Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал


Салық салу – мемлекеттің салықтарды белгілеу, енгізу және алу жөніндегі қызметінің жиынтығы. Салық салынатын табыс



бет209/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   223
Китап касипкерлик

Салық салу мемлекеттің салықтарды белгілеу, енгізу және алу жөніндегі қызметінің жиынтығы.
Салық салынатын табыс – түзетулер мен шегерімдерді ескере отырып, жылдық жиынтық табыс арасындағы айырма.
Салық төлеуші – салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлейтін тұлға және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі.
Салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоты – бюджетке салықтар мен төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдардың алынған, есептелген (азайтылған), аударылған және төленген (есепке алынған және қайтарылған) сомаларын есепке алу үшін, соның ішінде электрондық түрде жазылатын құжат.
Салық төлеушінің электрондық құжаты– белгіленген электрондық форматта берілген, оны қабылдағаннан және дәлме-дәлдігі расталғаннан кейін салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат.
Салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның салық төлеушіге тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық белгілер жиынтығы.
Салықтар – Салық кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізілетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипаттағы бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер.
Сату – сату, айырбастау, өтеусіз беру мақсатында тауарларды не өзге мүлікті тиеп-жөнелту және (немесе) беру, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету, лизинг шарты бойынша мүлікті беру, сондай-ақ борышкер кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған кезде кепілге салынған тауарларды кепіл алушыға беру.
Сату арналары – тауар немесе қызмет туралы ақпараттың әлеуетті тұтынушыларға жету тәсілі және нәтижесінде сатып алу жүзеге асырылатын жол.
Сату арнасынан түсетін табыс (Totalprofit) – төлейтін клиенттің санына және бір клиенттен түсетін табысқа байланысты сату арнасынан түсетін кірістер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет