Ниетбаева Гульмира Бекенқызы Қазіргі кезеңдегі студенттердің психологиялық денсаулығының дамуы 6D010300 Педагогика және психология Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация



Pdf көрінісі
бет39/85
Дата30.03.2023
өлшемі2.5 Mb.
#471407
түріДиссертация
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   85
диссертация Ниетбаева Г.Б.

 
АТ жаттығуы – жүрек қызметінің ырғағын реттеу. Жаттығу «Мен 
тынышпын» формуласынан басталады. Содан кейін денедегі ауырлық және 
жылулық сезімі біртіндеп шақырылады. Клиент ӛзінің оң қолын жүрек тұсына 
қояды және 5-6 рет ойша: «Менің жүрегім асықпай, қуатты түрде және бір 
қалыпта соғады», деп айтуы керек. Алдын ала клиентке жүрек қағысын ойша 
санауды үйрену ұсынылады. Егер жүрек жұмысының күші мен ырғағына әсер 
ету мүмкін болып жатса, онда жаттығу игерілген болып саналады.  
 
Рефлексиялық компонент 
«Бҥгінгі кҥн» суреттік техникасы 
Барлық қатысушылар шеңбер бойынша отырады. «Бес минуттың ішінде 
бүгінгі күн туралы ӛз әсеріңіздің суретін салуыңыз керек. Ӛз суретіңізді кез 
келген үлгіде салыңыз, ең бастысы, ол сіздің бүгінгі күндегі жұмысыңыздың 
кӛрінісін, кейпін кӛрсетуі қажет. Мүмкіндігінше сіз не салып жатқаныңызды 
ешкім кӛрмейтіндей етіп салуға тырысыңыз. Аяқталған суреттеріңізді маған 
беріңіздер. (Барлық суреттер жаттықтырушыда болған кезде, ол оны барлық 
қатысушыларға, ешкімге ӛз суреті түспейтіндей етіп, таратады). Ал енді, бұл 
суреттің авторы кім екенін ойланып кӛріңіздер және астына жазып 
қойыңыздар».
Қатысушылар тапсырманы орындап болған соң, жаттықтырушы 
әрқайсысына суреттің авторын атауды және ол неліктен осындай шешімге 
келгендігін түсіндіруін ұсынады. Қалған қатысушылар, соның ішінде суреттің 
авторы да, үндемей тыңдайды. Одан соң жаттықтырушы топқа: «Басқа 
нұсқалар бар ма?», деген сауал қояды. Содан кейін ол автордан ӛз суретін 
түсіндіруді сұрайды. Осылайша барлық суреттер талқыланады. Суреттер 
бӛлмеде топтың барлық жұмыс уақыты бойына қалады. Бұл тапсырманы 
орындау, сезімталдықты жаттықтырумен қатар, бір күндік жұмыстың 
мазмұнын рефлексиялауға мүмкіндік береді, алынған тәжірибені құрылымдауға 
кӛмектеседі».


119 
«Менің ӛмірлік ұстанымым» және «Пейзаж» тақырыбындағы суреттермен 
жұмыс жасай отырып, жаттықтырушы қатысушыларға: «Қанат қандай 
пейзаждарды салмас еді?», «Қаныш ӛзінің ӛмірлік ұстанымының суретін 
салғанда, нені салмас еді?», деген сұрақтар қоюы мүмкін.
Бұл сауалдарды талдауға суреттердің авторлары қатысады, себебі ол 
ауқымды мазмұндық деректер алуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет