3. Есту етістіктері. Бұл етістіктер құрамының қызметімен байланысты болады да оларға: тыңдау, есту, құлақ салу, құлаққа жету, құлақ түру етістіктері жатады. Мысалы: Алты баланың анасы болып үлгерген Ұлжанды ғана өзіне жақын тұтып бір мезгіл сонымен ғана шүйіркелесіп, оның айтқан сөздерін ғана тыңдап, соның айтқан мәмлесіне бас шұлғып отыруды дағдсына айналдырды. Лима ағасын үнсіз тыңдаған. Жанәли келді, естіді, күн-ұзақ тырс етпей жатты, ақырында Майқорыққа барды. Әулиеата жақта деп естуші едім, бар екенсің, азаматым! Кенет сарқыраған үн естілді. Алғашқы кездері сондай дөрекі сөздерді естігенде, Лиманың жаны ине басып алғандай шығандап кететін.
4. Иіске байланысты етістіктер. Оларға сасу, мүңку, мүңк ету, аңқу, бұзылу, иістену, мұрынды жару етістіктері енеді. Ал, ғалым Л.М.Васильев етістіктің бұл мағыналық тобын «Глаголы обоняния» деп атап, оған обонять – нюхать етістіктерін жатқызады. Сонымен қатар «пахнуть, благоухать, ударять в нос, вонять, разить, смердеть» сияқты етістіктерін «иіс» семасымен байланысатындықтан, «иіс шығу» (издавать запах) мағынасын білдіретіндіктен осы мағыналық топқа жатқызған [37,57]. Ғалым М.Оразов болса «иіскеу» етістігін бұл мағыналық топта бермеген. Ал, біздіңше, «иіскеу» етістігі бұл мағыналық топтың негізгі ядросы бола алады. Мысалы: Арт жағынан келіп құшақтап, шашынан иіскеді. Сондықтан ғалым Л.М.Васильевтің пікіріне сүйене отырып, бұл мағыналық топты иіске байланысты етістіктер немесе иіс түйсік етістіктері деп атағанды жөн санаймыз.
5. Теріге байланысты сезіну етістіктері. Оларға жаурау, қышу, ауру, сыздау, тоңу, ұю, сыну (басым сынып барады), жану (денесі жанып барады).
Теріге байланысты жазушы шығармасында тершу, терлеу, жіпсу етістіктері кезедеседі. Мысалы: Сәрсенбайдың мұрны тәмпіштеу еді, ылғи тершіп тұратын. Шолақтау мұрнының ұшы шып-шып етіп терлеп. Маңдайың жіпсіді, тәуір болып қалдың! Ғалым Л.М.Васильев етістіктің бұл мағыналық тобы жайында мынадай пікір айтады: «Осязательное восприятие (ощущение) обозначает глагол «осязать». Обьектілі өзара байланысты «щупать, прощупывать» етістіктерін жатқызады. Ал, біз, өзіміздің жұмысымызда бұл мағыналық топты «Сипап - сезу етістігі» деп атап, оған сипау, сипалау етістіктерін енгіземіз.
Ә. Тарази шығармасының тілінде бұндай етістіктер ұшырасады. Мысалы: Қарындасының жайылып жатқан қара шашынан сипап, біраз кідіріп. Мұның маңдайынан өзінің күс-күс алақандарымен сипап өтті. Осы пәрменді күткендей Лимадан басқалары алақандары мен беттерін сипады.
Қорыта айтқанда, орыс тіл білімінде сезіну етісіктері жүйеленген мағыналық топ болса, ал қазақ тіл білімінде сезіну етістіктері мен оның мағыналық топтары жан-жақты зерттеуді талап етітін мәселе болғандықтан, жазушы шығармасында бұл мағыналық топтың басқа лексика-семантикалық топтармен салыстырғанды пассив қолданылған. Сезіну етістіктерінің ішіндегі ең жиі кездесетіні көру етістігі екендігі байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |