішпыстырарлықтай болмайды. Осы дүниенің әр шаңын, әр 
тозаңын, әр ағашы мен тасын Аллаһ өзі жаратты. 
Бастамасы Жаратушы Алладан, демек сіз жаратылған 
дүниелерге қарап өзіңізге сұрақтар қойсаңыз, жауабын 
Алладан табасыз, Аллаһ жайлы ойлана бастайсыз. Ал 
Аллаһ жайлы ойланатын адамның қорқынышты ойлары 
болмайды.
Ішкі жан дүние самооценкасын жаптық. 
2. Сыртқы келбеттің самооценкасы. Егер сырт 
келбетіміз өзімізге ұнамаса, бұл самооценканы бірден 
төмендетіп жібереді.


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
155 
«Бетім безеу-безеу» 
«Бетімнің түсі реңсіз»
«Шашым сынғыш» 
«Тырнақтарым үнемі өспейді, сынып қала береді» 
«Толықпын» деген сынды өзіңізге критикаларыңыз. 
Самооценканың жоғарылығы ол өз-өзіңмен 
жұмыс істеуден басталады. Құр сөзбен, 
аффирмациямен көтеріліп кетпейді. Өз-өзіңізді 
толықтай қабылдап, көңіліңіз толғанда ғана 
өзіңізді 
жақсы 
көресіз, 
самооценкаңыз 
көтеріледі. Сіз өзіңіздің безеуіңізді жақсы 
көремін деп айтсаңыз да, айнаға қараған сайын 
безеуіңіз көзге түсіп, бәрібір көңіліңіз түседі. 
Сондықтан өзгертуге болатын, көңіліңізге толмайтын 
келбетті тек критикаға сала бермей, өзгерту үшін амал етіп 
бастаңыз. 
Келбетіңізге, 
денеңізге 
уақыт 
бөлу-
самооценканы көтерудің бірден бір тәсілі. Себебі өзіңе 
арналған уақыт міндетті түрде өзіңе деген қамқорлықпен 
теңеседі. 
Тырнақтарыңыз ұнамаса, күнде тұзды суға салып 
тұрыңыз, йод жағыңыз, Е, А витаминін, кальций ішіңіз. 
Гормоныңызды, витаминдеріңізді дәрігермен бірге 
тексеріп алыңыз. Өзіңіздің денсаулығыңызға қараңыз. 
«Үнемі ауырамын да жүремін», - деп шағым айтып, 
жыламсырап жүргенше, денсаулығыңызды қолыңызға 
алыңыз.
Бет теріңіз ұнамай ма? Е витаминін міндетті түрде 
ішіңіз, сутегі тотығымен сүртіп тұрыңыз, крем, маскалар 
жағыңыз. Әртүрлі бьюти-видеолар қараңыз. Өзіңізге ұнау 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
156 
үшін кішігірім боянып тұрыңыз. Егер өзіңіздің сырт 
кейпіңізде кемшілік болса, оны түзетуге мүмкіндік болса, 
құр сөзбен емес іспен өзгертуге тырысыңыз. Салмағыңыз 
ұнамаса диетаға отырыңыз. Әр килограмм тастаған сайын, 
самооценкаңыз өседі, себебі алдыңызға мақсат қойып, сол 
мақсатқа бірте-бірте жетіп жатырсыз. 
Ағылшын тілін оқимын деп мақсат қойдыңыз ба, 
күніне 2-3 сөзден жаттап тұрыңыз. Әр күн сайын, алдыға 
қойған мақсаттарға жеткен сайын сіздің самооценкаңыз 
өсетін болады. Себебі сіз өз-өзіңізбен жұмыс істеп 
жатырсыз.
«Үй жинадым, күйеуіме тамақ істеп қойдым» - деген 
сөздер әр адамның істейтін нәрсесі. Бұл сылтау. Уақытым 
жоқ деген - сылтау.
Сонымен сыртқы келбет тазалықтан басталады. Егер 
аяғыңызды үнемі кешке жуып, бетіңізге күнде таңертең 
және кешке 5-10 минут уақытыңызды бөліп, күтім жасап 
тұрсаңыз самооценкаңыз көтеріледі. Бұл ритуалдарды 
өзіңізге деген қамқорлық деп қабылдаңыз.
Үйде жүргенде өзіңізге жараспайтын, созылып кеткен 
халат киіп, бірақ «үйде жүрмін ғой» деп жылдар бойы 
киіміңізді жаңаламасаңыз дұрыс емес. Айнаға қарағанда 
"шіркін-ай, қандай сүйкімді келіншек" деп айта алатындай, 
өзіңізге ұнауға тырысыңыз. Сол кезде самооценка 
көтеріледі. «Тісім ауырып жүр, қарайып кеткен», - деп 
жылдар бойы шағымданып, бірақ емдетуге ақшасын 
қимайтын қыздар бар. Содан самооценка, әрине, 
төмендейді. Тамаққа ақша табасыз ғой, сол сияқты тісіңізді 
емдетуге де ақша табыңыз. Өз-өзіңізден аямаңыз. Бір 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
157 
түскен ақшадан бірден барып жасатып келіңіз. Самооценка 
бірден көтеріледі, себебі сіз өзіңізге ресурс жұмсадыңыз.
3. Самооценканың үшіншісі - адамдармен қарым-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет