«ОРГАНИЗМНІҢ ЗАҚЫМДАНУҒА ЖАЛПЫ ӘСЕРЛЕНІСТЕРІ: ЖІТІ КЕЗЕҢДІК ЖАУАП. ҚЫЗБА» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Сабақтың мақсаты:
Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру
Топта жұмыс жасау коммуникативті дағдысын жетілдіру
Оқыту міндеттері:
Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптағанда теориялық білімді қолдануды үйрену
Топта жұмыс жасау коммуникативті дағдыны жетілдіру
Оқыту тәсілдері: аз топта жұмыс жасау: кейс-стади
№ 1 тапсырма. Есепті шешіңіз
№ 1. Науқас П., 18 жаста, ауруханаға крупозды пневмонияиен келіп түсті. Дене қызымы 40,50С. Терісі бозарған, құрғақ, қалтыраған, «құстың терісіндей», тамыр соғысы минутына 98 рет, тілі өңезденген, тәбеті жоқ.
Науқаста дене қызымының көтерілу дәрежесіне қарай қызбаның қай түрі дамыды?
Берілген көріністер қызбаның қай сатысына сәйкес келеді?
Байқалған симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз
№ 2. Миокард инфарктымен ауырған науқастың дене қызымы көтерілді. Қан сары суында қабынудың жедел кезең нәруыздары анықталды (СРБ).
Дене қызымы көтерілу және қанда жедел кезең жауабы нәруыздарының көбею патогенезін түсіндіріңіз.
Миокард инфарктында қызбаның қорғаныстық маңызы бар ма?
№ 3. 70 жастағы науқастың дене қызымы 390С, тамыр соғысы минутына 110 рет, жүрек шекаралары оңға және солға кеңейген. Осы науқасқа қызым түсіретін дәрі қолдануға бола ма?
№ 4. 18 жастағы қауырт аппендицитпен ауырған науқастың дене қызымы 380С, тамыр соғысы минутына 82 рет. Осы науқасқа қызым түсіретін дәрі қолдануға бола ма?
№ 5. Науқас Т., 30 жаста, дәрігерге жұтынғанда күшейе түсетін тамағындағы ауыру сезіміне, әлсіздік, басы ауыратындығына, әлсіздік, қалтырауға шағымданды. Дене қызымы 39,5°С. Фарингоскопияда инфильтрат, жұмсақ таңдай тіндеріндегі ісіну, іріңдеген бадамша бездері көрінеді.
Диагноз: фолликулярлық ангина.
Қызым түсіретін емнің ұстанымы қандай?
Дене қызымы күрт түскенде организмде қандай өзгерістер дамиды?
Организмге қызбаның теріс әсері қалай көрінеді?
Демонстрациялық материал: ситуациялық есептер, ақпараттар жинағы
Достарыңызбен бөлісу: |