НұСҚаулары -нұСҚА есеп. Қостанай облысының әкiмi Ресейлік "мск" фирмасына сол облысқа қарайтын Ы. Алтынсарыұлы ауданының жеріне қарайтын, қазiр пайдаланылмай жатқан "



бет37/44
Дата13.08.2023
өлшемі335 Kb.
#476058
түріНұсқаулар
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   44
ЕСЕПТЕР 150 ПР

41-НҰСҚА


121-есеп. Алматы тоқыма комбинатының қосалқы шаруашылығы аудандық әкімшілік басшысына шаруашылығын кеңейту үшін 20 га жер беруін сұрады. Аудандық әкімшілік басшысы қосалқы шаруашылықтың өтінішін қанағаттандырып, оған “Алға” кооперативінің жер пайдалануынан 20 га жер беруді шешті.

  • Аудандық әкімшілік басшысының шешімі дұрыс па?

  • Ауылшаруашылық жер пайдаланушыларға жер беру тәртібі қандай?

  • Ауылшаруашылық жер пайдаланушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды сипаттаңыз.



122-есеп.“Восход” ауылшаруашылық кооперативінің Е., жұмысшысы бұзауларды суға жайып жинай алмады. Ешкімді бұл жөнінде ескертпестен, ол үйіне кетіп ертесіне ғана бұл жөнінде бригадаға айтты. Бұл уақытқа дейін бұзаулар өліп қалған. Аудандық сот жауапкердің материалдық жағдайын ескеріп талап арызды жартылай қанағаттандырылды.
Облыстық сот президиумы бұл шешімнің күшін тоқтатып, істі жаңадан қараған кезде совхоз басшысы мен зоотехникті су жайылымын дұрыс жабдықтамағаны үшін тартты. Сот Е. Азаматтан –44000 теңге, басшыдан –22000 теңге, зоотехниктен-11500 теңге өндіруді шешті. Совхоз директоры және зоотехник бұл шешімге өздерінің бұзаулардың өлуі туралы хабарсыз болғандығын және оған кінәлі еместігін көрсете келе шағымданды.

  • Істі шешіңіз.

  • Ауылшаруашылық жұмысшыларының мүліктік жауапкершілігінің басталуын сипаттаңыз.



123-есеп. “Достық” ауылшаруашылық кооперативі 1996 жылы қантар айында құрылды. Оның құрамына 20 адам кірді. 1999 жылының басында кооперативте 100 бас ірі қара, 50 жылқы, 300 қой, ауылшаруашылық техникасы және де 100 га жер болды. 1999 жылы қараша айында “Достық” кооперативінің төрағасы жергілікті салық инспекциясына шақырылып, онда оған кооперативке 7000 теңге мөлшерде жер салынған, 50000 теңге мүлікке салық, үй жануарларына салық әр сиыр басына- 500 теңге, әр жылқы басына- 700 теңге, ал қойға- 200 теңге мөлшерде және де ауылшаруашылық техникасына салық төлеуі тиіс екендігі түсіндірілді.

  • Кооператив төрағасына дұрыс бұл жағдай түсіндірілді ме?

  • Бұл құқық қатынас қандай нормативтік актімен реттеледі?

  • Ауылшаруашылық товар өндірушілері үшін салық жеңілдіктері көзделе ме?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет