НұСҚаулары -нұСҚА есеп. Қостанай облысының әкiмi Ресейлік "мск" фирмасына сол облысқа қарайтын Ы. Алтынсарыұлы ауданының жеріне қарайтын, қазiр пайдаланылмай жатқан "



бет41/44
Дата13.08.2023
өлшемі335 Kb.
#476058
түріНұсқаулар
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
ЕСЕПТЕР 150 ПР

46-НҰСҚА




136-есеп. “Дулатова” және “Амангелді” ауылшаруашылық кооперативтері арасында жер пайдаланудың шекаралары туралы дау туады. Біріккен жиналысқа қатысушы осы екі ауылшаруашылық кооперативінің басшылығы екі кооперативтің де шекарасын жер пайдаланудың шекарасын өзгерту туралы біріккен шешім қабылдайды және аудандық аға жер ұйымдастырушысына екі кооперативтің жер пайдалану шекарасына өзгеріс енгізуді ұсыныс етеді.
Аға жер ұйымдастырушы ұсынысты заңсыз деп есептеп шешімді орындаудан бас тартады.

  • Аға жер ұйымдастырушының әрекеті дұрыс па?

  • Ауылшаруашылық жер пайдаланушыларының жер пайдалану шекараларына өзгеріс енгізу тәртібі қандай?

137-есеп. Мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорынның жұмысшысы Жұмабаев К. кәсіпорыннан кетіп шаруа қожалығын құруды шешті. Кәсіпорыннан шығу және жер учаскесін бөлу туралы өзінің өтінішімен ол кәсіпорынның әкімшілігіне жолданады.
Бірақ кәсіпорын әкімшілігі оның кәсіпорыннан шығу туралы өтінішін мен шаруа қожалығын жүргізу үшін жер учаскесін беруден бос жердің жоқтығын негіздеп, бас тартады.

  • Жұмысшы мен қызметкердің жұмыстан шығу тәртібі қандай?

  • Шаруа қожалығын құру тәртібі қандай?

  • Шаруа қожалығын құрудың бас тартуына шағымдану тәртібі қандай?

  • Бос жер учаскесі бар екендігі туралы мәліметті жасырғаны үшін лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылады ма?

138-есеп.“Вперед” кооперативінің бригадирі Л., кооперативтің тракторымен рұқсатсыз жеке өзіндік қосалқы шаруашылықтың қажеті үшін ағаш отын дайындауға кетеді. Жолда ол тракторды сындырып алады және тракторды істен шығарады. Кооперативке кінәлі Л. әрекетінен келтірілген зиян 3390 теңге құрады. Тракторды жөндеуге колхоз 2210 теңге жұмсады. Залалдың қалған сомасы жөндеу кезінде жұмыссыз тоқтап тұрған машинаға кетеді. Кооператив басшылығы Л.-дан 1000 теңге өндіріп алады. Кооператив басшылығының шешіміне прокурор наразылық білдіреді.

  • Істі шешіңіз.

  • Кооператив мүшелерінің толық материалдық жауапкершілігінің түсуінің шарты мен ерекшеліктерін атаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет