Ниетбаева Гульмира Бекенқызы Қазіргі кезеңдегі студенттердің психологиялық денсаулығының дамуы 6D010300 Педагогика және психология Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация


  Студенттердің психологиялық денсаулық мәселесінің жағдайы



Pdf көрінісі
бет12/85
Дата30.03.2023
өлшемі2.5 Mb.
#471407
түріДиссертация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   85
диссертация Ниетбаева Г.Б.

1.3 
Студенттердің психологиялық денсаулық мәселесінің жағдайы 
Психологиялық денсаулық білім беру саласымен тығыз байланысады.
Білім беру саласының қазіргі бағдарларының бірі болып, білім беру үрдісі 
субъектілерін ойдағыдай дамыту үшін жағдайлар жасау қажеттігі саналады. 
Дамудың толымдылығы туралы айтқанда қазіргі кӛптеген зерттеушілер 
адамның тұлғалық дамуындағы табыстылығының мақсаты мен ӛлшемдері 
ретінде оны «психологиялық денсаулық» ұғымымен байланыстырады.  
Жоғары оқу орны жүйесі білім алушы тұлғасына ӛзінің когнитивтік, 
эмоционалдық, коммуникативтік қанықтығына қарай және студенттердің оқу 
жетістіктері мен оның нәтижелеріне жауапкершіліктің ӛсуіне байланысты, 
тұлғаға жоғары талаптар қояды. Білім беру жүйесі үшін психологиялық 
денсаулық мәселесі нәтижелер мен жаңалықтар жүйесі ретінде «даму 
нәтижесінде не және кім пайда болады?» деген мәселеге саяды. ЖОО-да 
ашылып жатқан білім беру саласындағы психологиялық қызмет жүйесі ӛзінің 
мақсаттық және мазмұндық компоненттерінде тұлғаның дамуын сүйемелдеуді, 
тұлғаның психологиялық денсаулығын кемелдену шаққа ауысуға байланысты 
ӛмірдің күрделі кезеңінде қолдауды мақсат етеді. Дәл осы кезеңде болашақ 
маман және іс-әрекеттің және жалпы ӛмір стиліне тікелей әсер ететін 
психикалық денсаулықтың күйі қалыптасады.
Студенттік шақ, қазіргі қоғам оған зор үміт артатын, әлеуметтік-
психологиялық жас категориясы ретінде ауыспалы әлеуметтік топ болып 
саналады. Жастар – әлеуметтік жетілудің қалыптасу кезеңін бастан кешетін 
қоғамдық топ. Қоғамның адами капиталы мен әлеуметтік қорының маңызды 
құраушысы ретінде жастар барынша ұзақ мерзімді әлеуетке ие, сондықтан 
оның ӛзін-ӛзі реттеу мүмкіндіктері Қазақстан Республикасының жаңаруындағы 
маңызды фактор болып табылады. Ӛзін-ӛзі анықтауда жас ерекшелік 
әлеуметтік таңдау және әлеуметтік сәйкестілік сатысындағы топтар – 
студенттер тобы осалдау болады. Қазіргі білім беру жағдайы студенттердің 
біраз 
бӛлігі 
дағдарыс 
жағдайында 
жүргендігімен, 
экзистенциалдық 
мәселелердің жүгін сезінетіндігімен сипатталады: олар толып жатқан 
ақпараттар ағымына, шынайылыққа, ӛз құндылықтарының күйзелісіне енген, 
олардың алдында кәсіби таңдау қажеттілігі тұр. Аталған үрдістердің әр түрлі 
бағытталуы тұлғалық және әлеуметтік сәйкестіктің қалыптасуын қиындатады, 
жастар дағдарыс жағдайларына, кері бейімделу жағдайларына және 
психологиялық денсаулықтың бұзылуына әкелетін құндылықтардың тұтас 
жүйесін жасап, қарама-қайшылықтарын түсіне алмайды.
Стрестік жағдайлар санының ӛсуі, олардың студенттерге әсері, сонымен 
қатар оқу үрдісіне де ықпалы ЖОО тӛңірегінде «қызу» тақырыптардың бірі 
болып табылады, себебі студенттердің жүйке-психикалық ауытқулары соңғы он 
жылда едәуір ұлғайған. Студенттердің тұлғалық, рухани дағдарыстары әзірше 
зерттеушілердің назарына толық іліге қоймаған. Клиникалық психологияда 
студенттік кезеңнің дағдарысты жағдайларының мәселелері қазіргі кезде 


35 
сәйкестіліктің ӛзгеру контекстінде және психикалық денсаулық құрылымында 
талқыланып жатқан жұмыстар пайда бола бастады.
Экономикалық және психологиялық жүктемелердің қазіргі қарқыны мен 
деңгейі студенттердің басым кӛпшілігінің бейімдік мүмкіндіктерінен едәуір 
артады. Ол жағымсыз психоэмоционалдық күйлердің пайда болуынан 
байқалып, ЖОО-дағы оқу үрдісінің тиімділігіне, кәсіби дағдыларды иеленуге 
және жалпы психологиялық денсаулыққа келеңсіз әсер етеді.
Психологиялық 
әдебиеттер 
бойынша 
талдауларымыз 
аталған 
жасерекшелік және әлеуметтік топтың психологиялық ерекшеліктерін талдауға 
арналған эмпирикалық және теориялық мәліметтердің айтарлықтай кӛп 
жиналғандығын (Б.Г. Ананьев, Н.В. Кузьмина, А.А. Реан, В.А. Сластенин, 
П.А. Просецкий, В.И. Слободчиков, Р.Г. Гурова, С.Е. Пиняева, Г.С. Абрамова 
және т.б.) кӛрсетті [156,157,158,159,160,161,162,163,164]. Авторлардың 
айтуынша, психологиялық тұрғыда бұл кезең негізгі психологиялық үрдіс 
ретіндегі ӛзіндік сана-сезімнің және жеке сәйкестіліктің қалыптасуымен 
сипатталады. Осылайша, Н.Н. Рыбниковтың зерттеулерінде адамның бұл 
кезеңдегі ӛмірін ең ӛнімді және шығармашыл кезең деп атауға болады деп 
кӛрсетілген. Ӛмірдің дәл осы бӛлігі бағынышсыз, тәуелсіз ӛмірге, ӛзін ересек 
адам және толық құқықты сезінуге деген талпынысқа толы. Тұлға әлеуметтік 
белсенділіктің барлық түрлеріне қатысады және ол әлеуметтік рӛлдердің 
барынша мүмкін спектрін меңгереді. Адам кәсіби білімді иеленумен қатар осы 
кезеңде кәсіби және жалпы мәдени білімдерді қамтыған, сонымен қатар 
қоғамдық белсенділіктің тәжірибесін меңгеруге мүмкіндік беретін, бір мезгілде 
тұрақты дүниетанымды, адамгершілік ұстанымдары мен әлем бейнесін 
қалыптастырады [165].
Студенттік жастың эмпирикалық зерттеуіне алғашқылардың бірі болып 
Б.Г.Ананьев пен оның шәкірттері назар аударған. Б.Г.Ананьевтың айтуынша, 
студенттік жас адамның негізгі әлеуметтік-гендік әлеуеттерін дамыту үшін 
сенситивтік кезең болып табылады. Жоғарғы білім адамның психикасына, оның 
тұлғасының дамуына зор әсер береді. ЖОО оқу барысында студенттер 
психикасының барлық деңгейлерінің дамуы жүзеге асады. Олар адам 
ақылының бағытын анықтайды, яғни тұлғаның кәсіби бағыттылығын 
сипаттайтын, ойлау жаратылысын қалыптастырады. ЖОО-нда жақсы білім алу 
үшін жалпы интеллектуалдық дамудың барынша жоғары деңгейі болуы қажет, 
әсіресе қабылдаудың, түсініктердің, естің, ойлаудың, зейіннің, білімнің, 
танымдық қызығушылықтардың кеңдігін, логикалық операциялардың белгілі 
деңгейін және т.б. меңгеру қажет. Бұл деңгей сәл тӛмендесе, оның орнына оқу 
іс-әрекетіндегі 
жоғары 
мотивация 
немесе 
жұмысқа 
қабілеттіліктің, 
ынталылықтың, тиянақтылықтың, ұқыптылықтың жүруі мүмкін [166]. 
Студенттің табысты іс-әрекеті үшін қажетті жағдай, ол ішкі жайсыздық 
сезімін жоятын және қоршаған ортамен шиеленіс мүмкіндігін шектейтін, оған 
жаңалық болған ЖОО-да оқу ерекшеліктерін меңгеру болып табылады. 
Бастапқы курстар бойы ақыл-ой іс-әрекетін тиімді ұйымдастырудың дағдылары 
мен икемдері қалыптасады, таңдаған мамандыққа деген бейімділік сезінеді, 


36 
еңбек, демалыс және тұрмыстың тиімді тәртібі орнығады, тұлғаның кәсіби 
маңызды қасиеттері бойынша ӛздігінен білім алу және ӛзін-ӛзі тәрбиелеу 
жұмысының жүйесі орнатылады.
Б.Г. Ананьев адамның жетілу ӛлшемдерін анықтауға тырысқан. Адамның 
жеке тұлға ретінде соматикалық және жыныстық жетілуі биологиялық 
ӛлшемдер бойынша анықталады. Алайда егер барлық жануарларда физикалық 
жетілу оның бар ағзасының – яғни тіршілік әрекеті мен мінез-құлық 
механизмдерінің ғалами жетілуі болып саналса, онда адамда жүйке-психикалық 
даму физикалық жетілу мен кемелденудің шеңберіне толығымен жатпайды. 
Ананьев ақыл-ой, азаматтық, еңбек жолындағы жетілуді анықтайды. Адамның 
жеке индивид ретінде кемелдене бастауы («физикалық» жетілу), тұлға ретінде 
(«азаматтық»), таным субъектісі ретінде («ақыл-ой» жетілуі) және еңбек 
субъектісі ретінде («еңбекке қабілеттілік») уақытқа сәйкес келмейді және 
кемелденудің мұндай гетерохрондығы барлық формацияларда сақталады. 
Адамның жеке дамуындағы түрлі формаларының (онтогенетикалық, тұлғалық – 
ӛмір баяндық, субъектілі-практикалық) гетерохрондығы, осы дамудың ішкі 
қарама-қайшылықтарының кӛрсеткіші болып табылады. 
Б.С. Братустің ойынша, тұлғаның жетілу ӛлшемдерінің бірі болып, мінсіз 
және нақты мақсаттар қою ӛнері немесе тұлғамен еркін тұлғалық таңдаудың 
жасалуы саналады [167]. 
Кӛпжылдық үйреншікті жұмыс таптаурынының ауысуы, ортаның жаңа 
жағдайларына бейімделу қажеттілігі кейде студенттерді жүйке қозулары мен 
күйзелісті реакцияларға әкеледі. Осы себептер бойынша бұрынғы 
таптаурындардың ӛзгеруімен байланысты бейімделу кезеңі алғашқы кезде 
үлгерімнің тӛмендігін және қарым-қатынастағы қиындықтарды түсіндіре 
алады. Кейбір студенттерде жаңа таптаурынның қалыптасуы секірмелі түрде 
жүреді, басқаларында – бірқалыпты. Әлбетте, мұндай қайта құрылулардың 
ерекшеліктері жоғары жүйке жүйесі типінің сипаттамаларымен байланысты, 
алайда әлеуметтік факторлар мұнда шешуші рӛл атқарады. Студенттің жаңа іс-
әрекет түрлеріне және қарым-қатынастың жаңа ортасына ену жүйесінің 
құрылуы негізінде оның жеке ерекшеліктерін білгендік, оқытушыға студенттің 
кері бейімделу кезеңінен аулақ болып, бейімделу үрдісін бірқалыпты және 
психологиялық тұрғыда жайлы қылуында кӛмектесуге мүмкіндік береді [168].
Л.С. Выготский атап кӛрсеткендей, жасерекшелік дамудың әрбір кезеңіне 
психологиялық жаңалықтар тән: бір жас шамасы сатысынан басқасына ӛткен 
кезде жастың барлық құрылымы ӛзгереді және әрбір жас шамасы ерекше, ол 
үшін дара және қайталанбас құрылымға ие болып келеді. Тұлға ӛзінің 
дамуында кезеңдік табиғаты бар бірқатар ӛзгерістерден ӛтеді. Дамудың азды 
кӛпті тұрақты үрдістері жаңа әлеуетті жинақтаудың, бір әлеуметтік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет