Ниетбаева Гульмира Бекенқызы Қазіргі кезеңдегі студенттердің психологиялық денсаулығының дамуы 6D010300 Педагогика және психология Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация



Pdf көрінісі
бет7/85
Дата30.03.2023
өлшемі2.5 Mb.
#471407
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   85
диссертация Ниетбаева Г.Б.

Диссертация қҧрылымы зерттеудің қойылған міндеттерін біртіндеп 
шешу логикасына сәйкес құрылды: кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, 
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. 
 
 
 
 
 
 
 




ШЕТЕЛДІК 
ЖӘНЕ 
ОТАНДЫҚ 
ҒЫЛЫМДАҒЫ 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕСІНІҢ 
ТАЛДАНУЫ 
 
1.1 Тҧлғаның психологиялық денсаулығы мәселесінің негізгі ғылыми 
зерттеуінің сипаттамасы 
 
Психологиялық денсаулық мәселесі кӛптеген психологиялық мектептердің 
зерттеу нысаны болған және бұл терминологияға да, зерттелетін мәселенің 
мазмұнына да кӛзқарастардың алуан түрлілігін анықтап берді. 
Кӛзқарастардың әрқилылығына қарамастан, зерттеушілердің кӛбі 
психологиялық денсаулықты «денсаулық» және «психикалық денсаулық» 
ұғымдарына қарағанда кеңірек түсінеді. Психологиялық денсаулық тұлғаны 
тұтас сипаттайды, адам жан дүниесінің кӛріністерімен тікелей байланыста 
болып, психикалық денсаулық мәселесінің жеке психологиялық аспектісін 
анықтауға мүмкіндік береді, - деген ғалымдардың пікірлері осы айтқанымызға 
сәйкес келеді.
Шетелде психологиялық денсаулық мәселесінің түрлі аспектілері К.Киз, 
Д.Матараццо, М.Мюррей, К.Рифф, Д.Энджел, В.Эванс және т.б. ғалымдармен 
қарастырылған [37,38,39,40,41].
Тұлғаның психологиялық теорияларын талдай отырып, психологиялық 
денсаулықтың келесі анықтамаларын бӛліп кӛрсетуге болады.
Психоаналитикалық бағытта психологиялық дені сау адам – ол рақаттану 
ұстанымын шынайылық ұстанымымен үйлестіре алатын адам (З.Фрейд) [23].
Кӛпжылдық клиникалық бақылаулардың негізінде Зигмунд Фрейд 
психологиялық концепцияны қалыптастырды, оның зерттеуінде адамның 
психикасы, тұлғасы «Ол», «Мен», «Жоғары-Мен» деген үш деңгейден, 
компоненттен тұрады. «Ол» – сексуалды және агрессиялы туа пайда болған 
биологиялық инстинкті құштарлығы қайнап жатқан қазан тәрізді психиканың 
бейсаналы бӛлігі болып келеді. «Ол»-либидо атты сексуалды энергиямен 
толыққан. Адам тұйықталған энергиялық жүйе, әрбір адамда энергия саны – 
тұрақты мӛлшер. «Ол» бейсаналы және иррационалды бола тұра, қанағат 
қағидасына бағынады. Адам ӛмірінде бақыт пен қанағат басты мақсат болып 
келеді. Екінші мінез-құлық қағидасы – гомеостаз – шамалы ішкі теңдікті 
сақтауға тенденция болады. Сананың «Мен» деңгейі «Ол» – мен тұрақты 
конфликт күйінде болады, сексуалды құштарлықты басады. «Мен»-ге үш күш 
әсер етеді: «Ол», «Жоғары-Мен» және адамға ӛз талаптарын қоятын қоғам. 
«Мен» қанағат қағидасы бойынша бағынбай, олар арасындағы үйлесімділікті 
орнатуға тырысады, «шынайылық» қағидасына бағынады. «Жоғары-Мен» 
моральдік стандарттың алып жүрушісі, ол ұят, цензура, критика рӛлін жүзеге 
асыратын тұлғаның бӛлігі. Егер де «Мен» «Ол»-ға бола, бірақ «Жоғары-Мен»-
ге қарсы бір әрекет жасаса немесе шешім қабылдаса, онда ӛзін кінәлі, ұят 
сезінеді. «Жоғары-Мен» «Мен»-ге инстинктісін жібермейді, ол кезде олардың 
қуаттары ығыстырылады, тасымалданады, адамға және қоғамға жағатын іс-


10 
әрекеттің басқа формаларына (шығармашылық, ӛнер, қоғамдық белсенділік, 
еңбекті белсенділік, мінез-құлықтың: түс, әзіл, босассоциация, ұмыту 
ерекшеліктері формасында) айналады. Егер де «либидо» қуаты шығу әдісін 
таппаса, адамда психикалық аурулар, қояншық, қамығу пайда болады. «Мен» 
және «Ол» арасындағы конфликтіден сақтану үшін психологиялық қорғаныстар 
қолданылады: ығыстыру, басу – санадан тыс еріксіз қажетті емес ойларды, 
тілектерді бейсаналыққа ауыстыру; проекция – қаламайтын тілектерден, 
идеялардан бейсаналы түрде арылу және оларды басқа адамға жүгіндіру; 
рационализация – ақыл-ой негізінде іске асатын және жағымсыз идеяны 
дәлелдеудің бейсаналық әрекеті. 
Сонымен, 
біз 
З.Фрейдтің 
тұжырымдамасында 
қарастырылған 
психологиялық қорғаныстар, тұлғаның психологиялық денсаулығын сақтауға 
бағытталған әрекет деп түсінеміз. 
Аналитикалық психологияда дені сау адам – ол ӛз санасыздығының 
мазмұнын қандай да бір басып алушылықтан бос архетиппен салыстырған адам 
(К.Г.Юнг) [42]. Тән психотерапиясында денсаулықтың невротикалық және 
психосоматикалық бұзылулары биологиялық энергияның іркіліп қалуының 
салдарынан болады, сау жағдай энергияның еркін ағымымен сипатталады 
(В.Райх) [43]. 
ХХ ғ. 50-жылдарында гуманистік психологияда дені сау тұлғаның 
мәселелері пайда болды. Денсаулықты әлемдегі үйлесімді болмыстың 
сипаттамасы ретінде қарастыра келе, мұндай амал адам тұлғасының 
бірегейлігін кӛрсетеді, ӛзін-ӛзі басқаруда, ӛзін-ӛзі жетілдіруде байқалатын 
құндылықтар мен тіршілік мәнінің, еркіндіктің қажеттігін білдіреді (А. Маслоу, 
Г. Олпорт, К. Роджерс, Э. Фромм және т.б.) [44,45,46,47]. Гуманистік 
психология адам орталықтас сананың мақсатын жүзеге асырды, ол үшін 
«ӛзімдік» негіз салушы және басты құндылық болып табылады. В. Франклдың 
тӛмендегідей пікірі жақсы белгілі: ӛзін-ӛзі маңыздандыру – ол адамның түпкі 
тағдыры емес: «Адамға сыртқы әлемнен табатын мәнді жүзеге асыруға 
қаншалықты мүмкін болса, ол ӛзін де соншалықты мӛлшерде ғана жүзеге 
асыра алады... Аңшының тастаған бумерангы нысанаға тимеген жағдайда ӛзіне 
қайтып келетіндей, адам да сол тәрізді, ӛз тағдырынан ауытқып кеткен 
жағдайда ғана ӛз-ӛзіне оралып, ойларын ӛзін-ӛзі маңыздандыруға қарай 
бағыттайды» [48]. 
Г. Олпорт адам табиғатының проприативтілігі туралы түсінікті енгізе 
отырып, психологиялық кемелденген тұлғаның бейнесін жасады [49]. 
К. Роджерс, адам денсаулыққа және дамуға туа біткен, табиғи 
талпыныспен
бӛленген, деген пікірге кӛндіре отырып, толыққанды жұмыс 
істеуші тұлғаның бейнесін ашқан. Роджерс ана–бала ӛзара қарым–
қатынасының мәнін баса айтқан, себебі ол баланың ӛзіндік сана–сезімінің 
дамуына зор ықпал етеді. Тұлғаның дұрыс дамуының алғашқы және міндетті 
шарты болып, балаға позитивтік кӛңіл бӛлу болып саналады. Ана баласына ӛз 
сүйіспеншілігін кӛрсетіп, оның қандай да болмасын мінез-құлқына қарамастан 
толық қабылдауы қажет, әсіресе оның балалық шағына кӛңіл бӛлуі керек. Тек 


11 
осындай жағдайда ғана бала тұлғасы, небір сыртқы жағдайларға тәуелді 
болмай, толыққанды дамиды. Адамға соңында ӛзіндік маңыздануға жетуге 
мүмкіндік беретін, жалғыз ғана жол осы. Ӛзіндік маңыздану тұлғаның 
психикалық денсаулығының ең жоғарғы деңгейін білдіреді. К. Роджерс 
бойынша, адам іс-әрекетінің негізгі түрткісі болып, өзіндік маңыздануға деген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет