Нормативтік сілтемелер анықтамалар кіріспе


Қимылдың орындалу тәсілімен байланысты қолданылатын қозғалу етістіктері



бет16/40
Дата25.11.2023
өлшемі209.14 Kb.
#484435
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   40
алпысбаева акмарал

8. Қимылдың орындалу тәсілімен байланысты қолданылатын қозғалу етістіктері: жорғалау, аяғының ұшынан басу, ентелеу, балпаңдау, талтаңдау, аяғын майда басу, елпеңдеу. Мысалы: Әлденені ұмытқандай машинадан қайта шығып келіп, қорбаңдай басып келеді. Анау әңгіме дәл өзіне арналғандай қызара қипақтап, бөлмеден шығып кетуге тырысады. Сонны сезгендей төбедегі құрт тырбаңдай жүгіріп, оң жақтағы бұрышқа барып қайтатын-ды. Жүрегін ұстап, тәлтіректеп барып, мұғалімдер бөлмесіне кіргені, рас [25,45].
9. Сұйық заттардың қозғалуымен байланысты қолданылатын етістіктер: ағу, тамшылау, сорғалау, атқылау, құйылу, жосылу, төгілу, саулау. Мысалы: Босағаға сүйеніп тұрған мұның маңдайынан сүйіп алғанда қыз көзінен жас парлай ақты. Толтыңқырап құй! Қыз қысылып қалды, екі беті ду еткенін сезді, ұялғанда көзі жасаурап кететін. Қыз мойнына ыстық жас тамды. –Е, немене, дікіңдеме, шай төгілсе несі бар. Шолақ өзен тез тасиды. Аузына су тамызды. Шашы тікірейіп, төбесінен фонтан атқылайды. Өзі қарқылдап күліп тұр, бірақ екі көзінен жас парлайды. Байқаса – басындағы жастықты әбден сулап тастапты. Мұрнының ұшы ғана емес, кірпігінің тікенегіндей тікірейіп тұратын қайратты да сирек қызғылт шаштарының арасында тер сорғалап кетіпті. Мұрнының ұшында шып-шып шыққан терді оң қолының алақанымен сапырып тастапты. Мәселен, Ә.Тарази шығармасында жоғарыда көрсетілген топтармен қатар классификацияларда жолықпаған қимылдың біраз уақыт бәсеңдеуін білдіретін қозғалу етістіктері кездеседі. Олар:кешігу, кідіру, іркілу. Мысалы:Үдере көтеріліп суыт кеткен құдалар кешігіп, жеті күн өткенде әрең оралады. Сол арада ұзақтау кідіріп қалды. Бұл да амалсыз кідірген. Лима сәл іркіліп барып, ыңғайсызданып, қипақтап барып Арасанбаймен қатар отырды. Жазушы шығармасында қозғалу етістіктерінің өзге лексика-семантикалық топтарына жатпайтын мынадай етістіктер қолданылған: қыдыру, кезу, сенделу. Мысалы: Сәрсенбай екеуі ауылдағы азаматтардың үйіне қыдырды. Біраз уақыт көше кезді. Жора-жолдастарының көңілін қимай, сенделіп жүруші еді ғой. Сонымен Ә. Тарази шығармасының тілінде қимылдың обьектіге жақындығын; қимылдың обьектіден алыстауын білдіретін; белгілі бір межемен, кедергімен байланысты; сұйық заттың қозғалуымен байланысты қолданылатын етістіктер жиі қолданылған. Бұған қоса қозғалу етістігінің кішігірім лексика-семантикалық топтарынан басқа қимылдың біраз уақыт бәсеңдеуін білдіретін қозғалу етістіктері қолданылғандығы анықталып отыр.
Сөйлеуге қатысты етістіктер туралы айтылған пікірлер, жазылған еңбектер, семантикасына қарай топтау өзге топтарға қарағанда көбірек зерттелген. Мәселен, Н.К.Дмитриев, Н.З.Гаджиева, А.Коклянова, Г.Кулиев, Ә.Әбілқаевтар зерттеу обьектісі етіп, арнайы қарастырып, зерттегені аян. Бұл авторлар сөйлеуге қатысты етістік сөздерді этимологиясымен және түркі тілдерінің қайсысында сөйлеу етістігінің қайсысы кездесетіндігін, олардың қолданылуын, оның өзіндік ерекшелігін, семантикасын ашып бергені белгілі.
Н.З.Гаджиева мен А.А.Коклянова өз еңбектерінде сөйлеуге қатысты етістікті екі кішілеу топқа бөлген. Авторлар бірінші топқа таза сөйлеуге қатысты жататын түбір етістіктерді жатқызған. Ондай етістіктер көп емес, санаулы ғана, олар: айт, де, сөйле. Екінші топқа сөйлеу әрекетінде дифференцияланған етістіктерді жатқызған. Бұл топқа жататын етістіктер көбірек және көпшілігі актив қолданылады. Н.К.Дмитриев түркітліндегі етістіктерді алғаш рет сөйлеу, ойлау, қозғалу етсітіктері деп бөлгені белгілі. Ғалым сөйлеу етістіктерін «айт, де» етістіктернің аумағында қарайды да оларға «сөйле, гатер, лап ұру, геплемек, гүрүңлешмек» сияқты етістіктерді қосады. Ғалым А.С.Аманжолов «Көне түркі ескерткіштерінің тіліндегі меңгеру» деген еңбегінде сөйлеу етістіктерін өз алдына жеке топ ретінде қарастырған. Ал ғалым А.Ысқақов болса өзінің оқулығында ойлау мен сөйлеу етістіктерін (айт, сөйле, де, ескер, жатта) қосарлап бір лексика-семантикалық топ еткен. Бұл жөнініде М.Оразов мынадай пікір айтады: «Егер лексика-семантикалық топтарды бірін екіншісінен ажырату үшін лексикалық мағына негізгі белгі болса, онда сөйлеу етістігімен ойлау етістігін бір топқа енгізуге болмайды» [26,46].
Сондықтан ғалым М:Оразов сөйлеу етістіктерін жеке лексика-семантикалық топ ретінде бөліп, оны өз ішінен тармақтайды. Сөйлеу етістіктерінің жалпылауыш семалары дыбыс арқылы бір нәрсені, хабарды екінші біреуге жеткізуді білдіретін сема. Оларды мынадай кіші топтарға бөледі:
1. Хабарлау етістіктері
2. Сөйлесу етістігі
3. Сұрау-жауап мәнді сөйлесу етістіктері
4. Көңіл-күйге байланысты қолданылатын сөйлеу етістіктері.
5. Индивидуал қарым-қатынасты білдіретін сөйлеу етістіктері

  1. Бейнелік мәнді сөйлеу етістіктері. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің аға оқытушысы Таня Қапесова өзінің мақаласында сөйлеу етістіктернің семантикалық құрылысын былайша анықтайды:

а) баяндау, әлдене жайлы хабарлауды білдіретін етістіктер: айт, сөйле, де, сұра, хабарла, баянда, мәлімде, дәлелде, түсіндір, паш ет және басқалары;
ә) жағымды және жағымсыз сезімді айтылу барысын білдіретін етістіктер: мақтау, сайрау, бақыру, әкіреңдеу, балағаттау, қазбалау, жанжалдасу, жеку, қағыту, кекету, мұқату, бөсу және басқалар. Т.Қапесова сөйлеу етістіктерінің жасалу тәсіліне де тоқталады:
а) жоғары жиілікке не айтылу процесін білдіретін сөйлеу етістіктері айт, айтмоқ, айтмақ, әйтмек; де, демек, демоқ, демәк, диймек және олардың туынды тұлғалары.
ә) есімдерден немесе аффикстің жалғануы арқылы жасалған басқа сөз таптарынан жасалатын сөйлеу етістіктері –ла, -ле, -да, -де, -та, -те;
б) етіс аффикстернің жалғануымен етістіктің негізінен жасалған сөйлеу етістіктері;
в) сөйлеу етістіктерніңсинтетикалық және аналитикалық тәсілмен жасалуы.
Сөйлеу етістіктернің синтетикалық және аналитикалық тәсілмен жасалуы:
а) есім + етістік тіркесі;
ә) айтылу актісі мағынасына ие фразеологиялық және идиоматикалық білдіруі /шекісіп қалу, әзілге шаптыру, әңгіме-дүкен құру (қазақша); иккинчи хил айтганда, бошқаша қилиб айтганда, бошқа суз билан айтганда – иными словами, иначе говоря, сузидан қайтмоқ – отказаться от слов, сузини утказмоқ – влиять словами, суз очмоқ – начинать разговор, сузни бошқа еққа бурмоқ – перводить разговор на что-либо другое (өзбекше); геп астында галмак – быть предметом разговора, геп гездирмек – заниматься сплетнями, геп гайтармак – возражать, перечить (түркіменше); бурнундан конушмак – говорить в нос, сөзүнү гери алмак – взять свои слова обратно, юзүне карши сөйлемек – сказать примо в глаза (түрікше).
Сонымен қоса сөйлеу етістіктернің синтаксистік қызметтері де рай категориясы, модальдық пен шақтар (осы, өткен және келер); айтылудың тездігі (айтылу процесінің өту жылдамдығына қарай), уақытқа созылуына қарай (айта бастады, сөйлей жөнелді, сөзін бітірді) категорияларда қызмет ететіндігін атап өтті. Сөйлеу етістіктері (СЕ) нақтылық дәрежесімен (айт, сөйле, сұра, бұйыр, кеңес, үгітте, талқыла, сұхбаттас) және дерексіздік дәрежесімен (қағыт, тиіс, мысқылда, сайра, сыбырла, әкіреңде, күбірле, күңкілде) ажыратылады.
Барлық СЕ семантика-грамматикалық белгілеріне қарай екі түрге бөлінеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет