Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал


Бизнес-модель ме, әлде бизнес-жоспар ма?



бет42/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   223
Китап касипкерлик

Бизнес-модель ме, әлде бизнес-жоспар ма?
Осы кезеңде сіз бизнес-модельдермен және бизнес жоспармен танысасыз. Бірақ мәселе бұрынғысынша қалады: «Бизнес-модель мен бизнес-жоспар арасындағы айырмашылық неде?». Жауабы қарапайым: бизнес-модель –бұл сызба, ал бизнес-жоспар – есептеулер мен нақтылығы. Сіздің бизнес-моделіңіздің негізінде уақыт өте келе осы модельді іске асырудың бизнес-жоспары әзірленеді.
Бизнес-жоспарда компанияның/жобаның мақсаттары мен миссиясы, құнды ұсыныстарды жасау кезіндегі негізгі құзыреттер, қызметтің негізгі ережелері, негізгі іргетасы бизнес-модель болып табылатын компанияның белгілі бір кезеңге дамуы жүйеленеді.
Бизнес-модельді әзірлеу компанияны дайындаудағы алғашқы қадам болып табылады және бизнес-жоспардан бұрын құрылады.Бизнес-модельдің және бизнес-жоспардың құрылымының салыстырылуын сіз 1-суреттен көре аласыз.Бизнес-жоспарды құру үдерісін талдау осы үдерістің өнімі ретіндегі бизнес жоспар мен кез келген жоспарлау үдерісінің шыққан жері ретіндегі бизнес-модель арасындағы байланысты көрсетеді.Бизнес-модель бизнес-жоспардың негізін құрайдыжәне кәсіпкерліктің негізгі бағыттарын жоспарлау үдерісін жеңілдете алады.
Бизнес-модель кәсіпкерліктің төрт негізгі элементіне негізделген: клиенттер, ұсыныс, инфрақұрылым және қаржылық тұрақтылық. Бұл элементтер бизнес-жоспарда егжей-тегжейлі қарастырылады.Сізде негіз бар болса, жоспарлауды бастау оңай. Бизнес-модельдің көмегімен жоспарлау үдерісінде сіздің назарыңыз дұрыс нәрселерге түседі.Олар өзара байланысты болғандықтан, бұл екі құрал бір-біріне сәйкес келуі керек. Осылайша, егер бизнес-модель өзгерсе, ол компанияның немесе жобаның жаңа идеяларына сәйкес келуі үшін бизнес-жоспарды қайта жасау қажет болады.



Бизнес-модельдің және бизнес-жоспардың құрылымын салыстыру
Өзіндік жұмыстың тапсырмасы
Өзіңіз өткен сабақта жасаған бизнес-модельді бизнес-жоспарға қалай өзгертуге болатынытуралы ойланып көріңіз. Енді сіз бизнес-жоспар қалай құрылатынын білесіз. Осы курстың соңына дейін өз стартапыңызға арналған жұмыс дәптерінің соңында келтірілген бизнес-жоспар шаблонын пайдалана отырып, командаңызбен бизнес-жоспар құрыңыз. Осы аптада идеяңызды нақтылап, бизнес-жоспардың түйіндемесін жазыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет