НұСҚаулары -нұСҚА есеп. Қостанай облысының әкiмi Ресейлік "мск" фирмасына сол облысқа қарайтын Ы. Алтынсарыұлы ауданының жеріне қарайтын, қазiр пайдаланылмай жатқан "



бет32/44
Дата13.08.2023
өлшемі335 Kb.
#476058
түріНұсқаулар
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   44
ЕСЕПТЕР 150 ПР

105- есеп. “Победа” кооперативі тіркеу үшін жарғысын ұсынды, онда кооператив жұмысына қатыспайтын қарт адамдар мен I және II топтағы мүгедектерінен тұратын кооператив қызметіне қатыспайтын мүшелерінің үй маңындағы жер учаскесінің көлемі 0,25 га құруы тиіс. Үнемі басқа жақта тұратын және тек жаз мезгілінде жер учаскесін өндеу үшін келетін кооперативтің қарт мүшелерінің жер учаскесі- 0,12 гектарға тең болуы тиіс.

  • “Победа” кооперативінің жарғысындағы жағдай заңға сай ма?

  • Үй айналасындағы жер учаскесінің көлемі неге байланысты және оны кооператив мүшелері үшін кім анықтайды?



36-НҰСҚА


106-есеп. Аудандық сот “Волна” ауылшаруашылығы акционерлік қоғамы (АҚ) басқармасының талап арызы бойынша АҚ бас бухгалтері Бағланнан материалдық құндылықтардың жетіспеуімен байланысты 114000 теңге өндірді. Бағлан өз кезегінде аудандық сот шешіміне оны АҚ-да еңбек шарты бойынша жұмыс жасағандығын, ал сот оған жауапкершілікті АҚ мүшесі ретінде жүктегендігін негіздейді отырып шағымданды.

  • Істі шешіңіз.

  • Ауылшаруашылық АҚ-да еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін тұлғалардың материалдық жауапкершілігінің ерекшелігі неде?



107-есеп. Алдабергеновтер жанұясы шаруа (фермер) қожалығын құру мақсатымен облыстық әкімге жер беру туралы өтінішпен жолданды. Облыс әкімі ұсынылған құжаттарды қарап шығып облыста ауылшаруашылығын жүргізу үшін бос жерлерінің жоқ болуынан өтінішті қанағаттандырмады. Бірақ Алдабергеновтың бұрын өзі істеген жекешелендірілген совхоздың орналасқан жерінен 0,50 га шартты жер үлесін алуға құқылы екендігін көрсетті.

  • Істі шешіңіз.

  • Шартты жер үлесі деген не? Шартты жер үлесін иемденушінің құқықтары қандай?

  • Облыс әкімнің өтінішті қанағаттандырмауы заңды ма ?

  • Шаруа (фермер) қожалығы үшін жер учаскесін қандай мемлекеттік орган бере алады?



108-есеп. “Бір-Бұлақ” совхозын жекешелендіруге байланысты, оның мүшелері Ахметов, Ақбергенов, Смаилов, Кирилловтар совхоз директорына олардың жеке меншігіне мал өсіру фермасы үшін қора, трактор, автокөлік, электроқұрылғы, мал сауатын агрегаттар мен өзге де өндіріс құралдарын, қараусыз бұлақты қоса 90 га жер, су жіберу станциясын шаруа (фермер) қожалығын құру үшін беруіне өтінді. Директор ұжымдық ауылшаруашылығы кәсіпорнын құруға шешімі негізінде өтінішті қанағаттандырмады.
Совхоз мүшелері прокурорға шағымданды.

  • Істі шешіңіз.

  • Шаруа (фермер) қожалығын құру тәртібі қандай?

  • Бір жанұя мүшелеріне жатпайтын тұлғалар шаруа (фермер) қожалығын құра алады ма?

  • Мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындарын жекешелендірудің тәртібі мен ерекшеліктері қандай нормативтік актілермен реттеледі?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет