3-тапсырма
Таңдағаныңызды жазыңыз:
а) телефон қоңырауының скрипті;
ә) жарнамалық тарату мәтіні мен макеті;
б) электронды хаттың мәтіні;
в) СМС-хабарлама мәтіні;
г) сіздің стартапыңыздың «ұйықтап жатқан» клиенттерімен жұмыс істеу үшін қосымша ынталандыру ұсынысының мәтіні.
5.3. Сату техникасы
Сату түрлері
Әрбір бизнес үшін сату мәселесінің маңыздылығы сонша, біз сіздермен клиенттерді тарту, ұстап қалу және олардың санын көбейту тәсілдерін талдаған соң, қазіргі бизнесмендер пайдаланатын сату техникасы туралы бөлек әңгімелейміз.
Бірақ оған дейін– сіз нақты не сатасыз деген маңызды сәтке тоқталып өту керек. Егер сізде шаштараз болса, клиенттермен сөйлесе отырып, сіз шаштараздың өзін емес, оның қызметтерін сатасыз. Дәл қандай қызметті сататыныңыз – өзіңіз сөйлесіп отырған клиентке байланысты.Егер сіз өзіңіз туралы еш нәрсе естімеген клиентпен сөйлесіп отырсаңыз, онда оған шаштаразыңыздың қаншалықты керемет екені, ондағы жиһаздың тамашалығы, мықты шеберлер жұмыс істейтіні және т.б. туралы айтудың мәні жоқ. Мұның бәрін сіз шаштараздың өзін сатқан кезде айтсаңыз орынды болады.Бірақ сіз қызметті сатасыз. Сондықтан, егер сіз жас баланың анасымен қарым-қатынас жасап отырсаңыз, сіз балаларға арналған шаш қию қызметі бар екенін, қызметтің баланың ішін пыстырмай жылдам көрсетілетінін, баланың көңілін аулау үшін мультфильмдер қойылатынын және т.б. туралы айтсаңыз болады. Егер сіз шашы боялған жас қызбен сөйлесіп отырсаңыз, шаш бояу және мелирлеу қызметтері бар екенін, балаяж шаш бояу техникасы және т.б.туралы айтып берсеңіз болады. Егер сіз ер адаммен сөйлесіп отырсаңыз, оған ерлердің шашын қиятын қызметтер және т.б. туралы айтып бере аласыз.
1-тапсырма
Сатудың түрлі түрлерін және техникасын зерделеуді бастағанға дейін өз стартап командаларыңызбен жиналып, 5 минуттық брейнсторминг өткізіңіз және нақты не сататындарыңызды анықтап алыңыздар.
Бизнес – негізі сатудан құрылатын өзара қарым-қатынастан тұратыны белгілі.
Әр түрлі сату түрлері бар:
Достарыңызбен бөлісу: |