НұСҚаулары -нұСҚА есеп. Қостанай облысының әкiмi Ресейлік "мск" фирмасына сол облысқа қарайтын Ы. Алтынсарыұлы ауданының жеріне қарайтын, қазiр пайдаланылмай жатқан "



бет36/44
Дата13.08.2023
өлшемі335 Kb.
#476058
түріНұсқаулар
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   44
ЕСЕПТЕР 150 ПР

40-НҰСҚА


118-есеп. “Бірлік” шаруа (фермер) қожалығы мал өсірумен және колбаса өнімдерін өндірумен айналысатын. Санитарлы- эпидемиологиялық станциясы аудандық әкімшілік өкілдерімен бірге “Бірлік” фермер қожалығының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұған себеп, оның жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелмегендігі және лицензиясының болмауы, сондай-ақ қызметінің санитарлық талаптарға сай келмеуі.

  • Істі шешіңіз.

  • Қандай орган және қандай тәртіпте шаруа (фермер) қожалығының қызметіне араласуға құқылы?

  • Қандай жағдайда жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуге тұру және лицензия алу қажет?



119-есеп. «Амангелді» совхозының мүлкін жекешелендіру кезінде совхоздың еңбек ұжымы кооператив құру туралы шешім қабылдаған, ал оның мүшелерінің бір бөлігі мал шаруашылығы фермасында жұмыс істеген, солар жеке фермер қожалығын құру туралы шешім қабылдаған. Олар совхоз директорына малдың бір бөлігін, трактор, автомобиль және өндіріске қажетті негізгі құралдар және 100 га жер бөліп беру туралы өтініш білдірген. Совхоздың еңбек ұжымының шешімі мен мал шаруашылығы фермасының мүшелерінің өтінішін совхоз директоры аудан әкімшілігінің басшысына жіберді. Өтінішті қарастырып, аудан әкімшілігінің басшысы «Мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорынның мүлігін жекешелендіру ерекшеліктері туралы» ҚР Заңына сүйене отырып еңбек ұжымының шешімі мен жекелеген мүшелерінің өтінішін қанағаттандырусыз қалдырып, «Еңбек» колхозымен бірігіп акционерлік қоғам құруды ұсынған.
- Ауыл шаруашылығындағы жекешелендірудің тәртібі мен нысандары қандай? Жекешелендіруді жүргізу туралы шешімді қандай органдар және қанша уақытта шешеді?
- Мал шаруашылығы кешенін жекешелендірудің ерекшеліктері қандай?
- Шаруа қожалығын құру тәртібі қандай?
120-есеп. “Береке” ауылшаруашылығы кооперативінің басқармасы ауылшаруашылық өндірісінің көлемін ұлғайту үшін кредит алу мақсатында кәсіпорнның 100 гектар жерін кепілге беру туралы шешім қабылдады. “Береке” кооперативінің құжаттарын қарау барысында банк кооператив басқармасының мұндай маңызды шешім қабылдауға құқығы жоқ екендігін ескере отырып бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартты.

  • Істі шешіңіз.

  • Ауыл шаруашылық кооперативінің жер пайдалану құқығын кепілге беру тәртібі, жағдайы және ерекшеліктерін сипаттаңыз.

  • Кепіл берушінің кепіл ұстаушыға ұсынатын құжаттарын атаңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет