Нормативтік сілтемелер анықтамалар кіріспе


Қимылдың орындалу тәсілімен байланысты қолданылатын бейнелеу етістіктері



бет36/40
Дата25.11.2023
өлшемі209.14 Kb.
#484435
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
алпысбаева акмарал

5. Қимылдың орындалу тәсілімен байланысты қолданылатын бейнелеу етістіктері: теңселу, қайқаңдау, елбектеу, далбаңдау, ербеңдеу, ербию, көлбеңдеу, жалпылдау, ойқастау, жалп-жалп ету. Мысалы: Қара жігіт теңселе басып шығып кеткен, көп кешікпей құйрығы жерге салбыраған қасқа қойды екі аяғынан дырылдата сүйреп. Институт бітіріп келген жылдары Ұлжан да мен құсап биік өкше туфли киіп, қайқаңдамады деймісің? Ал әзірше ақ көңіл аңқылдаған сары жігіт Жанәли мен оның қарындасын құрақтай иіліп қарсы алды. – Жайшылық па, жаным-ау! – деп Жанәли мысқылдай мырс етті. Сәрсенбайға қарап Жанәли айбат шегіп, гүж-гүж етеді. –Шыдайсың, тырп етпейсің, одан әрі не істейтінімізді жазда келгенде айтамын! Дәрігерлер жас жігіт пен жас қыз еңкейіп, Күләйдің үстіне төніп [53,80]
Жазушы шығармасында дыбыс-сес және бейнелеу етістіктернің табиғат дыбыстарымен және табиғат көрінісне байланысты қолданылатын етістіктері бұл мағыналық топтың өзге топтарымен салыстырғанда сирек кездесетінін тілдік деректер дәлеледейді. Етістіктің бұл мағыналық тобы «Современный казахский язык» атты еңбекте «қалыптасу мәнді етістіктер» деген терминмен аталып, мынадай мысалдыар берілген: қоздады, боталады, күшіктеді, құлындады, жұмыртқалады, айық. өс, сөгілу, үлкею, молаю, кішірею. Ал «Қазақ тілінің грамматикасында» қазіргі таңдағы өсіп-өну етістіктерін «ішкі обьектілі салт етістіктері» деп , оның өзін іштей 2 топқа бөлген:
а) қозда, бұзаула, күшікте, құлында, ботала, жұмыртқала;
ә) гүлде, жапырақта, шапалақта, тісте, қана тағы басқа осы сияқты мысалдыр келтірілген.А.Хасенова да осындай мағыналық топтағы етістіктерді «ішкі обьектілі салт етістіктер» деген термин аясында қарастырған.
Ғалым И.Е.Маманов өз еңбегінде «туу, өсу қимылын білдіретін етістіктер» тобының құрамына балалау, қоздау, боталау етістіктерін жатқызған.
А.Ысқақов болса «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында «өсіп-өну етістіктерінің» құрамына балала, жапырақта, гүлде, өс, өн етістіктерін көрсеткен.Ал ғалым М.Оразов «өсіп-өну етістіктерін» іштей үш топқа бөлген:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет