Хабарлау етістіктері. Бұл топқа енетін сөйлеу етістіктернің негізгі ядросы болып саналады да бір информацияны екінші біреуге хабарлау, білдіру мәнін білдіреді: сөйлеу, хабарлау, жеткізу, деректеу, дерек беру, хабар беру, аузынан шығып кету, арыз айту, тілге келді, сөзге араласты. Мысалы: Сондықтан да әлгі сыпылдақ жігіт Сәлімгерей бұған шынын айтқаны сөзсіз. Лима әрбір сөзін мәнерлеп айтты. Оны Ұлжан айтқан. –А, несі бар екен, айтсам, айтамын! Осы ауылға келгелі сіздің бірінші мәрте шешіліп сөйлегеніңіз. Ұзақ сөйледі, жазғырып, кінәлап сөйледі. Енді ауылыңа да, ата-анаңа да хабар берген жөн шығар. …Бәріңіз бір ауыздан шығарылсын деген ұсыныс білдіріп жатырсыздар, басшыларға жеткіземіз. Жүрер күні қарындасын оңаша бөлмеге шақырып. Қара мавр, қара зәңгі Ганнибал мен І-Петрдің тарихын осы ауылдағы біреудің тарихын айтқандай қарапайым тілмен баяндап кетті. Қорғанбай деген бұйра бас, сүйкімді бала терезе жақтан үн қатты. Бекер обалы қайсы, Сәрсенбай да, Ұлжан да бұған тікелей сөз салып, көксеулерін сездірген емес. …Болған істі баяндап, дертті де басып тастаудың амалын тапты. …Сөзін ірі қарай жалғады. Арасанбай бірінші болып тіл қатты. …Үй тапқанша бізбен бірге тұра беріңіз!- деп, Ұлжан аузын ашып, көмейін көрсетті. - Ол рас!- деді. Басқаларыңның ол екеуінде іс болмасын!- деп отыратын. Жиырма жас үлкен болса да, ол бұны «тәте» дейтін, жиырма жас кіші болса да бұл оны «балақай» дейтін. Қарапайым совет адамы дейміз ғой екі сөздің бірінде, дейміз,бірақ солардың кім екенін анық білмейміз [29,49].
Сөйлесу етістігі. Бұл топтағы етістіктерде сөзге араласушы біреу болмай екеу не одан да көп болады. Бұл етістіктер көбіне ортақ етіс формасында қолданылады: сөйлесу, әңгімелесу, әзілдесу, айтысу, келісу, тартысу. Мысалы: Мұндай мінезі жоқ еді, амандасып өткені болмаса Арасанбаймен ұзақ сөйлескен емес. …Қара костюм, ақ көйлек, қызыл галстук, ұзын бойлы жігітпен ұзақ сөйлесті. Менімен әзілдесердей ол кім еді? …Болған істі баяндап, солармен ақылдасып, кеңесіп, ақырында көршілес ауданның басшыларына сөз салып, дертті де басып тастаудың амалын тапты. Лимаш,-депті ағасы,- келістік қой, оқу жылы біткен соң өзім келем. Бұл келісті. …Енді екі Лима бір-бірімен айтысып кеткен тәрізді. Ұрысармыз, айтысармыз, тартысырмыз, бірақ сөгіс берумен немесе ескертумен тынармыз деп отырған. Баларамен ұғынысып, тіл табысып кетті ме екен дегенім ғой. Бір қызық жай: екеуі оңаша сөйлесіп, сырласып, тағдырларын қосуға келіскен күннен бастап, бір-біріне жолауға жүрексінетін әдет тапты. Ұлжанды ғана өзіне жақын тұтып бір мезгіл сонымен ғана шүйіркелесіп, оның айтқан сөздерін ғана тыңдап, бас шұлғып отыруды дағдысына айналдырды.
Достарыңызбен бөлісу: |