Нормативтік сілтемелер анықтамалар кіріспе



бет23/40
Дата25.11.2023
өлшемі209.14 Kb.
#484435
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40
алпысбаева акмарал

1. Қалып сапа етістіктері. Бұл етістіктер, көбінесе, иелік зат есімдерге не сын есімдерге байланысты қалып сапаны білдіреді де, сол сапаның біртіндеп өзгеруін не тұрақтылығын анық көрсетеді: ұзаю, азаю, көгеру, көбею, ағару, қалыңдау, сөну (от сөну), жану (шам жану), шіру. Мәселен, Ә. Тарази шығармасында осындай мағыналық топтағы етістіктер кездеседі. Мысалы: Терезе бозарып, бөлме іші алакеуім тартқан кезде тағы да, тық-тық басып, Арасанбай сыртқа шыққан сыңай танытты. Сәрсенбайдың мұрны тәмпіштеу еді, ылғи тершіп тұратын, бұл жолы тіпті мұрны ұзарып, бір құлаш болып кетіпті. …Кластарыңда артта қалатын бала болмасын, орташа оқитын балалардың да санын азайтыңдар деп қақсап отырғаны. Енді шалқасынан жатып, жастығын биіктеп, бөлме ішін қадағалай шолып шықты. Кенет әлгі бармақ басындай қара тағы да қыбыр етті де бұрынғыдан әлдеқайда үлкейіп, тарамданып шыға келді. … Шамды өшіріп шығып кетті. Бүгін ол салт бұзылды. Арасанбай тұрған орнында қатып қалған. … Өз ойын өзі өрбітіп кетті. Дау-жанжал өршіп, бұл кезде ауданға жеткен. … Алматыда жиналыста жүрген Жанәлидің қайта оралуын күткен. Бұл сөйлемдердегі «тотығу, өрбу, өршу» етістіктері ауыспалы мағынада қолданылып тұр.
2. Адамның не жанды заттардың қалып-күйін білдіретін етістіктер. Мысалы, азу, толу, семіру, жантаю, қисаю, ұйықтау, ояу, ауру, өлу, ісу, жүдеу, шаршау, арықтау. Сәрсенбайдың әйелі іркілдеп семіріп кеткен. Жанәлидің келгеніне қуанғаны сонша, төргі қонақ бөлмеге кіріп, Жанәли құрақ көрпе үстіне жантайып жайласқан. Табиғатында нәзік еді, соңғы бір жыл ішінде мүлде арып, шүңірейген қос жанары ғана қалған. – Рақмет, әпке, жақсылап ұйықтасам, басым өзі-ақ жазылады. Лиманың жаны байыз тауып шалқасынан жатқан күйі маужырап көзі ілініп кетіпті. Жазылып, ел қатарына дегеннің өзінде Лима және де жыл жарымдай не істеп, не қойғанын білмейтін. Әбден алқынып, шаршап, демалып отырған кезде Николайға тағы бір ой келді. Тынығып қалыпты. Дел-сал болып аяқ-қолдары өзіне бағынбай, көздері бақырайып, жарты жылдай төске тартып жатқан. Мнаға «ендеше» деген сөз оқтын-оқтын қыз санасын соғып өтіп, есеңгіретіп кете берді. Ақыры әлсіреп, аузынан көбік ағып, еденге құлап түсті. Бұл кезде Ұлжан оянып, сиыр сауып жүр еді. Сәрсенбай аға да ерте оянды. Мен қазір оянамын, көзімді ашамын. Сол сәтте ошып оянған. Қалаша киінген сыпайы кейпім болмаса, ішім өлген, енді маған бәрібір. Ақ сұңқар мерт болды. Өзің білесің, Брежнев қайтыс болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет