НұСҚаулары -нұСҚА есеп. Қостанай облысының әкiмi Ресейлік "мск" фирмасына сол облысқа қарайтын Ы. Алтынсарыұлы ауданының жеріне қарайтын, қазiр пайдаланылмай жатқан "



бет39/44
Дата13.08.2023
өлшемі335 Kb.
#476058
түріНұсқаулар
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
ЕСЕПТЕР 150 ПР

128-есеп. Жол жөндеу кәсіпорнына Қаскелен қаласынан солтүстік жол торабынан ҚР-ның Үкіметінің қаулысымен “Ленинский” кооперативтің 65 гектар жерін тұрақты пайдалануға бекітілді және онда 60 метр жол жиегін орнату және көғалдандыру жүктелді.
Құрылыс ауылшаруашылығы кооперативінің жерге қажетті жағдайды жасаусыз және сақтаусыз жүзеге асырылды. Жол жиегі бөгеттерін жасау жобада көрсетілген өндірістік шағыл тастан емес жол жиегіндегі суармалы жерлердің топырағын қопару арқылы жасалған. Осыған орай кооперативтің 15 гектар жері бүлінді. Кооператив басшылығы аудандық әкімшілік басшысына шағымданды.

  • Істі шешіңіз.

  • Жоғары өнімді ауылшаруашылық жерлерін ерекше қорғау неден көрінеді?

  • Жер дауларын шешу тәртібіне сипаттама беріңіз.


129-есеп. Қартайған зейнеткерлер, колхоздың бұрынғы мүшелері Ақбершиндер аулалық 0,35 га жер учаскесін пайдаланды. Күйеуінің қайтыс болғанынан кейін Ақбершина аулалық учаскені өңдеуге жағдайы келмеді. 1996 жылы ол өзінің аудан орталығында орналасқан үйінің жартысын трикотаж фабрикасының 4 жұмыскерлеріне жалға берді, олар ол үшін әрқайсысы ай сайын 1000 теңгеден төлеп және аулалық учаскесін өндеп өнімнің жартысын өздеріне қалдыруға келісілді.
1997 жылы колхоздың негізінде қайта құрылған кооператив басқармасы жерді пайдалануға тексеріс жүргізу барысында Ақбершинаның аулалық учаскесін 0,15 гектарға дейін қысқарту туралы шешім шығарды.
Бұндай шешімге келіспей, ол аудандық мәслихатқа шағыммен жолданды.

  • Істі шешіңіз.

  • Ауылшаруашылық кооперативінің жер пайдалану құқығын сипаттаңыз.

44-НҰСҚА


130-есеп. “Восток” кооперативінің басқармасы кооператив мүшесі Ч.-дан 40 мың теңге өндіріп беру туралы сотқа талап арыз қойды. Мамыр айында Ч.-ға мал азығы қызылшасы егілген жерді өндеуге және сол жердің өнімін жинауға жер учаскесін бекітіп берді.
Азамат Ч. жаз бойы себепсіз жұмысқа шықпады. Егілген учаскені арамшөп басып кетті. Осының нәтижесінде, басқаларға бекітіп берген учаскелерге қарағанда оның учаскесінде қызылша өнімі едәуір мөлшерде аз жиналды. Кооператив басқармасы азамат Ч-дан еңбек тәртібін бұзу нәтижесінде, өнімнің төмендеуіне кінәлі деп шығынды өндіруді талап етті.

  • Істі шешіңіз.

  • Ауылшаруашылық кооператив мүшелерінің толық материалдық жауапкершіліліктің пайда болудың негізін және ерекшеліктерін атаңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет