12
7. қабылдаудың күштілігі және эмоционалдық реакциялардың байлығы;
8. күйзеліс кезінде жиі кездесетін олқылықтар;
9. ӛзін барлық адамзатқа теңеу;
10.
тұлғааралық қатынастардағы ӛзгерістер (клиницистер «жетістіктер»
деп айтар еді);
11.
мінездің барынша
демократияшыл құрылымы;
12.
жоғары шығармашылық қабілеттер;
13.
құндылықтар жүйесіндегі белгілі ӛзгерістер.
Егер дамуды тұлғаны толық ӛзіндік маңыздануға әкелетін түрлі үрдістер
жиынтығы ретінде белгілейтін болсақ, онда ол
өмір бойы жалғасады деген
нақты фактіге сәйкес келетін болады. Бұл мотивацияның ӛзіндік маңыздану
жағына қарай «кезеңдік» немесе «секірмелі» жылжу тұжырымдамасын жоққа
шығарады (аталған тұжырымдама бойынша, алдымен іргелі сұраныстардың
барлығы бірінен соң бірі толығымен қанағаттандырылады, ал кейін санаға одан
да жоғарырақ келесі сұраныс енеді). Біз дамуды негізгі сұраныстардың «толық
жойылуына» дейін үдемелі қанағаттандыру ретінде ғана қарастырмаймыз,
сонымен қатар сол іргелі сұраныстардан асып
даму мотивациясының ерекше
түрі ретінде де қарастырамыз. Мысалы, тұлғаның дарындылығын,
қабілеттерін, шығармашылық икемдігін, туғаннан бар мүмкіндіктерін дамыту.
Осының арқасында, негізгі сұраныстар мен ӛзіндік маңызданудың, балалық
шақ пен кемелдену сияқты, бір-біріне қарама-қайшы келетіндігін түсінуге
болады. Бірі екіншісіне ауысып, оның міндетті шартына айналады.
Даму қажеттілігінің ерекшелігі, біз зерттейтін
іргелі қажеттіліктермен
салыстырғанда, ӛзіндік маңыздануды қажет ететін және «қалған» адамдар
ӛміріндегі сапалы айырмашылықтарды клиникалық бақылаудың нәтижесінде
белгілі болды. Тӛменде қарастырылатын бұл ӛзгешеліктер «жетіспеушілікті
жою қажеттілігі» және «даму қажеттілігі» деген ұғымдарда барынша нақты
кӛрсетілген. Дегенмен, бұл мінсіз нақты дәлелдер емес. Мысалы,
физиологиялық қажеттіліктердің барлығын бірінші топқа жатқызуға болмайды.
Айталық, секс, дәрет сындыру, ұйқы мен дем алу қажеттіліктері.
Ӛздігінен даму теорияларында жеке адамның дамуы да жеке сәйкестіктің
қалыптасуын, тұлғаның ӛмірлік қатынастарда және кәсіби іс-әрекетте «Мен-
тұжырымдамасының» жүзеге асуын болжайды (У.Джемс, Т.Шибутани,
И.С.Кон, Е.Т.Соколова, М.Ф.Секач, А.В.Иващенко, В.С.Агапов және т.б.)
[53,54,55,56,57,58,59].
Гуманистік психологияда дені сау адам – қорғаныс амалдарын үнемі
қолданатын жан емес, ол жігерлі, ашық, сыртқы ықпалдарға тәуелді емес және
ӛз күшіне сенетін адам. Оңтайлы белсене отырып, мұндай адам ӛмірдің әрбір
жаңа сәтінде ӛмір сүреді.
Мұндай адам елгезек келеді, ӛзгермелі жағдайларға
тез бейімделеді, ӛзгелерге шыдамды, эмоционалды және рефлексиялы.
Гештальт-тәсілдемеде
психикалық
денсаулық,
адамның
жеке
қажеттіліктерін сезіну қабілетінен, мінез-құлқынан, жақсы бейімділіктен және
ӛз-ӛзіне жауапкершілікті қабылдай алатындықтан байқалатын, тұлғаның
13
жетілгендігімен байланысты болады. Кемелденген және дені сау тұлға барабар,
спонтанды және ішкі еркіндікке ие адам (Ф.Перлз) [60].
Экзистенциалдық психология ӛкілдерін (Бинсвангер, Босс, Франкл, Лэнг,
Купер, Мэй, Бугенталь) дамудың негізі болып, ӛмірдің мәнін иеленгендік
саналады деген ой біріктірген. Онда тұлғалық даму қалыптасу мен ӛзіндік
трансценденттіктің
үрдісі
болып
табылады
[61,62,63,64,65,66,67].
Экзистенциалдық талдау адамның субъективтік тәжірибесі
мен ішкі әлемінің
ұйымдасуынан құрылады. Тіршілік ету тұрақты қалып емес, ол – жаңаның
қалыптасу үрдісі. Жеке адам әлемінің құрылымы оның ӛмірлік тарихы арқылы
ашылады. В. Франкл тұлғаның дамуындағы басты қозғаушы күш ретінде
«мәнге деген ерікті» атайды. В. Франкл ілімінің бостандық еркі туралы негізгі
тезисінде, адам бостандығы объективтік себептермен шектеулі болған күнінде
де, ол ӛз ӛмірінің мәнін тауып оны жүзеге асыруға ерікті, деп айтылады.
Еркіндік – ол ие болған бір нәрсе емес, ол оның бар болғандығы. «Адам ӛзі
үшін шешім қабылдайды; кез келген шешім ӛзі үшін жасалады, ал ӛзі үшін
қабылданған шешім – ол ылғи да ӛзін қалыптастырушылық болып табылады»
[68]. Ол мәндері таралмаған ақындық ӛлшемді бӛліп кӛрсетеді. Адамның ӛз
ӛмірінің мәнін табуға және оны жүзеге асыруға деген талпынысын Франкл
барлық адамдарға тән және тұлға дамуының негізгі қозаушы күші болып
табылатын, туа біткен мотивациялық беталыс ретінде қарастырады.
Л. Бинсвангердің тұжырымдамасындағы басты ұғым – әлемдік – жоба. Ол
адамның белгілі бір жағдайларда қалай әрекет ететіндігін және сол кезде
қандай тиісті қасиеттер байқалатындығын анықтайды. Жобаның шегі тар және
тығыз немесе кең және шексіз болуы ықтимал. Бинсвангердің пікірінше,
әлемдік–жоба – тұлғаның кез келген іс-әрекетінің бағдары [69]. Ол психикалық
дені сау адамның ӛзгеруге қабілетін, ӛмірлік тәжірибемен бірге жетілуін, жолы
болмаған бір жобасына тӛзіп, басқасына ӛтуін кӛрсетеді.
Даму үрдісін, кез келген адамның бойында болатын және оның ӛмір
жолын иректі етіп, самғаулар мен сәтсіздіктердің кезектесуімен, ӛзіндік
құндылықты сезінумен, бір жағынан, ӛмірдің толыққандылығын, екінші
жағынан мағынасыздық пен пайдасыздықты сезінумен
қарама-қарсылық пен
екі жақтылық арқылы түсіндіреді. Адам екі түрлі мінезден емес, оның
жүздеген, мыңдаған түрлерінен тұрады. Оның ӛмірі (әрбір адамның ӛмірі
тәрізді) түйсік пен рух немесе қасиетті және адамгершіліктен безушілік сияқты
тек екі полюстың арасында ғана ӛтпейді, ол сарқылмайтын мыңдаған полярлы
қарама-қайшылықтар арасында жүзеге асады. Мақсат-мұраттардың мәңгі
ауысуы, олардың салыстырмалылығын сезіну, біреуінен екіншісіне жеңіл
ауысуы, қандай да бір соңғы мақсаттың болмауы – бұл даму ұстанымы ретінде
экзистенциалдық бағытпен қабылданған тіршілік ету салттары.
Тұлғаның психологиялық денсаулығы мәселесінің негізгі ғылыми
зерттеуінің сипаттамасын қарастыра келе, біз салыстырмалы талдау ұсынамыз.
Достарыңызбен бөлісу: