Нұржанова Шарипа, Мұқанова Гүлнәр журналист, pr-маманы және бұҚаралық AҚпараттық ҚҰралдары


Ақпарат – әсер етудің ынталандыру кешені ретінде



бет3/5
Дата15.06.2016
өлшемі365.5 Kb.
#136276
1   2   3   4   5

Ақпарат әсер етудің ынталандыру кешені ретінде.

Талқылауға арналған сұрақтар
1. Ақпарат – әсер етудің ынталандыру кешені ретінде. Тақырып, идея және мәселе. Тіректі идея және жұмыс идеясы.

2. Ақпараттың шынайылығы. Факт – әлеуметтік практиканың шынайылық көрінісі құралы ретінде. Фактінің қасиеттері: әділдігі, тұрақтылығы, серпінділігі, мәнділігі, сонылығы, пайдалылығы. Көпшілікке пайдалы маңызды мәселелерді шешуде тосындылықтың жоғары дәрежесіндегі факт ретіндегі сенсация. Факт – шығарылым жасалуының себебі ретінде.

3. Ақпараттың әмбебаптылығы. Символ немесе бейне қоғам мұраттарын көрсететін құрал және фактіні тексеру құралы ретінде.

Мұраттарды фактімен тексеру және фактіні мұратқа дейін көтеру.

Мұраттар (дәлелдеу – фактіні нақты тәптіштеп қарастыру және егжей-тегжейліктерді тарих, мәдениет, ғылым, өнер және т.б. мысал ретінде салыстыру) арқылы фактіні түсіндіру бейне (символ) ретінде. Символ – имидж – стереотип – штамп.

4. Ақпараттың императивтілігі. Қағидат – автордың мұраттық көзқарасы көрінісінің құралы ретінде. Фактіні бағалау, қоғамдық пікірді қалыптастыру, іс-әрекетке шақыру және т.т.



Негізгі мазмұны

Журналист немесе пиар-маманның басты міндеті – тұтынушыға ақпарат арқылы әсер ету. Осы ақпараттың негізгі қасиеттері – шынайылығы, әмбебаптығы, көпшілікке мәнділігі, қолжетімдігі, идеологиялығы, этикалығы. Әсер етуді іске асыру – негізгі мәнерлеу құралдарынан құралатын белгілі бір әсер етудің ынталандыру кешені бар ақпарат болған жағдайда мүмкін болады. Осы кешен бір мезгілде ақпарат тасушы және журналистік мәтінді ұйымдастырудың тәсілі болып табылады.



Тақырып – мәтінде өз көрінісін табатын өмір құбылыстарының шеңбері. Маңызды қоғамдық мәселеге байланысты шынайы нақты жағдай журналистік мәтіннің тақырыбы болады.

Идея – нақты тексерілетін мәселеде көрсетілген осы тақырып бойынша және мәтінді тұтас қабылдау нәтижесінде аудиторияның санасында пайда болатын журналист жеткізгісі келген басты ой. Проблемалығы деңгейі бойынша жағдайлар позитивтік, проблемалық және қақтығыстық болуы мүмкін.

Профессор Пронин Е.И. журналистік мәтіннің тіректі идеясы мәтін авторы сүйенетін құндылықтар жүйесі туралы ақпараттан құралады. Журналистік мәтіннің жұмыс идеясы – нақты жағдайды зерделеу процесінде қалыптасқан және осы жағдайды шешуге мүмкіндік беретін іс-қимылдарға жетектейтін ақпарат.

Негізгі мәнерлеу құралдары (константты, басқаша айтсақ, тұрақты элементтер) – бұл факт – символ – қағидат. Қоршаған ақиқаттың шынайлығын көрсету құралы бола отырып, факт жетекші болады, бірақ, мәтін жасаудың мәнерлі құралы үшін ылғи жеткіліксіз. Фактілерден мәтіннің фактологиялық қатары құралады.

Фактінің жаңалығы түсіндіруді қажет етеді. Беймәлімдікті түсіндіру мәлім нәрселер арқылы, басқаша айтсақ, символдар немесе бейнелер арқылы жасалады. Бейнелер жүйесіне тарих, мәдениет, өнер, ғылым және т.б. өнеге жағдайлары кіреді. Егер факт – феномен болса, онда әлеуметтік практиканың феномендерін символдау журналистік шығармашылықтың интегралды міндетін құрайды. Әдетте, бейне мәтіннің басым бөлігінде орын алады. Оны тұжырымдау үшін мынадай тіл құралдары – көркем әдебиеттен, кинофильмдер және пьесалардан көпке мәлім цитаттар, сонымен қатар, тұрақты тіл бірліктері – фразеологизмдер, қанатты сөздер мен нақышты орамдары, мақалдар мен мәтелдер.

Сайып келгенде, қағидаттар мәтіннің нормативтік қатарын түзеді. Мәтіннің идеясы көбіне оңды немесе теріс ұғынуды ұсынатын фактіге өзіндік баға беру қағидатта айқындалады. Қағидат қысқа немесе жайылып беріледі, ол мәселені зерделеудің жанры мен деңгейіне байланысты. Алайда, қағидатсыз әсер етуге ынталандыру кешені аяғына дейін қолданылмаған, ал ақиқаттың шынайы көрінісі – тамамдалмаған болады.

Факт, сонымен қатар қағидат бейнесі қалыптасатын дәлелдемелерді іріктеу автордың аудиторияға өзінің позициясын көрсетуіне мүмкіндік береді.



Бұқаралық ақпарат ағыны мәдениеттің іргелі символдарының жүйесіне сүйенуіне мәжбүр, журналистік бейне – көпшілік санасының стереотиптеріне сүйенеді, ал оны, өз кезегінде, журналистер қалыптастырады. Осы стереотиптерді қалыптастыруда бұқаралық байланыстың әлеуметтік-мәдени қызметі бар. Символдардан стереотипке айналатын имидж қалыптасады, ал өз кезегінде оны жиі қолданудың нәтижесінде штампқа айналады. Штамп аудиторияға өзінің мәнерлілігі мен әсер ету мүмкіндігінен айрылады, ал ол жаңа символдардың ізденіс қажеттілігіне алып келеді.
Әдістемелік ұсыныстар

  1. Ұсынылған мәтіннен тақырыпты, проблеманы, идеяны, тіректі идеяны, жұмыс идеясын, фактіні (фактілерді), бейнелер және қағидатты табу.

  2. Өзінің авторлық мәтінінен тақырыпты, проблеманы, идеяны, тіректі идеяны, жұмыс идеясын, фактіні (фактілерді), бейнелер және қағидатты табу.

  3. Берілген тақырыпқа тіл құралдарын қоса алғандағы, ықтимал бейнелер мен символдар қатарын теріп алу.


Өздік жұмысқа арналған сұрақтар

  1. Мәтіннің тақырыбы, идеясы, проблемасы, сонымен қатар тіректі идеясы және жұмыс идеясының айырмашылықтары неде?

  2. Фактының мәнерлілігі және әсер етуі неде?

  3. Бейненің (символдың) мәнерлілігі және әсер етуі неде?

  4. Қағидаттың (нормативтің) мәнерлілігі және әсер етуі неде?

  5. Символдың штампқа айналу себебі неде?


Ұсынылатын әдебиет тізімі:

  1. Лазутина Г.В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2000.

  2. Пронин Е.И. Выразительные средства журналистики. М., 1980.

  3. Свитич Л.Г. Профессия: журналист. М., 1997.

  4. Справочник для журналистов стран Центральной и Восточной Европы / ред.-сост. Малькольм Ф.Мэллет. М., 1998.

  5. Володина, М. Н. Язык средств массовой информации [Текст] : учеб.пособие / МГУ им.М.В.Ломоносова;Под ред.М.Н.Володиной. – М. : Академ.Проект:Альма Матер, 2008. – 759 с.

  6. Средства массовой информации России [Текст] : учеб.пособие / Под ред.Я.Н.Засурского;Науч.ред.:Е.Л.Вартанова,М.В.Шкондин. – М. : Аспект-Пресс, 2008. – 380 с.

  7. Толстик, И. А. Медиасфера в условиях глобализирующегося мира [Текст] / Под ред.В.Ф.Медведева. – Ммнск : Белорус.наука, 2007. – 205 с.

  8. Чумиков, А. Н. Связи с общественностью [Текст] : теория и практика:Учеб. / А.Н.Чумиков,М.П.Бочаров;МГУ им.М.В.Ломоносова. – 5-е изд.,перераб.и доп. – М. : Дело, 2008. – 557 с.

  9. Кондратьев, Э. В. Связи с общественностью [Текст] :практикум:Учеб.пособие / Э. В. Кондратьев. – 2-е изд. – М. : Академ.Проект, 2008. – 191 с.

  10. Абельмас, Н. В. Универсальный справочник по Паблик Рилейшнз [Текст] / Н. В. Абельмас. – Ростов н/Д : Феникс, 2008. – 237 с.

  11. Гундарин, М. В. Книга руководителя отдела PR [Текст] : практ.рекомендации / М. В. Гундарин. – 2-е изд.,доп. – М.;СПб.;Н.Новгород : Питер, 2009. – 330 с.

5 тақырып.



Журналистік мәтін және PR-мәтіннің құрылымы мен композициясы.
Талқылауға арналған сұрақтар
1. Композициялық түйіндер: экспозиция, шиеленіс, әрекеттің дамуы, шарықтау шегі, қорытынды. Әдеби мәтінмен ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

2. Журналистік мәтінінің құрылым алгоритмі: мәселеге кіріспе (экспозиция), тезисті/антитезисті (шиеленісті) мазмұндау, дәлелдеу (әрекеттің дамуы), ұсыным (шарықтау шегі), бейнелік бағдар (қорытынды).

3. Құрылымды жеңілдету: мәселеге кіріспе – дәлелдеу – ұсыным.

4. Суреттеу құралдарын құрылым бойынша бөлу. Ақпараттық себеп – хабарлама – түсінік – тұздығы (ең қызығы).

5. Құрылым және композиция. Стандарт, өзіндігі және функциялығы.

6. «Алтын қима» қағидаты. «Пирамиданың» түрлері: түзу, төңкерілген, қосарланған.



Негізгі мазмұны

Қарапайым әсер ету құралдарымен жұмыс істеу кезінде басқа авторлардың материалдарын, өздік бақылау және Интернет деректерін зерделеудің маңызды рөлі бар. Тек өзге мен өзіндік тәжірибенің егжей-тегжейлі қалт етпей талдануы әсер ету құралдары кешенінің барлық элементтерін дұрыс сәйкестендіре алудың тұрақтылығының тууына әкеледі.

Қарапайым әсер ету құралдарын жинақтау шығарылымды құрылысының (құрылымдауының) басты қағидаты болып табылады. Лазутина Г.В. жинақтаудың ережелері қатарын ұсынады:


    • мәтіндік элементтерді ұсынудағы нақтылықты ұстану;

    • ақпараттың фактологиялық қабатының мәтіндік элементтері баға беру ақпараты қабатының мәтіндік элементтерімен, материалдың жанрлық өзіндігі мақамының үйлесімдігі қандай өзара қатынаста екендігін бақылау;

    • мәтінді эстетикалық тәмамдауға талпынып, табылған жинақтау айлаларының мәндік, стилистикалық, интонациялық тұтастығын ұстану.

Кез келген аяқталған әдеби мәтіндей, журналистік мәтін классикалық композициялық жүйеге арқа сүйейді: экспозиция, шиеленіс, әрекеттің дамуы, шарықтау шегі, қорытынды.

Практикалық ойлау логикасына сәйкес шығарылым композициясы келесі композициялық-құрылымдық түйіннен құралады: жағдайға кіріспе, мәселені белгілеу, баға беру мен дәлелдемелерді ұсыну, сауалды практикалық тұрғыдан қою. Журналистік қызмет процесінде болжамды ойлау бейнелік бағдарда көрінісін табады.

Үйлесімді классикалық түсіну «алтын қима» қағидатымен ескертілген, мәтін драматургиясын құруда шарықтау шегі «алтын қима нүктесіне» (шамамен 2-ші және 3-ші бөлімдердің арасындағы шекте) тура келеді. Алайда, аудиторияның практикалық мүдделері журналистиканың ерекше логикалық-композициялық әсер ету құралдарын белгілейді. Біріншіден, бұл құрылымды оның үш мүшелілігін (мәселені белгілеу, баға беру мен дәлелдемелерді ұсыну, сауалды практикалық тұрғыдан қою) жеңілдету. Екіншіден, үйлесімдікке қойылатын классикалық талаптармен емес, бұқаралық аудиторияны әбден қатты қозуындағы қажеттілігінде болатын композициялық-құрылымдық түйіндердің инверсиясы (кері тәртіп).

Осылайша, пирамида мен оның үш түрі туралы түсінік пайда болады:

- тура (басты мәселеге біртіндеп жақындау);

-төңкерілген (басты мәселеден жай-жапсарларға);

- аралас (басында – басты мәселе, бірақ шарықтау шегі сақталады);

Ең маңызды мәліметтер ең басында орналастырылып, ал қалғанының барлығы мәнділігінің азаю деңгейі бойынша «төңкерілген пирамида» құрылымы ерекше танымал. Сонымен қатар, мәтіннің есте сақталып қалатын қорытынды, эмоциялы «тұздығы» қажет.

«Пирамида» ішіндегі материал әрқилы тұтасуы мүмкін:

– егжей-тегжейі, оған дейін болған жағдай, қосымша ақпарат;

– хронологиялық тәртіптегі оқиғалар;

– сериал немесе эпизод;

– жанрлық кішкене көріністер немесе өмірден алынған мысалдар, оқиғаны мазмұндау түріндегі кіріспе;

– «тұздығы» бар түйін, нәтижелері соңғы азат жолда айқын түсіндіріледі;

– алған әсер, суреттер, бақылаулар, ұқсастықтар, цитаттар және суреттеулерді қоса алғанда, очерк мәнерінде;

– талдау (проблема, пікірлер, түсініктемелер);

– айдарлы бағандар және шолулар.

Интернетте ақпарат беру ерекшелігінің ықпалымен журналистика композициялық қағидаттарының өзгеруі жалғасуда.


Әдістемелік ұсынымдар

  1. Ұсынылған мәтінде құрылымдық-композициялық түйіндерді табу, композицияны анықтау және пирамиданың түрін белгілеу.

  2. Өзінің авторлық мәтінінде құрылымдық-композициялық түйіндерді табу, композицияны анықтау және пирамиданың түрін белгілеу.

  3. Берілген тақырыпқа ықтимал құрылымдық-композициялық сызбаны іріктеп алу.


Өздік жұмысқа арналған сұрақтар

  1. Журналистік мәтіндегі жинақтау ережелері қалайша іске асады?

  2. Пиар-мәтіндегі жинақтау ережелері қалайша іске асады?

  3. Журналистік мәтін немесе пиар-мәтінде «алтын қима» және пирамидалардың түрлері қағидаттары қалай «жұмыс істейді»?

  4. Журналистік мәтіндердің (пиар-мәтіндердің) құрылымы, композициясы және жинақтау арасындағы айырмашылықтар қандай?

  5. Төңкерілген пирамида түрінде құрылым мен бекітудің жеңілдету неге бақыланады?

Ұсынылатын әдебиет тізімі:

  1. Горохов В.М. Основы журналистского мастерства. М., 1989.

  2. Лазутина Г.В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2000.

  3. Пронин Е.И. Выразительные средства журналистики. М., 1980.

  4. Справочник для журналистов стран Центральной и Восточной Европы / ред.-сост. Малькольм Ф.Мэллет. М., 1998.

  5. Володина, М. Н. Язык средств массовой информации [Текст] : учеб.пособие / МГУ им.М.В.Ломоносова;Под ред.М.Н.Володиной. – М. : Академ.Проект:Альма Матер, 2008. – 759 с.

  6. Корконосенко, С. Г. Основы журналистики [Текст] : учеб. / С. Г. Корконосенко. – 2-е изд.,перераб.и доп. – М. : Аспект-Пресс, 2009. – 318 с.

  7. Толстик, И. А. Медиасфера в условиях глобализирующегося мира [Текст] / Под ред.В.Ф.Медведева. – Ммнск : Белорус.наука, 2007. – 205 с.

  8. Кириллова, Н. Б. Медиакультура [Текст] :теория, история,практика:Учеб.пособие / Н. Б. Кириллова. – М. : Академ.Проект:Культура, 2008. – 494 с.

  9. Солганик, Г. Я. Толковый словарь. Язык газеты, радио, телевидения [Текст] : ок. 6000 слов и выражений / Г. Я. Солганик. – М. : АСТ:АСТРЕЛЬ, 2002. – 752 с.

  10. Стернин, И. А. Практическая риторика [Текст] : учеб.пособие / И. А. Стернин. – 5-е изд.,стер. – М. : Academia, 2008. – 269 с.

  11. Шляхова, С. С. Русский PR-текст: 100%-ное достижение результата [Текст] / С. С. Шляхова. – Ростов н/Д : Феникс, 2009. – 414 с.

  12. Доброва, В. В. Психологические особенности субъектов диалогического дискурса [Текст] : моногр. / В. В. Доброва ; Самар.гос.техн.ун-т. – Самара : [б. и.], 2010. – 93 с.

6 тақырып.

Журналистік шығармашылықтың әдістері

Талқылауға арналған сұрақтар

1. Ақпаратты іздеу, жинау және өңдеу. Ақпаратпен жұмыс істеу. Ақпарат – оқиға – факт – дәлелдеме – тұжырым. Фактіні таңдау. Оның мәнділігіне, тиімділігіне, болашағына баға беру. Фактінің базалық критериі: «не?», «кім?», «қайда?», «қашан?» сұрақтарына жауап. Фактінің қосымша критерийлері: «қалайша?», «неге?», «сайып келгенде, не?». Фактіні баяндау. Хабарлау, түсіндіру, көзін жеткізу. Түсіну, елестету және қабылдау дәлме-дәлдігінің проблемалары. Логика және дәлелділік. Дәлелдерді іздеу және іріктеу. Ақпараттық қауіпсіздік проблемалары. Заңгерлік лингвистика және журналистік мәтіндер және пиар-мәтіндердің тіл қауіпсіздігі проблемалары.

2. Жазбаша дереккөздермен (нормативтік құжаттар, мұрағаттар, хаттар, басылым материалдары және т.б.) жұмыс істеу. Шүбәсіздігіне баға беру.

3. Сұхбат – ақпарат жинау тәсілі ретінде. Сұхбатқа дайындық. Пікіртерім және сауалнама жүргізу. Журналистің кәсіби қарым-қатынасындағы сұрақ. Сұрақ – пікір білдірудің негізгі түрі ретінде. Этикалық тыйымдар. Сұрақтардың тұрпаты: жауаптың түрі бойынша – ашық / жабық; мазмұны бойынша – негізгі / тамырын басып көретін / қосымша / бақылаушы; мазмұнына қатысы бойынша – тура / жанама; әсер ету полюсі бойынша – ауырсынатын / ынталандырушы; уақыттық тізбектілігі бойынша – контакт / тосындылық / өміріне қатыстылық / проблемамен танысу / әккі жағдай / ашылып әңгімелесу / түйін / бейнелі бағдар. Журналистің рөлдері: «жас сыған», «егде монах», «суретші», «тексеруші», «жас дос». Сұхбаттасушылардың түрлері: оқиғаны туғызушы, қатысушы, көзімен көрген адам, сарапшы, көшеден келген адам.

4. Бақылау. Бақылаудың түрлері: алдын-ала ескерілген / тосын; ізденіс барысында / бақылаушы; ашық / жасырын. Назар аудару: еркін / еріксіз. Еркін назар аударудағы жаттығу және белсенділендіру.

Негізгі мазмұны

Ақпаратпен жұмыс істеу жағдайларына шек қою қажет. Журналист пен пиар-маман екі жағдайда ақпаратпен жұмыс істейді: ақпарат – болашақ шығарылымға арналған негіз және ақпарат діттеген шығарылымның мазмұны ретінде.

Бірінші жағдайда журналистің пікірі бойынша БАҚ көмегімен қоғамдық талқылауды талап ететін, маңызды ақпарат табу мақсатымен қоғам мен кеңістікті тұрақты сканирлеу жүзеге асырылады. Сканирлеудің жемістігі қоғамның мүдделері мен көңіл-күйін білетін және сезетін журналистің кәсіби қабілеттілігіне тәуелді. Ақпаратты өңдеу ақпараттық ағыннан барынша маңызды және пайдалы ақпаратты іріктеп алуға саяды. Журналист қажеттіні кездейсоқ ішінен «сұрыптап», оны нақты әңгіме-мазмұндамаға түзуі керек.

Екінші жағдайда баяндалатын оқиғаны талқылау және баға беру кезінде барынша сенімді дәлелдеме болатын ақпаратты іздеу мақсатты бағытпен жүреді. Ақпаратты өңдеу оның мәнерлілігі және логикалығы тұрғысынан дәлелдемелерді іріктеу болып табылады.

Тексерілген қызықты ақпарат оқиға болады, қоғамдық мәні бар расталған оқиға – факт, ал осы фактіні растайтын немесе жоққа шығаратын ақпарат – дәлелдеме болып табылады. Қазіргі журналистің алдында екі мәселе тұр. 1. Фактіні қоғам үшін мәнділігі, тиімділігі, болашағы мен пайдасы тұрғысынан таңдау. (Бүгін барлық оқиғалар туралы хабарлау мүмкін емес, өйткені олардың күн сайынғы саны өте көп.) 2. Қызықты ақпаратты тауып, тартымды етіп ұсыну. (Барлық БАҚ өте жиі бір ғана ақпаратты, дүниеде осы оқиғадан басқа ештеңе болмағандай, бірнеше мәрте қайталайды.)

Фактінің базалық критерийлерібұл оның ақпараттық толықтығы, ал олар «не болды?», «онда кімдер болды?», «оқиға қай жерде болды?», «оқиға қашан болды?» деген сұрақтарға жауаптардан құралады. Фактінің қосымша критерийлері – ақпараттық сипаттағы оқиғаның жай-жапсары («оқиға қалайша орын алды?») немесе талдау сипатындағы («оқиға неге орын алды?», «оқиғаның орын алуы ненің салдарынан болды және оқиға қандай зардаптарға әкеліп соғуы мүмкін?»).

Фактіні баяндау, ең алдымен, объективті болуы міндетті. Объективтілік жан-жақты ақпарат жинастыру арқылы қол жеткізіледі. Кәсібиліктің жетіспеушілігінің бірінші проблемасы – қандай ақпаратты табу керектігін анықтай алмау. Екінші проблема – ақпаратты таба білу, ала білу. Үшінші проблема – қолдағы бар, жиналған материалдан барынша бағалы және маңызды жай-жапсарын, аудиторияға пайдалы немесе дұрыс әсер ететінін таңдау. Жақсы ақпараттың жетіспеушілігі журналистің бүкіл жинап-тергенін, талдау жасамай және бағалығын ескермей, осы ақпараттың шынайы қажеттілігін, пайдалылығын және аудиторияның реакциясы түріндегі оның нәтижелерін шығарылымға, мәтінге «тастауына» әкеліп соғады.

Мәтіндегі ұсынар алдында, ақпараттар мен тіл құралдарын таңдау кезінде түсінудің барабар екендігі туралы есте сақтаған маңызды. Әр адамның ақиқатты қабылдауы және ұғынуы дербес, ал сөздерді өзінің дамуы мен білімінің шамасына қарай, әркім өзінше түсінеді. Сондықтан журналистік мәтіндер және пиар-мәтіндер аудитория автордың ниетіне барабар түсінетіндей жасалуы қажет. Өз кезегінде, автор аудиторияның тіл деңгейін жақсы білуі, онымен «бір тілде» сөйлесе білуі міндет, ал ол ақпаратпен жұмыс істеудің барлық деңгейінде: ұғыну, елестету және қабылдау – аудиториямен сәйкестігінде сенімді болатындығын білдіреді. Логикалығы мен түсініктілігі өте зор мәнге ие, дәлелдемелерді сапалы іздеу мен іріктеу көп жағдайларда тәуелді.

