Нормативтік сілтемелер анықтамалар кіріспе


Қалып сапа етістіктері, сезіну етістіктері, ойлау етістіктері, көңіл-күй етістіктері



бет22/40
Дата25.11.2023
өлшемі209.14 Kb.
#484435
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40
алпысбаева акмарал

2.2 Қалып сапа етістіктері, сезіну етістіктері, ойлау етістіктері, көңіл-күй етістіктері

Якут тілінің маманы Л.Н.Харитонов етістіктерді үш топқа саралап «қалып-сапа етістіктерін» жеке топ ретінде қарастырған. Ғалым Г.К.Кулиев етістіктердің алтыншы мағыналық тобын «қалып етістіктері» деп атаған. «Современный казахский язык» атты еңбекте «қалып-күй етістіктеріне» (глаголы со значением состояния): тұр, отыр, жүр, жатыр, ұйықта, тыңда, тынық, сез, аңда, қуан, күйін, жыла, жөтел, жуын, ерін сияқты етістіктері жатқызылған .И.Е.Маманов еңбегінде тынығу, жүдеу, арықтау, жабығу етістіктерін «қалып-күй процесін білдіретін етістіктер» тобына енгізген [31,51].


А.Хасенова бұл мағыналық топты «субьектінің қалып, сапалық өзгеру процесімен байланысты айтылатын етістіктер» деп қолданса, Н.Оралбаева «адамның, заттың қалпын білдіретін етістіктер» деп атаған
«Қазақ тілінің грамматикасында» «субьктінің қалып, сапалық өзгеру процесімен байланысты айтылатын етістіктер» деген терминмен аталған.А.Ә.Османова «Жай-күй я қалыпты білдіретін синонимдес етістіктер көбінесе салт етістіктерден болады және олар жалпы мағыналық жақындығына қарай процесті бір күйден басқа күйге я қалыпқа өзгеретіндігін білдіреді», - деп анықтама берген. Ғалым А.Ысқақов «қалып-сапа етістіктерін» жеке бөліп алып, оған: жат, жантай, тұр, тос, күт, ұлғай тәрізді етістіктерді жатқызған. Түркі тілдеріндегі етістіктердің семантикалық топтары туралы пікір айтқан ғалымдарымыздың барлығы да сапа не белгі процесін білдіретін етістіктерді қалып-сапа етістіктердің жеке тобы не күрделі тематикалық топтың бір элементі ретінде көрсетеді. Барлық тілшілер мұндай етістіктердің аясын, көлемін бір дәрежеде анықтамайды. Сондықтан қазақ тіл білімінде де бұл етістіктер бір ізбен зерттелініп, бірдей топтастырылып жүрген жоқ. Қалып пен сапа бір түсінік емес, бір-бірімен үштас та емес. Сапа – заттардың ішкі қасиеттеріне тән түсінік болса, қалып – уақыт пен кеңістікпен тікелей байланысты болады. Сапа – заттың, адамның ішкі қасиеті. Бірақ етістіктер сапалық қатынаста қолданылғанда оның өзгеруін, дамуын білдіреді.
Көп жағдайда сандық өзгеріс бірітіндеп сапалық өзгеріске алып келеді. Демек, сапалық өзгеріс дамудың соңғы сатысы. Сапа я белгі процесін білдіретін етістіктер: ескіру-көнеру-тозу, көбею-арту-молаю, азаю-ортаю-кему, кею-зораю-ұлғаю, биіктеу-жоғарылау, алысттау-қашықтау-ұзау, жақындау-жуықтау-таяу, қараю-тотығу, өшу-сөну, бозару-сұрлану-көгеру. Жалпы сапа я белгі процесін білдіретін етістіктерді өз ішінен мағынасына қарай екіге бөлеміз:

  1. Органикалық дүниедегі физикалық өзгерістерді, оқиғаларды білдіретін етістіктер, мәселен, «өлу-қайтыс болу, сауығу-тәуір болу, азу-арықтау, күшею-қуаттану».

2) Өлі организмге өзгеріс енгізетін етістіктер: «иістену-бұзылу, ескіру-өнеру-тозу, көгеру-көктеу-өсу, мұздау-жаурау-тоңу». Бұл екеуінің арасында негізгі қарым-қатынас, екеуінде де өтетін сапалық процесс бірдей. Яғни қайсысында болса да сапа, қалып өзгерісі болады. Бірақ, біріншісі, тірі организмдерде жан-жануарға көбіне адамға байланысты өзгеріс процестерді білдірсе, екіншісі, жансыз заттарға қатысты процестерді білдіреді [32,52].
Ал ғалым М.Оразов бұл мағыналық топты «қалып сапа етістіктері» деген терминмен атап, былайша түсіндіреді «Етістіктің бұл мағыналық тобы қимыл-әрекетті білдірместен қимылдың не заттың қалпын, қимылдық белгісінің бір дәрежеде болуын білдіреді: жантаю, шынтақтау, отыру, тұру, ояу, семіру. Бұл етістіктерді ғалымдарымыз қалып сапа не қалып-күй етістіктері деп атап жүр». Ғалым семалардың арақатынасын салыстырып, оларды бірнеше топқа бөледі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет