«АЛЛЕРГИЯ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Сабақтың мақсаты:
Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру
Топта жұмыс жасау коммуникативті дағдысын жетілдіру
Оқыту міндеттері:
Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптағанда теориялық білімді қолдануды үйрену
Топта жұмыс жасау коммуникативті дағдыны жетілдіру
Оқыту тәсілдері: аз топта жұмыс жасау: кейс-стади, тестілеу
№ 1 тапсырма. Кейс-стади.
№ 1. Төменгі жағының остеомиелиті бар науқасқа антибиотик енгізгеннен 20 мин соң мазасыздану, қорқыныш сезімі, қимылдық қозулар, басының солқылдап ауырғаны, терісінің қышуы, бетінің қызаруы, АҚ 180/90 мм с.б., тамыр соғуы 120 рет. 20 мин соң науқастың жағдайы нашарлай түсті: әлсіздік, бетінің бозаруы, дем шығарудың қиындауымен сипатталатын тұншығу ұстамасы, есінің кіресілі-шығасылы болуы, тырыспа-селкілдек ұстамасы; АҚ 75/55 мм с.б., тез төмендеуі пайда болды. Науқасқа жедел жәрдем көмегінің шаралары жасалынды.
1. науқаста антибиотик енгізгеннен кейін қандай дерттік жағдай пайда болды?
2. бұл дерттік жағдайдың даму тетіктері қандай?
3. осы жағдайдың патогенездік емдеу ұстанымы қандай?
№ 2. Шөп шабу кезінде бригаданың бір мүшесінде келесі белгілер пайда болды: қышыну, қабақтарының гиперемиясы және ісінуі; «көзіне құм түскендей» сезім; жарықтан қорқу, жас ағу; қатты таңдайдың, мұрынның шырышты қабатының қышуы; мұрынның бітелуі су ағумен қабаттасқан, толастамайтын түшкіру ұстамасы; мұрынмен демалудың оның тоқтауына дейін қиындауы; қақырықтың көп бөлінуімен қабаттасқан жөтел; тұншығу ұстамасы анықталды. Бұл құбылыстар шаршағыштықпен, тәбеттің төмендеуімен, ашуланшақтықпен, ұйқының бұзылуымен қабаттасты.
Науқаста дамыған аллергиялық серпілістің негізін жоғары сезімталдықтың қай түрі құрайды? байқалған бұзылыстардың даму тетіктері қандай?
IgE -нің иммуноглобулиндердің басқа топтарынан қандай ерекшелігі бар?
Науқасты емдеу үшін гипосенсибилизацияның қай түрі қолданылады?
№3. Тісіндегі ауыру сезімін өздігінен басу мақсатында қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен емделу нәтижесінде науқаста дәрілік табиғатты лейкопения дамыды.
1.Науқастағы лейкопенияның негізінде қай аллергиялық серпіліс жатыр?
2. Лейкоциттер бұзылуының патогенезін түсіндіріңіз
№ 4. Науқасқа сіреспеге қарсы сарысуды енгізгеннен 7 күннен соң дене қызымы 39 градусқа көтерілді, қатты қышитын бөртпе пайда болды. Буындары ісініп, онда ауыру сезімі байқалды. Аурудың 2-аптасында лимфа түйіндері мен көкбауыры ұлғайды. Науқас әлсіздікке, ентікке, жүрек қағуына, жүрек аймағындағы ауыру сезіміне шағымданды.
Науқаста дамыған аллергиялық серпілістің негізін жоғары сезімталдықтың қай түрі құрайды?
Байқалған бұзылыстардың даму тетіктері қандай? Патогенездік сызбанұсқасын құрастырыңыз
Науқасты емдеу үшін гипосенсибилизацияның қай түрі қолданылады?
№ 5. 15 жасар жасөспірім, сол жақ санында жыртылған, қатты ластанған жарасымен хирургия бөлімшесіне түсті. Жарасы хирургиялық өңделіп тазартылып тігілді. Бөксесінің жоғарғы сыртқы бөлігінің бұлшықетіне 1500 АЕ сіреспеге қарсы емдік сары су енгізілді. Әрбір 6 күн сайын емдік сары су қайталанып енгізілді. Үш күннен кейін сары су енгізілген жерде ісіну байқалып, үлкен тығыз инфильтрат қалыптасты. Инфильтраттың үстіндегі теріде өлеттену дамып, артынан ұзақ жазылмайтын жара пайда болды.
1. Науқаста аллергиялық серпілістің қай түрі дамды?
2. Өлеттену бар қабынудың пайда болуын қалай түсіндіруге болады?
№ 6. Туберкулиндік сынау (Манту реакциясы) баяу дамитын жоғары сезімталдыққа жатады. Балаға Манту сынауын жасады. 6-12 минуттан кейін туберкулин енгізілген жерде серпілістің алғашқы белгілері пайда болып, 24-48 сағаттан соң айқын шегіне жетті.
Оң туберкулиндік сынау нені мәлімдейді?
Қабынуды дамытатын қандай жасушалар және оның даму тетіктері қандай?
№ 7. Латекс қолғапты алғаш кигенде стоматологтың саусақтарының терісінде көпіршік және күлдіреуіктермен қабаттасқан айқын эритема пайда болды. Білезіктің ішкі жағына латекс қолғаптың бөлшегімен жасалған аппликациялық сынау 72 сағаттан соң оң болды. Гистамин қабылдағыштарының тежегіштерін қолдану серпілістің қарқынын баспады. Қабыну глюкокортикоидтар қолданған соң ғана емделді.
Медицина қызметкерінде қандай аллергиялық серпіліс дамыды?
Не себепті глюкокортикоидтар осы аллергияда қабынуға қарсы әсер етті? Гистамин қабылдағыштарының тежегіштерін қолдану серпілістің қарқынын неге баспағандығын түсіндіріңіз?
Аллергиялық серпілістің патогенезін түсіндіріңіз
№8. Науқас С., 54 жаста, алынбайтын металл протезді бекіткеннен кейін пайда болған ауыз аймағы шырышты қабаттарындағы күйдіретін ауыру сезіміне шағымданды. Қанды in vitro сынауымен тексеру үшін никель тұзын қосқанда базофилдердің түйіршіксізденуі дамыды.
Осы аллергиялық серпілістің патогенезін жазыңыз
Металлдың организмге теріс әсері әруақытта аллергиялық серпіліспен байланысты ма? Жалған аллергиялық серпіліс деген не?
Металға аллергиялық серпілістің болуы протездеуде металл қолдануға қарсы көрсеткіш бола ма?
Демонстрациялық материал: ситуациялық есептер
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі:
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», 2010. –Б. 210-224
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 293-311.
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2010. - С. 362-404
Патофизиология// Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2012., том 1, С. 362-404
Патофизиология. Основные понятия. // под ред А.В. Ефремова. – Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2008. – С. 47-59
Патофизиология.: учебник под ред. А.И. Воложина, Г.В. Порядина.-Т.1. – М.: «Академия», 2007.- с. 230-270
Қосымша
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 92-101
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 111-136
БАҚЫЛАУ
Ситуациялық есептерді патофизиологиялық сараптау
Тест тапсырмаларын орындау - Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б. 139 – 163
Достарыңызбен бөлісу: |