Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал



бет208/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   223
Китап касипкерлик

Өндірістік кооператив – жеке еңбекке қатысу негізінде бірлескен кәсіпкерлік қызметке мүшелік негізіндегі азаматтардың ерікті бірлестігі және мүліктік салымдар мүшелерінің бірлестігі
Өндіруші – Қазақстан Республикасында сату үшін тауар өндіретін жеке немесе заңды тұлға.
Өнім − үдерістің немесе қызметтің нәтижесі.
Өсімпұл − салықтарды және салықтық емес төлемдерді төлеу мерзімін өткізіп алған кезде, сондай-ақ алынған тауар-материалдық қаражатты, көрсетілген қызметтерді және орындалған жұмыстарды төлеуді кешіктірген кезде қолданылатын қаржылық міндеттемелерді уақытында орындамағаны үшін салынатын санкция. Орындалмаған міндеттеме сомасына мерзімі өткен әрбір күн үшін пайызбен есептеледі. Ө. мерзімінде төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасына есептелетін мөлшер.
Өткізуді ынталандыру – маркетингтік коммуникацияның бір түрі,тауарды сатуды жеделдету мақсатында өндірушіден тұтынушыға дейін логистикалық (тарату) және өткізу арналары арқылы тауардың бүкіл бағыты бойынша іс-шаралар жиынтығы.
Партизандық маркетинг (guerrilla marketing) – өз тауарларын немесе қызметтерін тиімді жылжытуға, жаңа клиенттер тартуға және қаражат салмай немесе қаражат салмай-ақ өз табысын арттыруға мүмкіндік беретін жарнама мен маркетингтің бюджеті аз тәсілдері.
Пассивті сату – клиенттердің сіздің тауарыңызға, қызметіңізге мұқтаждығы бар және олар сізді өздері іздеп табады.
Патент – төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын және әлеуметтік салықты қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу фактісін растайтын құжат.
Рayback period – жинақталған дисконтталған ақша ағыны көбейетін бірінші ай. Бұл – жобаның өтелу мерзімі.
Ресурстар – қандай да бір түпкілікті нәтиже алу үшін бизнес-үдерістерді орындау барысында іске қосатын объектілер (материалдық немесе материалдық емес) тізбесі.
Сақтандыру – сақтандыру жағдайы немесе сақтандыру шартында айқындалған өзге де оқиғалар басталған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүліктік мүдделерін сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру төлемі арқылы қорғау жөніндегі қатынастар кешені.
Салық режимі – Салық кодексінде белгіленген салық және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша барлық салық міндеттемесін есептеу кезінде салық төлеуші қолданатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасы нормаларының жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет