1. Бағыт-бағдарды білдірместен жалпы қозғалысты білдіретін етістіктер: жүру, шабу, секіру, сүңгу. Бұл топтағы етсітіктер де өз жолымен мынадай кіші семантикалық топтарға бөлінеді.
а) Жерде болатын қозғалысты білдіретін етістіктер: жүру, шабу, еңбектеу, сырғу, жорту, желу.
Мысалы, Сәрсенбай оның алдына тізерлеп отыра кетіпті. Қорадағы жоңышқа шетінде тізерлеп отыра қалып.
ә) Суда болатын қозғалысты білідретін етістіктер: жүзу, сүңгу, малту, қалқу, ағу.
б) Ауада болатын қозғалысты білдіретін етістіктер: ұшу, самғау, қалықтау, құлау, құлдилау.
2. Қимылдың обьектіге жақындығын білдіретін етістіктер: кел, жақында, жанас, маңайла, қапталда. Мысалы:Көктемгі каникул кезінде және келемін! Жыланша ысқырып жақындай бастады. Қара шашы қара көздерін айқындай түскен дағдысы бойынша күле келіп бұның қасына жанасты. Күтімсіз ұзарып кеткен мұртының бір ұшын тілімен жалап, босағаға сүйеніп тұрған. …Тістеніп автобус аялдамсына жеткен. …Сол тартқаннан келесі түні Өзбекстанның астанасына жетті. Қызылжидеде бір аптадай жүріп Жанәли аулына қайтты. Ташкенттің өзіне барып сандалып-сандалып босқа қайтатын. Бірақ қуанышты оралды. Көп кешікпей,апандай ақ дағараны сүйретіп, оң қолында тырна мойын жез құмған, қайта оралды [24,44].
3. Қимылдың обьектіден алыстауын білдіретін етістіктер: кет, жөне, зыт, қаш, табаныңды жалтырат, ұзақтау, алыстау, жоғалу, жөнелу. Мысалы: 1) А, несі бар екен, кетсем кетемін! Не деп кетті әлгі сусылдақ, қалжыңы ма, шыны ма? Ақымағым-ау, неге сонша қаштың. Қасқатай түк түсінер емес, неге қашамыз, кімнен қашамыз, қайда қашамыз? …Балаларын тез киіндіріп, сыртқа безе жөнелді. Асаталдан келген елу шақта адам түгелдей сый-құрмет алып, ризашылықпен жөнелді. Қарындасын аулада тұрған ақ «Жигулиге» отырғызды да, Жанәли станцияға тартты. Содан кейін үшеуі бірге шығып, мектепке қарай бет алды. А, несі бар екен, барсам, барамын! Ақырынды Майқорыққа барды. Сол тартқаннан олар вокзалға барды. Соңынан Арасанбай қуып келеді екен дейді. Күзде келе алмағаныма ренжіме, енді аттанам деп жүргенде, өзің білесің,Брежнев қайтыс болды.
Достарыңызбен бөлісу: |