Тіл құралдарын іріктеуге назар салу, мағыналық реңктерді жақсы білуі журналист пен пиар-маманның журналистік мәтіндер мен пиар-мәтіндердің ақпараттық тілдік қауіпсіздігін проблемаларынан аулақ болуына көмектеседі. Тіл қауіпсіздігінің мәселелерімен юрислингвистика айналысады. Әр журналистің заңнама және журналистік этика кодексінің шегінде мәлімет алудың жеке айла-тәсілдері бар. Журналистік жұмыс, пиар-маманның да жұмысы сияқты, редакциялық ұжыммен байланысты, олардың шығармашылық бастамашылдығы редакцияның саясатымен үйлеспеушілік бола алмайды.

Әдетте, ақпарат жинау жұмыстары жазбаша дереккөздермен (нормативтік құжаттар, мұрағаттар, құжаттар мен жазбалар, олардың БАҚ қиындылар, анықтамалықтар және т.б.) жұмыс істеуден басталады. Түрлі-түрлі құжаттар: – өтінімдер мен монографияларда, анықтамалар мен актілерде, берілетін есептер мен баяндамаларда – қажетті фактілер болуы мүмкін. Құжаттар ақпаратты растайды немесе жоққа шығарады, сонымен бірге әділеттік үшін күресте қажетті қолдау болып табылады. Бүгін осы тізімге мәліметтердің ақпараттық базасы және Интернет қосылады. Интернеттен алынған ақпараттың растығын тек басқа жалдармен қайта тексеріп қана бағалауға болады.

Ресми және жеке құжаттармен жұмыс істеудің белгілі нормалары болады. Сұхбат алушы да, сұхбат беруші де ұсынылатын ақпарат қоятын талаптарды білуге құқығы бар және міндетті. Дәйексөздер келтіру сілтемелермен сүйемелденуі міндетті, ал редакциялық поштаны өзінше пайымдау немесе өңдеу – бір жағынан кәсіби міндет болып табылса, басқа жағынан журналистік қызметтің этикалық проблемасы болып табылады. Көпшілік оқырманның редакцияға қатынауына сұрау салу, дабыл, қағаз немесе электрондық хат, телефон қоңырауы секілді жанрлары сипатты. Теледидар мен радиода тікелей эфирдегі аудиториямен тілдесудің интерактивті түрлері жиі қолданылады. Интернет аудиториясы да интерактивті интернет-конференцияларға, форумдар, чаттарға да қатыса алады. Оқырман хаттарын шығару және үзінділер келтірген жағдайда оларды өңделуі жиі қажет болады. Журналист баспасөз қызметтері және пиар-агенттіктерінің материалдарымен жұмыс істеу барысында аудиторияға қажетті пішінге түрлендіріп, сонымен бірге сауатты мағына беру қажетті.



Сұхбат – ақпарат жинау тәсілі ретінде, оларды көп нәрсе біріктіргенімен, газеттік-публицистикалық жанрдағы сұхбаттан айырмашылықтары бар. Өзінің табиғаты жағынан адамзат санасы диалогтық болады. Адам сұрақ қойып және оларға жауап бере отырып дүниені таниды. Сондықтан диалог журналистік шығармашылықтың жанры болып та, әдісі де болып табылады. Ақпарат жинау барысында телефон қоңырауына жауап немесе кез келген сөйлемшелер сұхбат бола алады. Журналист сұхбатқа мұқият дайындалуы міндетті. Жазба дереккөздер бойынша тақырыпты зерделей отырып, ол қойылатын сауалдардың тізбесін жасайды. Уақыт өткен сайын сұрақтарды қалыптастыру білігі көбірек эксперимент жасап, кенеттен іс-әрекет жасауға мүмкіндік беретін дағдыға айналады.

Әдетте, сұхбат – сұрақтар мен жауаптардың реттілігі. Журналистің кәсіби қарым-қатынастарында сұрақ пікір білдірудің негізгі түрі болып табылады. Сұрақта журналистің дайындығы мен өзіндік қасиеті көрінісін табады. Құзыретті қойылған сұрақ – сұхбат жемістілігінің 90 пайызы. Әңгімелесушінің әлеуметтік мәртебесіне тәуелді, журналист кейбір жасына қарай, гендерлік сипаттағы этикалық тыйымдарды есепке алғаны жөн.

Толыққанды, жан-жақты ақпарат алу үшін сұрақтар да толыққанда және сан алуан болғаны қажетті. Жауапқа қол жеткізіп, дегеніне жету үшін сұрақ қоюшы оларды қайта сұрау үшін, сұрақтарды басқаша түрлендіре алады.

Сұрақтардың шамамен мынадай типологиясы бар:

жауаптың түрі бойынша сұрақтар ашық (кең таралған жауапты болжамдайтын сұрақтар) және жабық («иә» немесе «жоқ» жауаптарын болжамдайтын сұрақтар) болуы мүмкін;

мазмұны бойынша сұрақтар тамырын басып көретін, негізгі, жетекші, қосымша, бақылаушы болып бөлінеді;

мазмұнына қатысы бойыншатура, жанама болып;

әсер ету полюсі бойыншаауырсынатын, ынталандырушы;

уақыттық тізбектілігі бойыншабайланыс бекітетін, тосындылық, сұхбат берушінің өміріне қатыстылық, проблемамен таныстыратын, сұхбат берушіні әккі жағдайға тірейтін, ашылып әңгімелесуге итермелейтін, авторға өзінің пікірін айтуға мүмкіндік беретін, түйін жасайтын және келешекке бағдар белгілейтін.

Сұхбат берушінің мәртебесі мен мінез-құлқы, сонымен қатар сұхбат алаушының алдында тұрған міндеттер журналистің рөлдері мен «бетперделерін» белгілейді: «жас сыған», «егде монах», «суретші», «тексеруші», «жас дос». «Бетперделердің» атаулары сұхбаттың жұмыс идеясын ширату кезіндегі сұхбат берушінің мінез-құлық ерекшеліктеріне сәйкес болады. Сұхбат берушілердің рөлдері әңгімелесушілердің жағдайлық типтеріне өсіп шығады: оқиғаны туғызушы, қатысушы, көзімен көрген адам, сарапшы, көшеден келген адам.

Журналистік шығармашылықтың әдісі ретінде сұхбаттың арнайы түршелері болып: пікіртерім, сауалнама, тест, әлеуметтік эксперимент, фокусталған сұхбат. Осы тәсілдермен жиналған ақпарат қоғамдық пікірді, мінез-құлық ерекшеліктерін қалыптастырудағы және т.б. үрдісті анықтау мақсатында өңделеді. Соңғы жылдары журналистер қол жеткізуі қиын тұлғалармен байланыс жасауға мүмкіндік беретін Интернет көмегімен кибер-сұхбатты пайдалана бастады.

Толыққанды ақпаратқа қол жеткізу үшін, журналист бірнеше пайдалы кеңестерді есепке алғаны жөн:

– қысқа да жағымды сөйлемшелер мен жеңіл сұрақтан бастаған жақсы;

– сұхбатқа өзі жауабын білетін сұрақты кірістірген пайдалы;

– әңгімелесушінің тұрмысы мен мінез-құлқы туралы айтып беруге көмектесетін ұсақ-түйектерді бақылау туралы ұмытпау;

– күрделі тақырыптарды талқылау кезінде, оны дұрыс түсінуін тексеру үшін, осы жаңа ғана алынған ақпарат бар сұрақтарды әңгімеге қосу;

– мейлінше ширатылған және ашып айтылатын жауаптарды талап ететін аяқталмаған сұрақтарды қою;

– материалды міндетті түрде куәландыру қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет