4. Қимылдың жоғарыдан төмен қарай бағытталғандығын білдіретін етістіктер: түсу, құлдилау, төмндеу, төгілу, құлау. Мысалы: Алматы поезынан түскені жаңа ғана еді. Енді қараса – қасындағы Қасқатай жоқ, құзға құлап кетіпті дейді. Балақай, сен мені жалғыз қалдырмашы!-деп Лима да құлады. …Маужырап барып қыз төсекке қайта құлаған, қайтадан әлгі түстің жалғасын көрді. Фашист болып автомат атып, өтірік жаралған болып шалқасынан құлап түскенін талай көрген.
5. Қимылдың төменнен жоғары қарай бағытталғандығын білдіретін етістіктер: шығу, өрмелеу, өршу. Мысалы: Ақырында ағасы жеңілдім дегендей үстіңгі полкаға шықты да, теріс қарап жатып қалды. Сол тартқаннан олар вокзалға барды,түнгі үште келетін Новосибирск-Ташкент поезына мінді. Поезға мін деді, бұл мінді.
6. Белгілі бір межемен, кедергімен байланысты қолданылатын қозғалу етістіктері: кіру, шығу, өту, асу, аттау, секіру. Мысалы: Ұлжан кешке дейін он кіріп, он шықты. ...Жылап жатқан қарындасының бөлмесіне кірді. Сырттан үлкен кебісін тырп-тырп сүйрете басып Ұлжан кірді. Шараның иығынан бүріп ұстаған қалпы ақырын ғана итеріп апарып, дәлізге шығарды да, қонақ бөлменің есігін сарт еткізіп қатты жапты. Сол тартқаннан олар келесі күні түске қарай «Қызылжиде» колхозынан бір-ақ шықты. Сөйтіп күз өткен, сөйтіп жүріп қыс өткен. Қарапайым ғана өмір кешіп, жарық дүниеге келгендегі өз парызыңды абыроймен атқарып, өкінішсіз, армансыз өмірден өту деп тоқтаған едім-ау. 5) Ленинградтық жігіт досының құшағынан тез босанып, сәкіден секіріп түсіп. Лима төсектен қарғып тұрды. Сыңсып жылап қалған Лиманы жеңгелері бар салтанатымен, бар рәсімімен жаңа үйдің босағасынан жетектеп аттатты.
7. Қимылдың тездігімен байланысты қолданылатын қозғалу етістіктері: шабу, желу, жүгіру,зырлау, табаны жерге тимеу. Мысалы: Әлгінде ғана мамық төсекке құлаған қыз енді мектеп ауласында жүгіріп келе жатыр. Үлкен қара сумканы құшақтап Арасанбай дүкенге жүгірді.
Достарыңызбен бөлісу: |