Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал


Қызметтер – мұқтаж және заттай нысаны жоқ адамдар үшін жүзеге асырылатын іс-әрекеттер болып табылады. Лендинг-пейдж



бет206/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   223
Китап касипкерлик

Қызметтер – мұқтаж және заттай нысаны жоқ адамдар үшін жүзеге асырылатын іс-әрекеттер болып табылады.
Лендинг-пейдж – әлеуетті клиенттің жарнаманы басқаннан кейін немесе іздеу нәтижесінде түсетінавтономдыинтернет парақша.
Лизинг – жалдау нысаны жабдық болып табылатын жалдаудың ерекше түрі.
Лицензия – тиісті уәкілетті мемлекеттік органның жеке немесе заңды тұлғаға белгілі бір қызмет түрімен айналысуға немесе белгілі бір іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға берген рұқсаты.
Лицензиялау– лицензиар (қандайда бір белгілі құқықтардың иесі) лицензиатқа (бұл құқықтар тұрақты немесе уақытша негізде берілетін тұлға) қаламақы немесе лицензиялық төлемақы орнына өндіріс үдерісінің технологиясын, тауар белгісін, патентті және т.б. пайдалану құқығын береді.
Мажоритарлық/миноритарлық – мажоритарлықтың бизнесте зор үлесі болады және негізгі шешімдерді қабылдайды, миноритарлық жетіспейтін құзіреттіліктерді жабады.
Мақсатты аудитория – кейбір жалпы сипаттамалары, қасиеттері, мүдделері бар адамдар тобы, сондықтан ықтималдығы жоғары нақты ұсынылатын тауарларға немесе қызметтерге назар аударады, өнімді жасаушылар күтетіндіктен, маркетингтік ұсыныстарға немесе ұрандарға жауап береді.
Мамандық − білім туралы тиісті құжаттармен расталатын, адамның еңбек қызметінің негізгі түрі.
Мамандық – білім туралы тиісті құжаттармен расталған белгілі бір қызмет түрі үшін қажетті білім, білік және дағды, жұмыс тәжірибесі мен мақсатты дайындық жолымен алынған білім кешені.
Маркетинг – бұл компанияның клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы табыс табуға бағытталған іс-әрекеттері.
Маркетингтік зерттеулер – нарықтың жағдайы туралы ақпаратты зерттеу, талдау және өңдеу.
Маркетингтік қызметтер – тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өндіру және олардың сауда айналымы үшін, соның ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сипаттауды, баға стратегиясы мен жарнама стратегиясын әзірлеуді экономикалық тұрғыда жақсарту жөніндегі шараларды айқындау мақсатымен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өндіру менсауда айналымы саласындағы зерттеулермен, талдаумен, жоспарлаумен және болжам жасаумен байланысты қызметтер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет