Көгілдір ақық (Зүбәржат) ұйымдар қызғылт сары мен жасыл компаниялардың ең үздік қызметтерін алды. Қызғылт сарылардан сыртқы компаниялармен бәсекелестікке түсу деген ниеттерін, ал жасылдардан – команда болуға ұмтылысын алды. Болашақ ұйымның ең басты белгісі – өзін-өзі басқару, дегенмен бұл қызметкерлер ойына келгенін істейді деген сөз емес. Бұл –бақылауда болатын өзін-өзі басқару. Өзін-өзі басқаратын командаларда басшы – үстіңізден қарап тұратын сақшы емес, ол – тәлімгер.Ол жұмысты бақыламайды, ол оқытады және ұсыныстар береді. Жоспарлау мен бюджеттеудің орнына көгілдір ақық (зүбәржат) командалар ішкі кеңестерге құлақ түреді, бұл кеңес беруге бүкіл команда қатысады.
Сіз болашақта жеке кәсіпкер болған кезіңізде қандай компания ұйымдастыратыныңызды өзіңіз таңдайсыз. Ең бастысы, бизнесте әріптестерінің, клиенттерінің, қызметкерлерінің, мемлекет пен қоғамның алдындағы өзінің міндеттемелеріне неғұрлым жауапкершілікпен қараса, ол соғұрлым табысты болады. Болашақтағы компаниялар ынтымақтастық пен эмпатия принциптеріне (өзгелер үшін алаңдау) негізделген. Нәтижесінде кәсіпкерліктің пайдалы болуына (өйткені үдеріске қатысушылардың барлығына жұмысты адалдық пен теңдік қағидаларына негізделіп жүргізу ұнайды), қоғамның одан әрі дамуына алып келеді.
3-тапсырма
Ал енді бес топқа бөлініңіздер. Әрбір топ кәсіпкерліктің көтеретін жауапкершілігін сипаттап, мысалдар келтіруге және табысын айтуы керек.1-топ: әріптестердің алдында; 2-топ: тұтынушылардың алдында; 3-топ: қызметкерлердің алдында; 4-топ: мемлекеттің алдында; 5-топ: қоғамның алдында.
Білім алушылар тапсырма орындағанда курс барысында жұмыс жасаған стартаптарды үлгі ретінде ала отырып, жауапкершіліктің түрлері туралы айтып бере алады. Бұл оларға жалпылама жауапкершілікті емес, әлеуетті бизнестерінде туындауы мүмкін нақты жауапкершілік туралы ойлануға көмектеседі.
Құрметті студенттер!
Міне, біз «Кәсіпкерлік негіздері» курсын аяқтадық. Енді Сізге өз бизнес-жобаңызды оқытушының (комиссия) алдында қорғау және сертификатқа ие болу міндеті тұр.
Сізге кәсіпкерлік қызметте сәттіліктер тілейміз!
Достарыңызбен бөлісу: |