14
Кесте
1
-
«Психологиялық
денсаулық»
ұғымына
теориялық
кӛзқарастардың салыстырмалы талдауы
Тәсілдеме, ӛкілдері
Психологиялық денсаулық тҥсінігі
Психоаналитикалық
тәсілдеме З.Фрейд
Дені сау адам – ол рахаттану ұстанымын
шынайылық ұстанымымен қиыстыра алатын адам.
Аналитикалық
психология
Г.Юнг
Дені сау адам – ол ӛзінің бейсаналылығының
мазмұнын бейімдеген және қандай да бір архетиптің
иемденуінен бос адам.
Тәндік
психотерапия
В. Райх
Дені сау қалыпты жағдай күш –қуаттың еркін
жүруімен сипатталады. Денсаулықтың невротикалық
және психосоматикалық ауытқулары биологиялық
энергияның жүрмеу салдарынан болады.
Гуманистік
психология
А.Маслоу
Дені сау адам – ол елгезек, ашық, үнемі қорғаныс
реакцияларын қолданбайтын, сыртқы ықпалдардан
тәуелсіз және ӛзіне сенетін адам. Ӛзін үнемі тиімді
белсендендіре отырып, мұндай адам ӛмірдің әр сәтімен
ӛмір сүреді. Ол жігерлі және құбылмалы жағдайларға
жақсы бейімделеді, басқаларға шыдамды, эмоционалды
және рефлексиялы.
Гештальт-тәсілдеме
Ф.Перлз
Психикалық денсаулық, ӛз қажеттіліктерін сезіну
қабілетінен, құрылымды мінез – құлықтан, қалыпты
бейімділік пен ӛзі үшін жауапкершілікті сезінуден
байқалатын, тұлғаның кемелденуімен байланысты.
Жетілген және дені сау тұлға жасына сай, спонтанды
және іштей еркін.
Экзистенциалдық
психология
Дамудың негізі ретінде, тұлғалық даму қалыптасу
үрдісі болып табылатын, ӛмірдің мәнін иелену
саналады.
В. Франкл
Тұлға дамуының қозғаушы күші – ол «мәнге деген
ерік». Адамның ӛз ӛмірінің мәнін іздеп жүзеге асыруға
деген талпынысын Франкл, барлық адамдарға тән және
тұлғаның дамуында негізгі қозғаушы күш болып
табылатын, туа біткен мотивациялық беталыс ретінде
қарастырады.
Л. Бинсвангер
Психикалық денсаулық – ӛмірлік тәжірибемен
бірге ӛсу, ӛзгере алу қабілеті, басқасына ӛту үшін
ӛзінің бір жобасының сәтсіздігіне тӛзу.
Іс-әрекеттік
тәсілдеме
А.Н. Леонтьев,
Е.М. Иванова,
С.Л. Рубинштейн
Психологиялық денсаулық – кәсіби іс-әрекеттегі
жетістік пен ӛздігінен жетілу үрдісі және оны арнайы
ұйымдастырылған оқыту мен дамыту ретінде кӛрсетеді.
15
Жүйелік тәсілдеме
П.К. Анохин,
И.В. Блауберг,
Б.Ф. Ломов,
В.Д. Шадриков
Психологиялық денсаулық – бірыңғай тұтастықты
білдіретін, кӛздеген мақсатқа жетуге бағытталған, ӛзара
байланысқан және ӛзара шартталған құрылымдық-
қызметтік компоненттердің жиынтығы.
Адамның
акмеологиялық
және
әлеуеттік
мүмкіндіктерін кӛрсететін және ылғи да ӛзін-ӛзі
реттеудің жаңа, мүлдем басқа деңгейін тудыратын
психологиялық денсаулықтың серпінді сипаты мен
оның тұтастылығы айрықша кӛрсетіледі.
