Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал



бет41/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   223
Китап касипкерлик

10.Өткізу нарығы. Саладағы істердің жағдайы, әлеуетті тұтынушылар, нарықтық конъюнктура сипатталады. Бөлім сала бойынша өсу қарқынын, әлеуетті тұтынушыларды талдау үшін қажет.
11. Кірістерді анықтау. Өндірістің түрлері, өнімдер мен жұмыстар және қызметтердің өзіндік құны, баға белгілеу, салық салу, шегерімдер мен инфляцияны ескере отырып, жалпы және таза табыс алу шарттары.
12. Қаржылық жоспар. Сату көлемінің болжамы, ақшалай қаражатты шығыстар мен түсімдер балансы. Кірістер мен шығыстар кестесі, компанияның активтері мен пассивтерінің жиынтық балансы, залалсыздық қозғалысының кестесі. Бөлімнің мақсаты–компания қызметін қаржылық талдау. Қаражат шығыстары мен түсімдердің, залалсыздықтың, кірістер мен шығындардың балансын талдау, қаржылық жағдайды нығайту үшін резервтерді анықтау.
13. Экономикалық, коммерциялық және әлеуметтік тиімділікті бағалау. Бөлімде есептік көрсеткіштер және олардың түсіндірмесі сипатталады: шығындардың өтелу мерзімі, инвестициялардың рентабельділігі, жобаның залалсыздық нүктесі және т.б. Бөлімнің мақсаты–инвестициялардың экономикалық, коммерциялық, бюджеттік, әлеуметтік тиімділігін бағалау.
14. Тәуекелдерді талдау және қарсы тұру шаралары. Тәуекелдің түрлері, олардың пайда болу себептері, ықтимал залал. Тәуекелдің алдын алу шаралары. Тәуекелдерден сақтандыру және сыртқы сақтандыру бағдарламалары. Бөлімнің мақсаты –көздері мен себептері бойынша тәуекелдерді талдау. Тәуекелдің алдын алу механизмін, қарсы тұру түрлері мен шарттарын іздеу.
Отандық тәжірибедегі бизнес-жоспардың үлгілік құрылымы:



1. Кіріспе

2. Компанияның сипаттамасы

3. Өнімнің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің)сипаттамасы

4. Нарықты және бәсекелестерді талдау

5. Маркетингтік жоспар

6. Өндіріс жоспары

7. Ұйымдастыру жоспары

8. Қаржы жоспары

9. Инвестициялық жоспар

10. Тәуекелдерді талдау

11. Қосымшалар

Бизнес-жоспарға қосымшаларда заңды және құқықтық сипаттағы құжаттар (құрылтай құжаттары, ресурстарды иелену немесе пайдалану құқығы және т.б.) келтіріледі.


Әрине, бизнес-жоспар – сіздің жобаңыздың дамуының және жұмыс істеу үлгісі. Күтпеген жағдайлар пайда болуы мүмкін екенін есте ұстаңыз, себебі сіз кәсіпкерлікті қағаз жүзіндеемес, нақты өмірде бастайсыз.Алайда, егер сіз ұсыныстарды ұстансаңыз, сіз көптеген мәселелерді болдырмауға мүмкіндік беретін толық және жұмыс бизнес-жоспарын жасай аласыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет