131-есеп. Құс фабрикасын жекешелендіру кезінде, оны эксперимент тәртібімен сату туралы сұрақ қойылды. Соған байланысты еңбек ұжымның мүшелері жекешендіруге қатысуға құқықтары жоқ, ал сатушы тендер нәтижесімен анықталынады.
Еңбек ұжымы құс фабрикасының мүлкінен өздерінің үлесін алудың кепілденген құқығы шектелді деп сотқа шағымданды.
Істі шешіңіз.
Мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорнын эксперимент тәртібімен сату деген не ?
Эксперимент бойынша сатылатын мемлекеттік мүліктің тізімін қандай мемлекеттік органдар анықтайды?
Бұл жағдайда еңбек ұжымының құқықтары қалай қорғалынады?
132-есеп. “Қайсар” шаруа қожалығы орман мелиоративті станциясының кеңсесіне 1850000 теңге көлемінде талап қояды. Талап негізі станцияның кінәсінен қожалықтың егістік жерінің 800 гектарын су алдырып алғанына байланысты келтірілген зиянды өтеуге бағытталған. Сот кеңседен 45700 теңге өндіріп алады, яғни топырақты өндеуге жұмсалған шығын, су алған учаскенің егініне шығындалған тұқымның бағасы, және де салық және сақтандыру төлемі бойынша шығындар өндірілді.
Қожалықтың басшысы сот шешіміне келтірілген шығынның мөлшерін дұрыс анықтамағандығы туралы облыстық сотқа шағымданды және контордан 1850000 теңге өндіріп беруін және нарықтық баға бойынша алынбаған егістік құнын, сонымен қатар ауылшаруашылық өндірістің шығынының құқығын өтеп беруін сұраған.
Істі шешіңіз.
Келтірілген зиян қалай өтеледі? Қандай тәртіпте?
Жер пайдаланушыға келтірілген зиян мен ауылшаруашылық өндірісінің шығыны екеуінің айырмашылығы неде?
45-НҰСҚА
133-есеп.“Победа” кооперативі аудандық әкімшілік басшысына өз жарғысын бекітуді ұсынған. Жарғыда кооператив мүшесі отбасы өз меншігіне төмендегілерді иелене алады деп көрсетілген: сиырды 1 жасқа дейінгі төлімен; мүйізді ірі малдың 2 жасқа дейінгі төлінің біреуін; қой, ешкі, тауық, қоян, ара-20-ға дейін; 0,20 га жерді.
“Победа” кооперативінің жарғысы тіркелінуі мүмкін бе?
ҚР территориясына азаматтар шаруашылығында мал жеке қосалқы шаруашылығы нормасы кіммен бекітіледі?
Ауылшаруашылық кооперативінің жарғысы кіммен бекітіледі? Кооператив мүлкінің құқықтық режимі мен азаматтардың жеке қосалқы шаруашылығының мүлкін сипаттаңыздар?
134-есеп. “Звезда” кооперативінің М., деген жүргізушісі сүттік-товарлы фермасына жем-шөптің құнарлығын жоғарлататын концентратты жеткізуі тиіс еді. Жолда автомашинасы сынып қалады. М., жөндеу жүргізіп жатқанда жаңбыр жауып, концентраттар бүлініп қалады. Кооператив басшылығы М.,-дан 2130 теңге ұстап қалады. Себебі, бүлінген концентраттар жем –шөпке керекті құнарлықты бере алмады, соның нәтижесінде сүттің маңызы төмендеді деп түсіндіреді. Азамат М.-дан алынбай қалған сүттің құны ұсталынады. Кооператив басшылағының шешімімен келіспей М. сотқа шағымданды.
Істі шешіңіз.
Ауылшаруашылық кооперативінің мүшелері мен оның жалданушы жұмыскерлерінің материалдық жауапкершілігінің болуының ерекшеліктері мен шарттарын атаңыз.
135-есеп. Қытай азаматы мүліктік кешен ретінде ет комбинаты қойылатын аукционның жүргізілетіндігі туралы біліп, қатысуға шешім қабылдайды. Мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорнын жекешелендіруде ҚР-ның заңдары бойынша оның қатысуға құқығы жоқ деген себеппен жекешелендіру Департаменті Қытай азаматының өтінішін қабылдамайды.
Дауды шешіңіз.
Ауылшаруашылық жекешелендіру қандай нормативтік актілермен реттеледі? Мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорынын жекешелендіруде ҚР-ның азаматтының басым құқығы қандай реттерде қамтамасыз етіледі?
Осы жағдайда жекешелендірудің объектісі мен субъектілерін атап көрсетіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |