Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал



бет207/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   223
Китап касипкерлик

Мемлекеттік гранттар – өз кәсібін іске асыратын немесе жүзеге асыруды жоспарлаған Бағдарлама қатысушыларына тегін және қайтарымсыз негізде беріледі.
Менеджер − жалдамалы кәсіби басқарушы немесе өндірісті басқару жөніндегі маман.
Менеджмент – өндірісті басқару, өндірістің тиімділігін арттыру және табысты көбейту мақсатында әзірленетін және қолданылатын өндірісті басқару принциптерінің, әдістерінің, құралдары мен нысандарының жиынтығы.
Ментор (тәлімгер) – стартапқа кеңесші ретінде тартылатын қажетті құзіреттіліктері бар тәжірибелі тәлімгер.
Мәміле − азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған іс-әрекеттері.
Модель «4P» – маркетингтің төрт негізгі элементін қамтитын аббревиатура: өнім (product), баға (price), тарату (place), жылжыту (promotion).
Мүлікке салынатын салық – оны төлеуге Қазақстан Республикасының аумағында жеке меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар, сондай-ақ концессия шарты бойынша концессионер міндеттеледі. Бұл салық жергілікті бюджетке түседі.
Нарық – экономиканың тауар айналымы және ақшаны тауарға кері айналдыру үдерісі жүргізілетін саласы; экономиканың әр түрлі саласында өндірілген тауарлар массасын сатып алу-сатудың өзара байланысты актілерінің жиынтығы.
Оқиғалар маркетингі (event marketing) – нақты немесе ойдан шығарылған, белгілі немесе нақты науқан үшін арнайы құрылған маңызды оқиға арқылы компания мүддесін жылжыту тәжірибесі.
Опцион – серіктес белгілі бір көрсеткіштерге жеткенде кейбір пайыз немесе тіркелген сома түрінде бонус табады.
Орташа чек (Average Price) – төлемнің орташа мөлшерін көрсетеді.
Өндіріс шығындары − өнім өндіруге жұмсалған жұмыс күшінің жалпы құны. Олардың нақты құны тауар өндіруге жұмсалған жұмыс уақытымен өлшенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет