37-НҰСҚА
109-есеп. “Волна” ауылшаруашылық кооперативінің басқармасына Листов, оның әйелі және кәмелетке толған қызының ауылшаруашылық кооперативі мүшелігіне қабылдау туралы өтініштері келіп түсті. Оларды мүшелікке қабылдау туралы шешім қабылданғанна кейін, жер үлесін беру мәселесі қаралды. Осы кезде Листовтың тағы екі ұлы және оның біреуі олармен бірге тұратындығы анықталды. “Волна” кооперативінің жарғысы бойынша Листов жанұясына 0,15 га жер берілуі тиіс. Листовтың екінші ұлы көрші орман өндіру шаруашылығында жұмыс жасап, оған онда 0,25 га көлемінде қызметтік жер үлесі берілген.
Листовтар жанұясында үй айналасындағы жер учаскесіне құқығы бар ма?
Үй ауласындағы жер учаскесінің құқықтық режимі қандай?
Қандай органдар және қандай тәртіпте үй айналасындағы жер учаскесі туралы мәселені шешеді?
110- есеп. “Бірлік” шаруа (фермер) қожалығының басшысы Стахов, Борисов және Потапов комбайыншыларды 6 га жерден көкөніс жинауға жіберді. Олар жинақты бітірместен үш күн бойы жұмысқа шықпады. Нәтижесінде ауа райының бұзылуынан 4 га жердегі көкөніс қар астында қалды. Кінәлілердің бүлінген көкөніс үшін жауапкершілігі туралы мәселе қойылды.
Істі шешіңіз.
Ауылшаруашылығындағы материалдық жауапкершіліктің түрлерін сипаттаңыз.
111- есеп. Ауылшаруашылық кооперативінің басқармасы аудандық әкімшілік басшысынан өз шаруашылығын қамтамасыз ету үшін шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде тиесілі қаржы бөлуді сұрады. Аудан әкімі мұндай мүмкіндіктің болмауынан кооператив өтінішін қанағаттандырмады да ҚР ауылшаруашылығын қолдау жөнінде мемлекеттік қорына жолдануды ұсынды.
Ауылшаруашылық шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын сипаттаңыз.
ҚР ауылшаруашылығын қолдау жөніндегі мемлекеттік қоры дегеніміз не?
Бұл қордың қаржысын қалай алуға болады?
Достарыңызбен бөлісу: |