Тұлғалық кӛзқарас
Б.Г.Ананьев,
К.А.Абульханова-
Славская,
Л.И.Анцыферова,
Б.С.Братусь,
П.Н.Ермаков,
А.Б.Орлов,
В.А.Петровский,
В.И.Слободчиков
Психологиялық
денсаулық
–
тұлғаның
мотивациялық-құндылық және адамгершілік-еріктік
қасиеттерінің жиынтығы, мұнда тұлға қасиеттері
дербес болмайды, олар күрделі кӛп деңгейлі жүйеге
сатылы түрде ӛзара байланысқан және біріккен.
Акмеологиялық
кӛзқарас
А. А.Бодалев,
А. А.Деркач
Психологиялық денсаулық – ол тұлғаның ӛзін-ӛзі
реттеуінің, оның тіршілік әрекетінің мақсаты мен
нәтижесінің дәрежесі ғана емес, сонымен қатар оған
жетуге және оны жетілдіруге байланысты мәселелерді
шешудің барынша тиімді жолдары. Денсаулық –
адамның
ең
жоғарғы
(«шың»)
мүмкіндіктерін
белсендендірудің негізгі және қажетті жағдайы.
Аксиологиялық
тәсілдеме
Т.Ю.Мысина
Н.В.Басалаева
Денсаулыққа
деген
құндылықты
қатынас.
Тұлғаның ӛз денсаулығына құндылық ретінде қарауды
қалыптастырудың психологиялық механизмі болып,
жалған құндылық пен нақты мінез-құлықтың арасында
қарама-қайшылықтарды табу және оларды шешу
саналады.
Егер психологиялық мектептер бойынша емес, негізін қалаушы мәндік
сипаттама бойынша талдау жасайтын болсақ, онда тӛмендегілерді қарастыруға
болады:
- денсаулықты жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы сияқты,
дұрыс және толыққанды ӛзіндік маңызданудың детерминанты ретінде ұғыну
(К.А. Абульханова-Славская, Н.А.Коваль, А.Маслоу және т.б.) [70,71,72].
- психологиялық денсаулықты, тұлғалық кемелденуді болжайтын
қалыптасу үрдісінде жеке адамның иеленетін тұтастылығы ретінде
(А.А.Бодалев, Г.Олпорт, Л.А.Рудкевич) [73,74,75], ӛмірлік тәжірибенің бірігуі
ретінде түсіну (К.А.Абульханова-Славская, К.Роджерс) [76,77].
16
Психологиялық денсаулық мәселесі кеңес психологиясында да негізгі
кӛзқарастар тӛңірегінде кӛрсетілген. Осылайша, жүйелік амал психологиялық
денсаулықты, кӛздеген мақсатқа жетуге бағытталған, ӛзара байланысқан және
ӛзара шартталған құрылымдық-атқарымдық компоненттердің жиынтығы
ретінде кӛрсетуге мүмкіндік берді: психологиялық денсаулықтың динамикалық
сипатын оның тұтастығын құрайтын, адамның акмеологиялық және әлеуеттік
мүмкіндіктерін білдіретін және ылғи да ӛзін-ӛзі жүзеге асырудың жаңа, сапалы
басқа дәрежесін тудыратын, оны үнемі қозғалыста, ӛзгерісте, компоненттерінің
түрленуінде кӛрсету (П.К.Анохин, И.В.Блауберг, Б.Ф.Ломов, В.Д.Шадриков,
Э.Г.Юдин және т.б.) [78,79,80,81,82].
Іс-әрекеттік амал психологиялық денсаулықты кәсіби іс-әрекеттегі
қозғалыс және жетілу үрдісі ретінде және оны арнайы ұйымдастырылған оқыту
мен дамыту түрінде кӛрсетеді (А.Н.Леонтьев, Е.М.Иванова, С.Л.Рубинштейн
және т.б.) [83,84,85].
Тұлғалық кӛзқарас психологиялық денсаулықты тұлғаның мотивациялық-
құндылық және адамгершілік-еріктік қасиеттері арқылы ашады. Мұнда
тұлғаның қасиеттері дербес жүрмейді, олар ӛзара байланысқан және күрделі
кӛпдеңгейлі жүйеге біріктірілген болып келеді (Б.Г.Ананьев, К.А.Абульханова-
Славская, Л.И. Анцыферова, Б.С.Братусь, П.Н.Ермаков, А.Б.Орлов,
В.А.Петровский, В.И.Слободчиков) [86,87,88,89,90,91,92,93].
Акмеологиялық кӛзқарас ӛзінде философия, мәдениеттану, антропология,
педагогика, психология, медицинаның теория-әдіснамалық және эмпирикалық
жетістіктерін диалектикалық түрде біріктірген. Ол психологиялық денсаулықты
тұлғаның ӛзін-ӛзі реттеуінің дәрежесі, мақсатты және оның тіршілік әрекетінің
нәтижесі ретінде қарастыруды ғана негіздеп қоймай, сонымен қатар оның
жетістіктері мен жетілуінің мәселелерін шешудің тиімді жолдарын анықтауға
мүмкіндік берді. Акмеологиялық теория мен практиканың тӛңірегінде
денсаулық адамның жоғарғы («шың») мүмкіндіктерінің негізгі және қажетті
жағдайы ретінде болады. Мұндай кӛрініс адамның ӛмірге тӛзімділігінің ӛлшемі
болып табылатын оның әлеуетінің, шекті шамаларының барлық түрлерін
жүзеге асыру үшін аса маңызды тұлғалық құрылым ретінде болуын болжайды
және жеке тұлғаның жалпы адамзаттық мәдениетке үлесін айтарлықтай
анықтайды (А.А.Бодалев, А.А.Деркач және т.б.) [94,95]. Егер психологиялық
денсаулық адам жанының жоғарғы құбылыстарымен тығыз байланысатын
болса, онда медициналық, әлеуметтік, философиялық және басқа да
аспектілерге қарағанда тұлғаның денсаулық мәселесінің жеке психология-
акмеологиялық аспектісін елестету қажет. И.В.Дубровина психологиялық
денсаулықты мемлекеттік білім беру саласындағы психологиялық қызметі
тиімділігінің ӛлшемі ретінде де, мақсаты ретінде де қарастырады. Сәйкесінше
психологиялық денсаулық, автордың ойынша, сабырлылықтың, әлеуметтік
бейімділіктің, ӛзін-ӛзі ойдағыдай жүзеге асырудың алғышарттары болып
табылатын, тұлғаның кәсіби сипаттамаларының жиынтығы болып саналады
[96].
17
Бірқатар авторлар денсаулықты келесі түрлерде қарастырады: тұлғаның
қоршаған объективті жағдайлармен, басқа адамдармен ӛзара әрекеттестікте
болған жағдайында, іс-әрекеттердің, қылықтардың және мінез-құлықтың тиімді
таңдауын қамтамасыз ететін, сонымен қатар ӛзінің жеке және жасерекшелік
психологиялық мүмкіндіктерін еркін маңыздандыруға мүмкіндік беретін
тұлғаның субъективтік, ішкі жайлы жағдайы ретінде (В.Э.Пахальян) [97];
адамның құбылмалы әлемде ӛзінің жеке және әлеуметтік субъектілігін
сақтауға, оны жүзеге асыруға және дамытуға қабілетінің шамасы ретінде
(Л.Д.Демина және И.А.Ральникова) [98]; адамның ӛзінің әлеуметтік және
биологиялық детерминдендігін трансценденттеу қабілеті, ӛзгермелі әлемде
жеке ӛмірінің белсенді және дербес субъектісі бола алу қабілетінің шамасы
ретінде (Е.Р.Калитеевская) [99].
Психологиялық денсаулық мәселесіне қазіргі психологиялық ӛзекті
тәсілдердің бірі болып, денсаулықты қадірлеп қараудың қалыптасуын
болжайтын аксиологиялық кӛзқарас саналады. Тұлғаның ӛз денсаулығына
құндылық қатынасты қалыптастырудың психологиялық тетігі болып,
ынтагерлік құндылық пен шынайы мінез-құлық арасындағы қарама-
қайшылықтарды анықтап алып оны шешуі саналады [100,101]. Ресей
психологиясында психологиялық денсаулық мәселесі барынша белсенді түрде
зерттелуде. Аталған феноменнің кӛпқырлылығын айқындай келе, оны келесідей
кӛрсетеді: тұлғаның қатынастар жүйесін қалыптастыруда қауым мен шағын
қауымның ӛзара әрекеттестігі (Б.С.Братусь, В.Н.Мясищев және т.б.) [102,103];
айқын кӛрінетін психикалық ауытқулардың болмауы және адам күшінің белгілі
қоры ретінде (В.А.Ананьев, Ю.М.Губачев, Н.Сарториус және т.б.)
[104,105,106]; мәдениеттің, эмоцияның, психикалық денсаулықтың ӛзара
байланысы аясындағы күрделі, деңгейлік құрылымдық білім ретінде
(И.Н.Гурвич, А.Б.Холмогорова және т.б.) [107,108]; тұлғаның даму
ерекшеліктерінің ішкі (когнитивтік, эмоционалдық, физиологиялық) және
сыртқы теңгерімділігі ретінде (В.Г.Казанская, М.А.Гулина және т.б.) [109,110];
адам табиғатының жоғарғы («шың») мүмкіндіктер ӛзектілігінің негізгі және
қажетті жағдайы ретінде (М.Ф.Секач, Е.В.Селезнева және т.б.) [111,112].
А.В. Шувалов психологиялық денсаулық мәселесінің теориялық
талдамасын ұсынды [113]. Автордың айтуынша, денсаулық мәселесі адам
ӛмірінің іргелі аспектілерімен байланысты, қарастырудың тек оңтайлы-
прагматикалық емес, дүниетанымдық деңгейіне де ие. Сонымен қатар автор бұл
ұғымның бір мағыналы еместігін және синкреттігін айрықша баса кӛрсетеді.
Денсаулық мәселесіне арналған арнайы еңбектерді жалпылай келе, автор
бірқатар аксиоматикалық қағидаларды бӛліп кӛрсетті:
1. Денсаулық - ол идеалға жақын жағдай. Әдеттегідей, адамның
денсаулығы ӛмір бойы мінсіз бола бермейді.
2. Денсаулық - ол адами шынайылықтың түрлерін (тәндік тіршілікті,
рухани ӛмірді және рухани болмысты) кӛрсететін күрделі, кӛпқырлы феномен.
Сәйкесінше,
адамның
соматикалық,
психикалық
және
тұлғалық
(психологиялық) денсаулығы бағалануы ықтимал.
18
3. Денсаулық - ол, тұлғаның ӛзін-ӛзі анықтауы мен жайғасымын,
қалыптасуын, психикалық ортасының дамуы мен қызметін, ағзаның
жұмысынан және физиологиялық құрылымдардың жетілуі мен дамуынан
тұратын, бір уақытта қатар жүретін жағдай мен күрделі динамикалық үрдіс.
4. «Денсаулық» категориясы бұрыннан даралық полюсымен ӛзара
байланысады: денсаулық жағдайы дербестендірілген және әрбір нақты
жағдайда арнайы сендіруді болжайды.
5. Ӛмірдің белгілі бір жағдайларында (экологиялық және климаттық
ерекшеліктер, тамақтану сапасы, еңбектену мен демалудың тәртібі, әлеуметтік-
мәдени ықпалдар және т.б.) адамның денсаулығы жақсаруы мүмкін. Бір адам
үшін жағымды болған жағдай, басқасына ауыр болуы ықтимал. Сонымен қатар
денсаулықтың жан-жақты ахуалын анықтау «денсаулық саясатының»
ұстанымдарын тұжырымдауға мүмкіндік береді.
6. Денсаулық - медициналық тар ұғым емес, ол мәдени-тарихи түсінік. Әр
заманда, әр түрлі мәдениеттерде денсаулық пен сырқаттың арасындағы шек әр
түрлі анықталған.
7. Адам
денсаулығының ахуалын анықтау үшін, бір жағынан,
жайлылықтың, тұтастықтың, жетілгендіктің эталондық негізі мен тұрақты
үлгісі қажет, екінші жағынан - сырқаттың пайда болуының және ағымының
заңдылықтарын сипаттау қажет.
8. Денсаулық пен сырқат диалектикалық, ӛзара толықтырушы ұғымдар
санына жатады. Оларды зерттеу адам табиғаты мен мәнін ұғынумен
байланысты.
9. Денсаулық адам ӛміріндегі басты құндылықтарының бірі болып
табылады.
А.В.Шувалов психологиялық денсаулық мәселесін дамытудың бірнеше
кезеңдерін бӛліп кӛрсетті:
- Қазіргі психологияның қалыптасуындағы бастапқы кезеңі классикалық
деп аталған. Мұнда жоғары ұйымдасқан тірі материяның қасиеті ретінде
зерттеудің баламасыз объектісі психика болды. Зерттеудің пәні болып тірі
табиғаттағы психикалық құбылыстар саналды, таным негізіне себеп-салдарлық
түсіндірме сызбалары жатты. Психология жаратылыстану ғылымдарының
үлгісі бойынша дамыды.
- Келесі кезең - классикалық емес психология: «адам психикасын»
зерттеудің гуманитарлық стратегиясының туындауымен, психикалықтың
феноменологиясын жеңу талпыныстарымен және адами шынайылықтың
феноменологиясына енуімен белгілі болды. Алайда классикалық емес
психологияның шарықтау шегі әлемдік психологияның екі тармағы: «батыс»,
гуманистік, және «кеңестік», мәдени –тарихи болды.
- Бүгін біз үшінші – классикалық емес психологиядан кейінгі кезеңнің
ашылуына куә болып және мүмкіндігінше қатысушысы болып отырмыз.
Адамның әлемде ӛмірсүру мәселелерін зерттеуге бағытталған, адами
шынайылыққа оның толық рухани-жандық-тәндік ӛлшемдеріне бағдарланған
антроптық психология қалыптасуда.
19
Осылайша, п сихологиялық денсаулық ұғымының талдауы бізге келесі
сәттерді бӛліп кӛрсетуге мүмкіндік берді:
1. «Психологиялық
денсаулық» ұғымы, шын мәнінде, рухани
денсаулықтың ғылыми эквиваленті бола тұрып, әсіресе адами ӛлшемді
белгілейді.
2. Психологиялық денсаулық мәселесі – бұл адамның рухани дамуындағы
қалып пен ауытқулар туралы мәселе.
3. Психологиялық денсаулықтың негізін адам субъектісінің қалыпты
дамуы құрайды.
4. «Субъектілік»
(орысша – «самость») – адами шынайылықты
ұйымдастыру тәсілі және тіршілік ету формасы, мәні – рухани ӛмірдің
дербестігі.
5. Психологиялық денсаулықтың анықтаушы ӛлшемдері болып, адамның
бойындағы адами белсендірудің сипаты мен дамудың бағыты болып саналады.
Қазіргі кӛптеген ресейлік зерттеулер гуманитарлық-антропологиялық
кӛзқарас
тӛңірегінде
жүзеге
асқан.
Психологияда
гуманитарлық-
антропологиялық тәсілдеме үшін адамның ӛз шынайылығының толықтығына
шығу мүмкіндігі мен қажеттігі туралы ой ең басты болып саналады. Оның мәні
негізгі ұғымдарда кӛрсетілген: «гуманитарлық» латынша humus – «топырақ»
және humanus «адамгершілік» деген сӛздерден пайда болып, адами қасиеттер
мен қабілеттердің, рухани–мәдени нығаюдың және адам сабақтастығының
пайда болып шығу кеңістігін білдіреді; «антропологиялық» грекше anthropos –
«адам» сӛзінен шыққан, адамның болмыстық күштері мен талпынысын
білдіреді.
В.И.Слободчиков, бұл кӛзқарастың парадигмалық айырмашылығы мен
эвристикалық құндылығы, оның адам субъектілігінің антиномиясын
айқындайтындығында: ол адамның ӛздігінен дамуының құралы («мүшесі»)
болып табылады және ол оның рухани жетілуінде түрленуі қажет деген [114].
А.В.Шувалов
кӛрсеткендей
[115],
психологиялық
денсаулықтың
антропологиялық үлгісі гуманистік психологтармен кӛрсетіліп сипатталған
адами
экзистенциялардың
аспектілерін,
жаңа
әдіснамалық
және
дүниетанымдық негізде оларды шынайылықтың тұтас кӛрінісіне тығыз
байланыстыра отырып, мүлде кемітпейді.
ХХ ғ. 80-90 жж. білім беру тәжірибесіне валеологиялық тәсілдеме белсенді
түрде енгізіле басталды. ЖОО валеологиялық тәсілдеменің негізгі бағыттары
ретінде тӛмендегілер қарастырылды: адамның денсаулығы туралы, адам
ағзасының жеке ерекшеліктері туралы, денсаулықтың қазіргі мәселелері туралы
білімнің меңгерілуін қамтамасыз ету; таза шығармашылық және салауатты ӛмір
салтын ұстану қажеттіліктері аясында тұлғаның құндылық бағдарын тәрбиелеу;
денсаулықты қалыптастыру және сақтау үрдісінде себеп-салдарлық
байланыстарды талдау қабілеттерін дамыту; студент тұлғасының жалпы
мәдени, кәсіби және валеологиялық құрамдас бӛліктерін біріктіру [116].
Авторлармен студенттер тәуелділіктерінің диагностикасы жасалып, алкогольді
қолданатын студенттер санының 12,7% ӛскендігі анықталды. Олар
20
студенттердің алкогольдік тәуелділіктерінің алдын алу мақсатымен
психологиялық түзетудің кешендік бағдарламасын жасады. Валеологиялық
ойлауды және салауатты ӛмір салтын қалыптастыруға бағытталған шаралар
жүйесі ретінде валеологиялық білімнің қажеттілігі дәлелденген. ЖОО-да оқу
барысында адамның дүниетанымы мен ӛмірлік құндылықтар жүйесі
қалыптасады, кемелденген жаста денсаулықтың нашарлауын тудыратын мінез-
құлықтық дағдылар бекінеді. Білім берудегі денсаулық сақтаушы
технологиялар ұсынылды.
Олай
болса,
психологиялық
денсаулықты
қоршаған
ортаның
жағдайларына табысты бейімделудің факторы ретінде ашатын бейімділік
тәсілдемені де қарастыру қажет. Студенттік жасқа қатысты психологиялық
денсаулықтың қажетті деңгейі, ғалымдармен білім беру мекемесінде оқу
жағдайларына
ойдағыдай
бейімделудің
қажетті
жағдайы
ретінде
қарастырылады [117,118].
Ұсынылған кӛзқарастардың талдауы психологиялық денсаулықты
тӛмендегідей кӛрсетуге негіз болды: оның динамикалық сипатын кӛрсететін,
оған құндылыққа, әлеуетке, құралға, жайлылық пен ӛзін-ӛзі реттеу жағдайына
сияқты қараудың мәнін ашатын күрделі, кӛпқырлы феномен ретінде;
психологиялық денсаулық колдан келерлік жағдай және оны дамытудың
кешендік үрдісін ұйымдастыру негізінде психологиялық детерминанттардың
ықпалымен оны дамытуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |